«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қазақ әдеби тілінің белгілері

Қазақ әдеби тілі туралы балаларға түсінік бере отырып, дұрыс, мәдениетті, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып сөйлеуге қалыптастыру; дамытушылық: айтар ойын әдеби, толық, түсінікті жеткізуге дағдыландыру, ойлау, шығармашылық ізденістерін дамыту

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақ жоспары №


Күні

Тобы








Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің белгілері.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Қазақ әдеби тілі туралы балаларға түсінік бере отырып, дұрыс, мәдениетті, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып сөйлеуге қалыптастыру; дамытушылық: айтар ойын әдеби, толық, түсінікті жеткізуге дағдыландыру, ойлау, шығармашылық ізденістерін дамыту;

тәрбиелік: оқушыларды тілін сүюге, мәдениеттілікке, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі:сызба, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын бірнеше сұрақтар қоямын.

  • - Сөйлеу тілі деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • - Сөйлеу тілінің қандай ерекшеліктері бар?

  • - Сөйлеу тілінің нормасын айтыңыз т.б.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

* Сабақтың мақсатын ашып алу;

* Балаларға сұрақтар қоя арқылы, жаңа сабақ тақырыбын ашу.

- Балалар сіздер әдеби тіл дегенді қалай түсінесіздер?

- Әдеби тіл мен сөйлеу тілінің айырмашылығы қандай деп ойлайсыңдар?

* Конспект жаздыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру;

Қазақ әдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық өмірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке әдетте жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің жұртшылықтың бәріне бірдей ортақ болу оны диалект, жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай көзқарасты ұстанушылар әдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы тәріздес әр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХVІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ әдеби тілінің тарихын XIX ғасыр екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ. Жұбанов. С. Аманжолов, I. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде XIX ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев, Е. Жұбанов).

Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар:

  1. әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;

  2. сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы;

  3. функциональдық-стильдік салаларының болуы;

  4. қоғамдық қызметтің әр алуандығы.

Әдеби тілге тән мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал. Жалпы халықтық тілдің байлығы мәдени өңдеуден өтіп, әдеби тілдің сөздік құрамына еніп отырады да, сөздің мағынасы мен қолданылуы, дыбысталуы мен жазылуы, сөз тұлғалары мен сөздердің байланысу тәсілдері көпшілік мойындаған ортақ үлгіге бағынады және жүртшылықтың бәріне міндетті болады.

Жаттығумен жұмыс:

46-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің өзіндік ерекшелігін айтыңыз.

47 – тапсырма. Мәтінді оқып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты, фонетика-морфологиялық ерекшелігіне қарай ауызша талдау жасаңдар.

  1. «Адасқан әріптер» ойыны
    1. А, з, қ, қ, а ҚАЗАҚ
    2. І,т, л, і ТІЛІ
    3. О,ғ,қ,ы,м,а қоғамы
    2. “Ойлан, тап” ойыны
    1. Өмір, әрбір, тіл, адамға, бойы, керек.
    2. Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы.
    3. Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды.
    4. Ғажайып, қазақ, әлем, тілі.
    5. Ақылдың, тіл, бірліктің, көрінісі, кілті.

  2. Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
    1). Жексенбіден кейін ________________________
    ( жыл, сағат, дүйсенбі)
    2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
    ( құрт, тұқымы, гүл)
    3). Тау өзенінің ағысы ________________________
    (ақырын, күлкілі, қатты)
    4). Бүгіннен кейін ________________________
    (биыл, ертең, былтыр)
    5). Әкеден кейін ________________________
    ( немере, бала, шөбере)
    6). Сағат тілі ________________________
    ( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  • Қазақ әдеби тілі дегеніміз қандай тіл екен?

  • Қазақ әдеби тілінің қандай стильдер бар?

  • Стильдерді қандай екі топқа топтастыруға болады?

  • Кітаби тілдерге қай стильдер жатады?

Бағалау: Сұрақтарға дұрыс жауап берген және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:

Қазақ әдеби тілі туралы түсініктерін айтып, мысалдар келтіру..


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее