«Зимний фестиваль знаний 2025»

Критериалды бағалау – табысты оқытудың кепілі

  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу;

Әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдастыру;

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Коучинг тақырыбы

Критериалды бағалау табысты оқытудың кепілі

Жалпы мақсаты

  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу;

  • Әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру  мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдастыру;

Оқу нәтижесі

  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді;

  • Әріптестер бағалаудың түрлерімен танысады;

  • Критериалды бағалаудың жүйелерімен таныса отырып, дәстүрлі бағалаудан артықшылықтарын көреді.

Негізгі идеялар

  • Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын  арттыру;

  • Сұрақтарға жауап іздеу, маңызды жауап беру, сыни тұрғыдан ойлану, жауаптарды дәлелдеу, топтық тапсырмалар, қорғау т,б.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Стикерлер, плакаттар ,бейне жазбалар, компьютер, проектор, мәтін үлгілері, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 форматтағы ақ қағаздар, кері байланыс парағы

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский



Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар


1. Жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету.

/2 – мин/

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті. «Мендегі жаңалық....» коучингке қатысушы мұғалімдерді шеңберге тұрғызып, бір-бірімен әлеуметтік байланысын жақсарту, жаңалықтарымен бөлісу арқылы ортаға тартылуын қамтамасыз ету.



Коучингке келген әріптестеріміз шеңберге тұрғып, шеңберде тұрып, яғни «Мендегі жаңалық....» өздеріндегі жақсы жаңалықтарымен бөліседі. Мақсаты мұғалімдердің бір-бірімен әлеуметтік байланысын жақсарту, жаңалықтарымен бөлісу арқылы ортаға тартылуын қамтамасыз ету.









Үлестірме материалдар

Мұғалімге арналған нұсқаулық


2. Топқа бөлу

/2 – мин/


Әріптестерді «Капитан» ойыны арқылы топқа бөлу



Әріптестер «Капитан» ойынында өздеріне берілген тапсырмалар арқылы төрт топқа бөлінеді.

«Еден жуамыз» Екі жұп;

«Құтқару шеңбері боламыз» Үш адам бірігу керек

«Тамақтанамыз» Төр адам боламыз

«Қайық боламыз» Алты адам боламыз



Топтық жұмыс

«Нақ сұрақ – дәл жауап»



/топта талқылауға – 3/5 мин/






/Қорғауға – 3 мин/

І тапсырма:

Топтарға қазіргі таңдағы толғандырып ойда жүрген сұрақтар беріледі. Топта берілген сұрақ бойынша ой бөлісіп, талқыланады.


І топ

Дәстүрлі сабақтағы бағалау мен жаңартылған білім беру бағдарламасындағы бағалаудың айырмашылықтары неде? SWOT талдау

ІІ топ

Қалыптастырушы бағалау

Жиынтық бағалау 6 W әдісі


ІІІ топ

Критерийлер дегеніміз не? Дескриптор дегеніміз не? Фишбоун әдісі


ІV топ

«Бүгінгі оқушы үшін қандай дағдылар өзекті?» Тұжырымдамалық карта жасау




Әр топ қойылған сұрақтарға, өздеріне берілген әдістер бойынша топта талқылап, қорғау жұмыстары жүргізіледі.

. Әр топтың лидері шығып қорғайды.



Бағалау” дегеніміз не? Қандай бағалау түрлерін білесің? Дәстүрлі сабақтағы бағалау мен жаңартылған білім беру бағдарламасындағы бағалаудың айырмашылықтары неде?














« Ине мен жіп »

/10 - мин/



Талқылауға

/ 5 - мин/



ІІ тапсырма:


Дүнетану

Ортақ тақырып: «Салт-дәстүр және әдебиет»

І және ІІ топ қалыптастырушы бағалау

ІІІ және IV топтар жиынтық бағалау

Тапсырма: берілген тақырыптарға критерийлер, дескриптор, жетістік деңгейі.


Қойылатын сұрақтар:

Екі бағалаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?












Әдеби оқулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық


/ 5 - мин/


ІІІ тапсырма:


Бұл тапсырмада әр топқа ән айту тапсырылады. Конфертке төмендегі өлең тақырыптары жазылады.

 «Дос» туралы

«Той» туралы

«Махаббат» туралы

«Табиғат» туралы

Айтылған өлеңдерді өзара топтар бағалау жасайды.



Берілген конферттегі тақырып бойынша өлең айтылады.

Критерийлер бойынша топтар өзара бағалау жүргізеді.






Мұғалімге арналған нұсқаулық



Кері байланыс

«Плюс-минус- қызықты»


(3 мин )

«Плюс-минус- қызықты»

+ ______________________________________________

(коучинг барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды)

- ______________________________________________

(не түсініксіз, қызықсыз болып көрінді)

C ______________________________________________

(бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер )


Коучингке келген әріптестеріміз рефлексияларын жазып, әр топ көшбасшылар коучинг бойынша өз ойларын айтып өтеді.

Коучинг өткізуші коучтің іс-әрекеті туралы әріптестер бағалайды.

Стикерге өз ойларын жазады





Мұғалімге арналған нұсқаулық


Коуч: І (озық) деңгейлі сертификатталған физика пәнінің мұғалімі Жакипова Айнур Азимхановна


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее