«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қош бол, құтты Әліппе!

1-сыныптардың әріп танытқан оқулықтарымен қоштасу кешінің сценариі.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки


Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе!


Мақсаты: 1. Сауат ашу пәнінен алған білімдерін қорытындылау.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Оқу-білімге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, нақыл сөздер

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.

Міне, бүгін сіздер осы әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

(Әліппе жүгіріп ортаға шығады)

Әліппе: Достарым, достарым, қайдасыңдар?

(Достары жүгіріп шығады)

Әліппе: Бүгін мектепте мереке, мереке.

Тапқышбек: Қандай мереке?

Әліппе: Кешегі 1-сыныпқа келген оқушылар міне, бүгін Әліппемен, яғни менімен қоштасады. Соған мен сендерді шақырамын.

(Бәрі бірдей: Барайық! Барайық!)

Жалқаубек: Мен бармаймын. (Бәрі кетіп қалады)

Жалқаубек: Жоқ, барайын, көрейін, олар не біледі дейсің?

Мұғалім: Ортаға 1 «Ә»-сынып оқушыларын шақырайық (музыкамен оқушылар кіреді)

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана,

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.


Тапқышбек: Өтті-ау оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппеміз қоштаспақ.

Әріптерді таныған,

Өңкей білгіш балдырған,

Құтты болсын тойларың!


Жүргізуші: Бала деген, шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі мен жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Ән:

(Әліппе туралы тақпақтары)

1-оқушы: Әліппем менің Әліппем,

Нурперзент Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


2-оқушы: Әліппе деген – алтын жол,

Айлана Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.


3-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,

Нуржас Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


4-оқушы: Оқуды көп ойладық,

Аида Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат ашып тойладық.


5-оқушы: Енді біз жаза білеміз,

Нурасыл Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе!


6-оқушы: Үйретті бізді Әліппе,

Жансая 42 дербес әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болды дәріпке.


7-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты

Ербол Жаңадан пәндер жалғасты.

«Әліппе» сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы!


8-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Алтынай Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ сыр боп қалар еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.


9-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз.

Ақниет Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз!


Ән: «Әліппе, әліппе»


10-оқушы: Жақсы білім көрімдік,

Абылайхан Болсын бізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Кәне ортаға салайық.


Әліппе: Балалар, сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер?

Хор: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Енді кітапты өзіміз оқи аламыз. Ыбырай, Абай аталарымызбен таныстық.

Әліппе: Ы.Алтынсарин кім?

11-оқушы: Ербол: Ы.Алтынсарин – тұңғыш қазақ ағартушысы. Ол алғаш Әліппені жазған. Біз Ыбырай атамыздың «Бір уыс мақта» әңгімесі мен «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқыдық.


Мұғалім: Ендеше балалар сол «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қойып берсек қайтеді?

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)

Мақта қыз – Нұрай
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Автор: Сол кезде мысық келіп мақта қызға
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Автор: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Диас:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Автор: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаштар – Бақберген, Нұржас:
Биз жасыл ағашпыз,
Күтсеңдер гүл ашамыз,
Жолыңа нұр шашамыз,
Жапырағымыз азық,
Бұтағымыз қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Автор: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Автор: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Наргиза:

Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Автор: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.


Тауық - Ақниет:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа берем,
Жиі бидай жесем - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Автор: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Арнұр
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: «Еркем-ай»әніне салып айтып береді.

Менің атым мысық-ай,
Екі көзім қысық-ай.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп-ай.
Автор: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Автор: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.


Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, оқу не үшін керек?

Балалар: Білімді болу үшін.

Жүргізуші: Алфавит дегеніміз не?

Балалар: Әріптер қатары.

(Алфавиттегі әріптер туралы тақпақтар айтылады.)

Жаннур А – Әліппе менен басталып,

Болған соң өзім бас әріп.

Мереке, дулы жиынды

Жүремін әр кез басқарып.


Наргиза Ә - Бас әріпке інімін,

Дауыстының бірімін.

Ә дегенің - Әліппе,

Бастауы бар білімнің.


Арнұр Б – Басындамын, бал десең,

Бар боламын, бар десең.

Б әрине, басында

Тұрар бестік бағаның.


Диас Ғ – Ғанибет, ғибрат жанымда,

Ғылым да менде, ғалым да.

Керегіңді алып қал,

Ғажайып мынау шағында.


Сабина Д – Дария- дарқан, даламын,

Дарамын да данамын.

Добы да боп кетемін,

Ойынқұмар баланың.


Бақберген И – Инабат пен ибада,

Ол тұрады алдында.

Күллі адамзат сыйлаған,

Имандылық бар мұнда.


Диляра Й – Апаға қоссаң, апаймын,

Атаға қоссаң, атаймын.

Дауыстыдан кейін кеп,

Шолақ «Й» боп атандым.


М – Мен, мен деген, мен деген,

Мейірімі мол деген.

Мұрасы мол әріппін,

Малмен берер елге дем.


Н – Нардың нары – үлегі,

Нарын құмда жүреді.

Нартәуекел! – деп атам,

Нарүлекке мінеді.

Мені білген әрқашан,

Нан қадірін біледі.


Ң – Кем көре ме өзгеден,

Басталмайды сөз менен.

Ортадамын шаңғыда,

Мен шығарам шаңды да.

Соңына кеп тұра қап,

Аттырамын таңды да.


О – Отбасы, ол – Отаның,

Ошағыңмен опа көр.

Ой – отымен атаның,

Көгеріп – көктеп жатады ел.


Нурдаулет С – Сәуле болып жарық күн,

Суға да мен қарықпын.

Сөз саптайтын серке боп,

Тай тұяқтай әріппін.


Ән: «Мұғалім – ол біздің»


Әліппе: Сөз мәйегі мақал ғой, мақалдатпаймыз ба?

Нурасыл: Ж – Жігіт сегіз қырлы бір сырлы болсын.


Айлана Т – Тәртіпті бала – сүйініш,

Төбең көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала – күйініш,

Төмендеп басың кетеді.


Бақберген: Ө - Өнер алды – қызыл тіл.

Аида: К – Көз қорқақ, қол батыр.


Би: «Комбой» Жансая мен Ақниет

Әліппе: Жасырынған жұмбақтар қайда жүр?


Мұғалім: Қадірлі Әліппе! Мен жұмбақ айтайын, шешуін қонақтар тапсын.


Әліппе: Олай болса, қонақтар, ойланып дайындалып отырыңыздар.

М: - Судан шығады, судан қорқады.

  • Ертеңгісін алдында, түсте өзіңмен, кешке соңыңнан ереді.

  • Бір із, бір іздің соңы мың із.

  • Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау.

  • Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.

Әліппе: Өте жақсы, ендігі кезекті жаңылтпаштарға берейік. (Балалар кезекпен жаңылтпаштарын айтып шығады)

Мұғалім: Рахмет балалар!

Әліппе: Тамаша, енді өнерімізді көрсетейік

Ән: «Ақ сиса» Нұрсұлтан

Ербол: Сайқымазақ: Мен, Сайқымазақ, Математика – ғылым патшасынан келіп отырмын. Оқушылар Әліппені ғана емес Математиканы да жақсы меңгеріп отыр. Сабақ барысында қандай

тапсырма берсем де, барлығын орындайды.


Математика: Сәлемет пе достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың.

  • Үш көзді кім біледі?

Нурперзент Оқушы: Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы – құлақ.


  • Үш дананы кім айтады?

Алтынай: Оқушы: Абай. Шоқан. Ыбырай


  • Төрт тұлғаны ше?

Абылайхан Оқушы: От. Су. Жел. Жер.


- Бес қаруды кім айтады?

Жаннур: Оқушы: Садақ. Мылтық. Найза. Қылыш. Айбалта.


  • Жеті атаны кім біледі?

Сабина: Оқушы: Бала. Әке. Ата. Арғы ата. Баба. Түп ата. Тек ата.

Би: ДМЦ «.......» биі

Жүргізуші: Біз өнерсіз баламыз ба?

Көрсін аға-апалар.

Көрсін әке-аналар,

Риза болсын аталар, - дей келе, ағылшын ертегісінен бір көрініс тамашалаңыздар.


Көрініс: ағылшынша «теремок»

/Әліппе достарымен шығады/

Тапқышбек: Әліппе, сенімен қоштасатын уақыт та жетті. Әліппе, балалар, саған жыр арнайды.

Бәрі: Сүйікті менің Әліппем,

Өзіңмен қимай қоштасам.

Ән: «Ертегілер» Нұрай

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.


Оқушы: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


Ана тілі: Жаңа заман балалары, бақытты елде бақыттысыңдар ғой! Әрқашан оқуда озат, үлгілі де ілтипатта болыңдар, шырақтарым.


Бәрі: Құрметті Ана тілі, біз сізді қадір тұтамыз, құрметтейміз!


Жалқаубек: Тапқышбек, мен бүгінгі мерекеге келгеніме қуаныштымын, мен де осы балалар сияқты білім аламын, өнерлі боламын.


Әліппенің достары бірге:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!


Ән: «Әріптерді оқу»


Жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әуелеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңына,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отыра, енді мектебіміздің директор жанындағы оқу ісінің орынбасарына құттықтау сөзі беріледі.

Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Міне, осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее