| Ұзақ мерзімді жос-пар бөлімі: «Мектеп өмірі» | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |
| Күні: Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
| Сабақ тақырыбы: | Сүйікті жазушы. | |
| Оқу мақсаты | 5.3.5.1 (О5) -қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу. 5.4.5.1 (Ж5) – жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану | |
| Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. | |
| Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде сүйікті жазушысы жайлы ақпараттар бе- реді, оларды таныстыра алады. | |
| Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сүйікті жазушысын сипаттайды. | ||
| Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен қазақша сүйікті жазушылары жайлы тілдеседі, шағын мәтін құрайды. | ||
| Жаңа сөздер: | Сүйікті, дүниеге келу, Жазушылар одағы, қызмет атқару. | |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмі, жазушы Б.Соқпақбаевтың суреті, А4 парағы, желімқағаздар. | |
| Оқыту әдістері: | Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диаграмма, диалог, «Жылдам жина!» ойыны, «Буриме» тәсілі, жұптық, топтық жұмыс, «Жеке әңгіме» техникасы . | |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. | |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді. | Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады. |
| Өткен сабақты тек- серу | Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ-тарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарымен таныстырады, жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы жайлы айтады. Балаларға ой шақыру сұрақтарын қояды: - Балалар, Б.Соқпақбаев туралы не білесіңдер? Оның қандай шығармаларын оқыдыңдар? | Сабаққа қатысты слайдтармен таны- сады, сұрақтарға жауап береді. |
| ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,қайта-лайды.Айтылым.Дұрыс ай-тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
| 2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Суретке қарайды, оқиды. | |
| Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Суреттерді пайдаланып жауап береді. | |
| Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 3, 4-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Қосымшаларды жазады, диаграмманы толтырады. | |
| 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды. | |
| Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді. | |
| Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады. | Айтылым.Сөздерді мағына-сына қарай сәйкестендіреді. | |
| 4. Сергіту сәті. «Жылдам жина!» ойынын ұйымдастырады. Ойынның шарты бойынша оқушыларды топқа бөледі, әр топқа «Менің атым — Қожа» көркем суретті фильмінен үзінділер бейнеленген суреттердің бөліктерін үлестіреді. | Ойынның шарты бойынша оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім үлестірген сурет бөліктерін құрастырады, сипаттайды.Сурет бөлік терін жылдам әрі тез құра-ған, дұрыс сипаттаған топ жеңімпаз атанады. | |
| 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 8, 10-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады, сөйлем құрайды. | |
| ІІІ. Ой толғаныс | Мұғалім оқушылардың тақырып туралы алған ақпаратын кеңейту мақсатында «Буриме» тәсілін пайдаланады. Тақтаға өзара ұйқасқан бірнеше сөз жазады. Мысалы, баламын, аламын, боламын, толамын | Әр қатардағы оқушылар бірігіп, сол сөйлемдерден тақырыпқа қатысты өлең құрайды. Қай қатар тез өлең құраса, сол жеңіске жетеді. Мысалы:Өнерсүйгіш баламын, Ағалардан үлгі аламын, Білім алып жетіліп, Жазушы бала боламын... |
| IV. Бекіту | Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Диалог құрады. |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. | «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. |
| VI. Үйге тапсырма | «Менің сүйікті жазушым» тақырыбына шағын мәтін құрау. | |
| VII. Рефлексия | Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі. | Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желім қағаздарды жапсырады. |


