«Зимний фестиваль знаний 2025»

Конспект урока на нвп

Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметшілердің орналастыруы

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

__________

__ __________ 20 ж.

вариативтік

1 I-Тарау: ҚР-ы ҚК-ң жалпы әскери жарғылары


  1. Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметшілердің орналастыруы


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери қалашықтың орналастырылуымен, казармадағы үй-жайлардың тағайындалумен және қаруды сақтауға қойылатын талаптармен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.


  1. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, қару-жарақ сақтау бөлмесі.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә)Негізгі бөлім – 35 мин.

Ротаны орналастыру үшін қарастырылатын казарма үй-жайлары. Казармадағы үй-жайлардың тағайындалуы. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар.

б) Қорытынды бөлім – 7мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қалай орналастырылады?

  • Ротаны орналастыруға қандай үй-жайлар бөлінеді?

  • Әскери қызметшілер жатын бөлмеде қалай орналастырылады?

  • Бөлімшелерде қаруды сақтауға қандай талаптар қойылады?


ӘЖ. Т. 1. Әскери қызметшілердің орналастырылуы.


Әскери бөлімдер әскери қалашықта орналастырылады.

Әскери қалашық деп бір жер аумағында әскери бөлімдер, сондай-ақ ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметшілері белгілі бір мақсатта орналастырылған үйлер мен ғимараттардың кешені. Әскери қалашықтар ашық және жабық болып бөлінеді.

Жабық әскери қалашықтарға өткізу жүйесі белгіленген әскери қалашықтар жатады.

Әскери қызметшілерді орналастыру үшін мынадай үй-жайлар көзделінуі тиіс: жатын үй-жайы; ақпарат-тәрбие жұмысы бөлмесі; демалыс бөлмесі; кеңсе; қару сақтауға арналған бөлме (орын); спорт дәстүріне арналған бөлме (орын); тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі; ротаның мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналаған қойма; темекі шегуге және аяқ-киім тазалауға арналған бөлме (орын); киім-кешектер мен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме (орын); жуынуға арналған бөлме; су бүрікпесі және әжетхана.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілер: отбасыларымен - әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқарыда, ал отбасы жоқтары - әскери бөлімдегі жатақханада немесе казармалардың бөлек бөлмелерінде, сондай-ақ бөлімнен тысқары жерлерде пәтерлерде орналастырылады.

Әйел әскери қызметшілер үшін бөлек жатақханалар; дәрістерге әзірлену, кеңестер мен бос уақыт, су бүрікпесі мен әжетханаға арналған бөлмелер, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету мен жуынуға арналған бөлмелер жабдықталады.

Әскери-оқу орындарының 1 және 11-курстарының курсанттары әскери қызметшілер үшін белгіленген тәртіппен казармаларда орналастырылады.

Одан жоғары курстардың курсанттары мен офицерлік атақтары жоқ тыңдаушылар жатақханаларда орналастырылады, отбасы барларына отбасы жатақханалары беріледі. Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші курсанттар мен әскери қызметшілер оқудың бірінші жылынан бастап казармада орналасудан босатылады.

Әскери-оқу орындарының офицер қатарындағы тыңдаушылары тұрғын үй алаңымен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілердің жатын үй-жайларына орналастыру ауа көлемі бір адамға 12 текше метрден кем емес есеппен жүргізіледі.

Жатын үй-жайларында керуеттер тиісті штаттық-лауазымдық тізімге сәйкес реттілікте қойылады және олардың әрқайсысының маңында немесе екеуін қосқанда керуеттердің жанында тумбочкаларға орын қалатындай етіп орналастырылады; керуеттерді сыртқы қабырғадан 50см жақын қоймау керек. Керуеттер біртекті болуы тиіс.

Жатын үй-жайларында керуеттердің орналастырылуы бір немесе екі қабатты болуы мүмкін.

Әйел әскери қызметшілер жатын үй-жайларында бір қабатқа қойылған керуеттерге орналастырылады.

Жасаған ерліктері үшін ротаның тізіміне немесе құрметті сарбаз деп тірекелген әскери қызметшілер үшін жатын үй-жайларында көрнекті жерде керует өойылады, ол үнемі үлгілі күйде ұсталады. Керуеттің жоғарғы жағына жақтауда батырдың суреті мен оның ерлігінің сипаттамасы ілініп қойылады.

Керуеттің жанындағы тумбочкада жуыну және қырыну жарақтары, бет орамалдар, жағалықтар, киім мен аяқ киімді тазалауға арналған керек-жарақтар, жеке пайдаланудың басқа да ұсақ-түйек заттары, сондай-ақ кітаптар, жарғылар, сурет-альбомдар, дәптерлер мен басқа да жазуға керек жарақтар сақталады.

Казармада орналасқан әскери қызметшілердің төсек-орны одеялдан, ақжаймадан, тысқаптары бар жастықтардан, матрацтардан, матрац қаптан және керуеттің жанындағы кілемшелерден тұрады. Төсек-орын біртекті жиналуы және күні бойы реттілікте ұсталуы тиіс. Төсекке киіммен және аяқ-киіммен жатуға тиым салынады.

Шинельдер, далалық жылытылған курткалар мен шалбарлар, бас киімдер, жинақталған зат қапшықтары казарманың үй-жайларында орнатылған арнаулы шкафтарда сақталады, ал болат дулығалар, жеке қорғаныш құралдары, газ қорғанысынан басқа, - стеллаждарда; салтанаттық киім-кешектер, спорт нысаны және жұмыс киімі – ротаның мүлкі мен әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қоймалардың шкафтарында сақталады. Арнаулы киім жатын үй-жайларынан тысқарыда, шкафтарда сақталады. Тиісті жағдайлар боған кезде киім кешектер, спорт нысаны мен әскери қызметшілердің жеке заттары жеке шкафтарда сақталынуы мүмкін.

Киім – кешектің барлық түрін сақтауға арналған орындар әскери қызметшілерге бекітіліп беріледі және әскери қызметшінің әскери атағын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып белгіленеді. Әскери қызметшілердің барлық заттарына оның әскери билетінің нөмірі қойылады.

Киім – кешектер мен белдік ұйқыға жатар алдында табуреткаға, аяқ-киім керуеттің аяқ жағына қойылады.

Ату қаруы мен оқ-дәрілер, оқу-жаттығу жарағы бөлімшелерде тәуліктік наряд адамдарының үнемі күзетінде болатын темір торлы терезелері бар бөлмеде сақталынады. Бөлменің есігі әскери бөлім бойынша кезекшіге шығарылатын дыбыстық дабылдамамен жабдықталуы, қарау терезесімен және үй-жайдың ішіне қарай ашылатын болуы тиіс. Бөлмеге қараңғылық түскеннен таң атқанға дейін жарық толық берілуге тиіс.

Бөлімшелерде 15-20адамға бір шүмек есебінен су бүрікпесі жабдықталады, қол жуғыштар 5-7 адамға 1 шүмек және ақпа сумен кемінде 2 аяқ ваннасы орнатылады, сондай-ақ әскери қызметшілердің киім-кешектерін жууға арналған орын жабдықталады.

Шеберханаларда, парктерде, наубайханаларда, нан зауыттарында және асханаларда бұдан басқа жылы су бүрікпесі жабдықталуы тиіс, ал қолжуғыштардың жанында сабын мен сүлгі болуға тиіс.

Жылытылатын үй-жайларда су құбыры болмаған кезде қолжуғыштар орнатылады, оларда су тәулік бойы болуға тиіс. Қолжуғыштарды таза сумен толтырардың алдында ондағы қалған су төгіледі. Қолжуғыштар тазартылады. Лас су шығарылып, осы үшін бөлінген орынға төгіледі.

Киім-кешек пен аяқ киімді тазалау үшін жеке, арнайы жабдықталған үй-жайлар немесе орындар бөлінеді. Аяқ киімді жатын үй жайларда тазалауға тиым салынады.

Шылым шегуге арнайы бөлінген және өрттен қорғану тұрғысында жабдықталған орындарда рұқсат етіледі.

Тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі киім-кешекті үтіктеуге арналған столдармен, әскери қызметшілердің әскери киім нысанын кию, киім мен аяқ киімді жөндеудің ережелері жазылған плакаттармен, айналармен жабдықталады және үтіктердің санын қажетті орындықтармен, сондай-ақ шаш алдыруға арналған аспаппен, киім-кешекті және аяқ киімді ағымдағы жөндеу өндірісі мен жөндеу материалдарымен қамтамасыз етіледі.

Әскери бөлімнің жанында жеке құрамның киім-кешегін шақтап тігуге және киім мен аяқ киімді жөндеуге арналған арнаулы шеберхана жабдықталады.

Әскери бөлімді толықтыруға келген жеке құрам әскери ант қабылдауға және бөлімшелер бойынша бөлуге дейін бөлек үй-жайда орналастырылады. Бұл кезеңде олармен тереңдетілген дәрігерлік тексеру жүргізіледі, егулер жасалады, белгіленген нормалар бойынша киім – кешек, аяқ киім беру және оларды шақтап тігу жүргізіледі; толықтырудың жеке құрамымен әскери қызметке шақырылғанға дейін алған әскери даярлығын жетілдіру жөнінде дәрістер жүргізіледі, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделеу, нысаналы тәрбие жұмысы ұйымдастырылады.

Әскери бөлім бойынша бұйрықпен толықтыруға келген жеке құрамнан бөлек бөлімше құрылады, бөлімшенің командирі, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындалады. Командирлер мен нұсқаушылар ретінде офицерлердің, сержанттар мен жауынгерлердің қажетті саны бөлінеді.

Келген толықтыруды әскери бөлімнің бөлімшелері бойынша бөлу әскери бөлім командирі бұйрығының негізінде олар әскери даярлықты жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды өткерген, Әскери антты қабылдаған, әрбір әскери қызметшінің іскерлік және моральдық қасиеттері зерделенген соң және оның денсаулығының жағдайы, кәсібі, оның ішінде әскери қызметке шақырылғанға дейін алған әскери есепке алынған мамандығы ескеріле отырып жүргізіледі.

Келген толықтырудың жеке заттары ретке келтіріледі, оралып-жиналады және әскери бөлімнің қоймасында сақталады немесе әскери бөлім тегін әскери сәлемдемемен аталған мекен-жайлар бойынша жөнелтеді.



















Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее