«Зимний фестиваль знаний 2025»

Конспект воспитательному часу на тем "Әкем мен шешемнен, үлгі алып өсем мен !"

: Оқушыларға А.Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.

Өз халқының салт – дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Әкем мен шешемнен , үлгі алып өсем мен !


Мақсаты : Оқушыларға А.Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.

Өз халқының салт – дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, Абай Құнанбаевтың суреті

Кіріспе

Мұғалім : «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген ұлы ғұлама әл – Фараби.

Олай болса, білім бере отырып елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін отыз баланың артында, алпыс ата – ана бар екенін ұмытпауымыз керек.


1 - кезең. Балам - менің болашағым.

  1. Ата ана деген кім ?

* Балалар жауабы :

Асқар тау мен пана

қамқоршымыз



Ата ана







Өмірдің мәні



Көмекшіміз



Сүйенішіміз






Ертеде бір адам ғұламаға келіп :

  • Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс ? – деп сұрапты .

Ғұлама :

  • Балаңыз қаншада ? – деп өзіне сұрақ қояды .

  • Бес – ақ ай толды, - дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:

  • Бес айға кешіккен екенсіз, - деген екен. “Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.

Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата – ана.

2. Сұрақ – жауап.


1 .Отбасының қорғаны кім?
2 .Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
3 .Отбасыңызда ұлттық салт – дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
5 .Балаңызға кімді үлгі тұтасыз ?
6 .Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?


Ата – аналардың пікірі тыңдалды .

2 – кезең. Аталар сөзі - тәрбие көзі


  • Ата сәлеметсіз бе? Айтыңызшы жақсы деген немене?

  • Амансың ба, балам? Жақсы дегеніміз мыналар:

  • Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өмірде осы бес істі орындаған, өзінің қажетіне асырған адам – жақсы адам, балам. Жақсы дегеніміз осы.


  • Ассалаумағалейкум, ата !

  • Айтыңызшы , жаман дегеніміз не?

  • Өсек, өтірік, мақтаншақ, бес дұшпаның білсеңіз. Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның, балам.

Қане енді оқушылардан сұрап көрейікші. Абай атасының өсиеттерін білер ме екен? Жақсы дегеніміз не, балаларым?

Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен . Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз . Жақсы бала осы қасиететтерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек?

Білер қазақ баласы :

Сәлем –сөздің анасы .

Алдымыздан кезіккен ,

Көп танысты көреміз .

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

  • Сәлеметсіз бе , ағай ! – деп ,

  • Сәлеметсіз бе , апай ! – деп ,

  • Есенсіз бе , әжей ! – деп ,

  • Амансыз ба , атай ! – деп

Ұл – қыз сәлем береміз ,

Өнегелі ұланбыз .

Тазалық пен ұқыптылық .

Ата – анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек. Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет.

Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуінсіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн. «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.

Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ ішу – тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті. Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама.Тағамды, табақты езгілеп, берекесін алма.

Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс. «Ас үстінде жалқаумын, саңырау да, мылқаумын» деген мәтел сөз бар .

Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек. Нан турасып, ыдыс – аяқ қойысуға көмектесуге болады. Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды.

«Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен»

Мұғалім:Балалар жүр көшеде

Естіледі шу – айқай.

Ербол шықты елеңдеп,

Қағып кетті көршіні

Қапылыста байқамай .

Мұндайда не деу керек ?

Оқушылар : «Кешіріңіз» деу керек .

(Мұғалім мен Ербол оқушы .)

Мұғалім : Ерте тұрып, мектепке

Ербол келді сабаққа .

Қарсы алдынан кезігер

Ұстазы оның әр уақытта.

Ұмытты Ербол бұл кезде

Ұстазына не дейді?

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу керек.

Мұғалім : (Ауыр сумка арқалап әже өтіп келе жатады .)

Ауыр сумка көтеріп,

Белі кеткен иіліп,

Келе жатты қарт ана.

Ербол қарсы кезікті,

Өте шықты жанынан.

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар : «Көмектесейін» деу керек.

Мұғалім: (Апасы базардан келе жатыр,, Ербол қуанып алдынан шықты )

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар: «Рахмет»деу керек.

Мұғалім: Сыйлап үлкен адамды, сәлем берген баланы «Кім дейміз?»

Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім : Кітап дәптер қаламы

Кір шалмаған баланы

«Кім дейміз?»

Оқушылар: Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім: Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

«Кім дейміз?»

Оқушылар :Үлгілі екен бұл дейміз .

Мұғалім :Бұғынбай қорғалап ,

Болсын үлкенге қолғанат ,

«Кім дейміз?»

Оқушылар: Еңбексүйгішбұл дейміз.

Мұғалім: Өтірік сөз айтпаса ,

Уәдесінен қайтпаса

«Кім дейміз?

3 –кезең . «Ескірмейтін есті сөз»

  1. Бас киімді лақтырма.

  2. Таңдайыңды қақпа.

  3. Малды теппе.

  4. Отпен ойнама.

  5. Бос бесікті тербетпе.


6. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.

Әдепті әдепсізден үйрен

Әдепсізге қарап не істемеуді үйрен .


Мейірімділікті анадан үйрен, Сәлем беру де парыз, Сәлем алу да парыз.

Әдептілікті данадан үйрен .


Аға әдепті болса, іні әдепті, Әдепті елдің баласы

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті . Алыстан сәлем береді.


Ата –аналар мақал – мәтелдердің жалғасын табады .


Мұғалім: -Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке, шеше жоқ».

Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата – анаға да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее