«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қазақ тіліндегі экстралингвистикалық факторлар

қазақ тілінің қоғамдық дамуындағы тілдік факторлардың әсері,соның ішінде баспасөздің алар орны ерекше екендігі.

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки


Қазақ тіліндегі экстралингвистикалық факторлар

«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп, Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай қай ұлттың тілі болмасын қоғамның дамуына байланысты өзгеріске ұшырайтыны сөзсіз, осы орайда тіл туралы зерттеліп жатқан ғылыми еңбектерде, мақалаларда жиі айтылып, қолданылып жүрген экстралингвистика терминіне тоқталсақ. Экстралингвистика (тілдік емес факторлар) тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды.Экстралингвистикалық фактор тілге қоғамның, қоғамда болып жатқан тарихи, саяси жағдайлардың тілге әсері қарастырылады. Коммуникация тек вербалды кезеңнен ғана тұрмайды. Оған дейінгі және одан кейінгі кезеңдер де бар. Мұның ішінде вербалды кезең ғана формалды тілдік кұрылымға жатса, ал коммуникацияға дейінгі және кейінгі кезеңдер тілдік емес кұрылымдар болып саналады. Тілдік қaтеліктерді aдaммен біргe қaрaстыру aрқылы oның пaйдa бoлуының бaсты себептерін, тілдік және тілдік eмeс фaкторлaрын aйқындaп, толықтай межелеуге мүмкіндік тудырады. Мысалы, сөзді дыбыстау адамның, сөйлеушінің тіл дыбыстaры ұлттық тілдің табиғи дыбысталуының негізгі арналарынан тарайтындықтан, сөйлеуші осы ұлттық тілдің табиғи болмысын бұзбайды, керісінше толық сақтай отырып, көркемдеп жеткізеді. Айтушы сөзді айтқанда орфоэпия заңдылығын сақтап сөйлемейді, дағдылы сөз сөйлеу қалпымен айтып жатады, осындай тұстарды анықтау арқылы кез келген қателіктің түрлері тілден тысқары факторлардан да болып жататын құбылыс екенін бағамдай аламыз.  Экстралингвистикалық факторлардың пайда болуына түрлі себептер әсер етеді. Оның бірі – бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуы. Себебі БАҚ тілдік ортаны қалыптастырады. Қазіргі таңда ақпараттар ағынында тасада қалып қоймау үшін әр адамның айналада болып жатқан оқиға, жаңалықтардан хабардар болуына БАҚ-тың әсері зор.Қазіргі саясат, экономика, техника салаларының қарқынды дамуына байланысты жаңа ұғым, сөздер мен сөз тіркестері БАҚ-та жиі қолданылып жүр. Баспасөз қазақ әдеби тілінің қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, оның нормалық жүйесінің, грамматикалық құрылымының, сөздік құрамының дамуына әсер етеді. Әрбір жаңа сөз бен жаңа қолданысқа жалпы тілдік сипат беретін, ол – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тағы сөздер белсенді, жиі қолданыла келе сөздік қорға енеді. Кейбір оқырмандар журналистердің жаңа сөз қолданыстарын бекітілген термин ретінде қабылдап, ал публицистикалық стильді әдеби тіл нормасы деп есептейді.Кейде қандай да бір сөз, сөз тіркесі, термин не сөйлемді бұлай қолдануға болмайды деген кезде, “газетте солай жазылған”, “теледидардан немесе радиодан осылай айтты” деген уәжді жиі естуге болады. Қарапайым тындаушы, оқырман мен көрермен газеттен, теледидардан, радиодан естіп, оқып білгенін сол күйінде, норма ретінде қабылдайтындықтан, ақпарат құралдарының тілдік норманы қалыптастыруда да атқаратын қызметі өте жауапты.Тілімізде көптеген тың сөздердің пайда болуы, олардың бірізге түсуі, әдеби тілге енуі, ақпарат құралдарынсыз іске асуы мүмкін емес. Дегенмен БАҚ-та әлі нормаға түспеген, кедір-бұдыр, қисынға келмейтін, стильдік кемшілігі көп қолданыстар көптеп кездеседі. Бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінде тақырыптан ауытқу, мәтін бөліктерінің дұрыс бөлінбеуі, жүйесіздік, бөлімдердің сәйкес болмауы, композициялық әдістерді сәтсіз қолдану, құрылымдық шектердің айқын еместігі тақырыптың сәтсіз таңдап алынуын экстралинвистикалық факторлардың көрінісіне мысал бола алады.Ә.Қарағұлов кірме сөздер мен терминді қабылдау барысында өз тіліміздің дыбысталуына сәйкестендіріліп жазу, айту яғни халықтық тәжірбиеге сүйену әдісін дұрыс деп бағалайды. Бірақ беталды бөсіп кетпей, малтығып қалмай,ана тіліміздің заңдылықтары берік сақталуын қатаң ескерту шарт екендігін ескертеді.Сондай кірме сөздердің қазіргі газет беттрінде тіліміздің дыбысталу ерекшеліктеріне ыңғайластырылып жазылып жүргендігін мысалмен былай келтіреді. Олар: минөт ,әңкет, гәзет, пошта, поштабай, зауыт, кәріс, Мәскеу, Ресей т.б. Бұл құптарлық жай. Сөйлеу артикульяциямызға,қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес ұтымды тәсілдердің бірі болып табылады.Бірақ бұған қарап кез-келген кірме сөздерді осы тәсілмен бұрмалай беріп айту да оң жемісін бере бермейтіндігін ескергеніміз жөн. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазіргі қолданыста адамдар арасында үнемдеу заңы да экстралинвистикалық факторға әсерін тигізді, мысалға тілдік элементтерді үнемдеп немесе ықшамдап қолдану заңы. Бұл заң бойынша тілдегі күрделі элементтер ықшамдалып, қолдануға ыңғайлы, пайдалануға жеңіл болады. Мысалы, аюдың ақ дәрісі (рапонтикум) аюдың дәрісі,аю дәрісі аюдәрі немесе ақдәрі; тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД; бара+мын барам т.б. Тіл меңгеруде шетелдік тіл үйренушінің диалогтық дискурс құрып, диалогтық сөйлесуге қатысуы сөз жағдаятына аса тәуелді болып келеді. Ал сөз жағдаяты күрделі экстралингвистикалық фактор болып табылады.Тіл –қоғаммен бірге дамып отыратын құбылыс. Заман өткен сайын оның фонетика, лексика, грамматика деп аталатын қабаттарының бәрі де өзгеріске ұшырап, дамып отырады.


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кусаинова Маржан Мухтаровна



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее