«Зимний фестиваль знаний 2025»

Халықаралық ұйымдар Геосаяси жағдай Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Білімділік мақсаты – Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік беру, алғашқы геосаяси теориялар туралы білімді жүйелеу, қазіргі заманғы геосаяси ағымдар мен тарихи-географиялық аймақтарға шолоу жасау.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы:. Халықаралық ұйымдар Геосаяси жағдай Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік беру, алғашқы геосаяси теориялар туралы білімді жүйелеу, қазіргі заманғы геосаяси ағымдар мен тарихи-географиялық аймақтарға шолоу жасау.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және бір-екі баладан ең үлкен мемлекеттерді картадан көрсеткізеді. Сосын халықаралық ұйымдар, олардың маңызы мен штаб пәтерлерін сұрайды.

Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер мен олардың астаналарын картадан көрсетеді.

Сосын мұғалімге халықаралық ұйымдар, олардың штаб пәтерлерін картадан көрсетеді, бір-екі бала халықаралық ұйымдарға сипаттама береді.

ІІІ

Ең алдымен саяси география дегеніміз не деген сұрақты қояды. Сосын ол ғылым ретінде 18 ғ соңында қалыптасып, оның ғылым ретінде негізін неміс ғалымы Фридрих Ратцель қалаған, оның осы саладағы негізгі тұжырымдамалары 1897ж жарияланған «Саяси география» атты еңбегінде жарық көрді. Сосын қазіргі саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамитынын айтады. Жалпы геосаясат пен саяси географияның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар деп тапсырманы береді.

Одан кейін мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, алғашқы геосаяси теориялар мен қазіргі заманғы геосаяси теориялар тақырыпшаларын бөліп береді.

Сосын мұғалім қазіргі әлемде бөлінетін географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарды атап, оларды картадан көрсетеді.

Ең алдымен оқушылар мүғалімнің сұрағына жауап береді, яғни, саяси география дегеніміз дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейтін географияның саласы дейді. Одан кейін геосаясатқа өз ойларынан анықтама береді де, жалпы геосаясат пен саяси географияның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Сосын оқушылар екі топқа бөлініп, алғашқы геосаяси теориялар мен қазіргі заманғы геосаяси теориялар тақырыпшаларын өз беттерімен меңгеріп, оқып талдайды, Сосын бір-біріне түсіндіріп, сұрақтар қоя арқылы білімдерін бекітеді.

Сосын 16 тарихи-географиялық аймақтарды дәптерге жазып, жаттайды және картадан көрсетеді.

ІV

Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Саяси география мен геосаясат нені зерттейді?

2. Алғашқы геосаяси тұжырымдардың негізгі бағыты қандай болды?

3. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар бойынша елдің геосаяси жағдайына қандай факторлар әсер етеді?

4. Дүние жүзінде қанша тарихи-географиялық аймақ бар? Оларды бір-бірінен ажыратуда қандай принциптер пайдаланылған?

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:

1. Тарихи-географиялық аймақтарды кескін картаға түсіріңдер.

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейді, ал геосаясат мемлекеттердің сыртық саясаты мен олардың бір-бірімене қарым-қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара байланыстар тұрғысынан зерттейді.

2. Аумағын ұлғайтуға, аумақтың біртұтыстылыққа, аумақ арқылы еркін қозғалуға ұмтылуға бағытталған.

3. Бұрынғы заманда физикалық-географиялық факторға көп көңіл бөлінеді, қазіргі кезеңде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді.

4. Дүние жүзі географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарға бөлінеді.

Және кескін картаға оқулық мәтіні мен атлас карталарына қарап, 16 тарихи-географиялық аймақтарды түсіреді.

V

Үй тапсырмасы:

1. §19 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға тарихи-географиялық аймақтарды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее