«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ертегілер еліндегі қызықты математика

Математикалық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келді»

Мақсаты:Нан – өмірдің негізі екені туралы түсініктерін кеңейту; нанның жасалу жолымен және диқаншылардың күзгі еңбегімен таныстыру.

Танымдық құзырлылығын қалыптастыру. Балаларды адам еңбегін құрметтеуге, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:диірмен,комбайн, диқаншы, қырман.

Қажетті құралдар:Компьютер, «Нан дастарқанға қалай келеді» тақырыбы бойынша жасалған слайд.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін «Дәмін тат» ойынымен бастайды. Тәрбиеші ұннан жасалған тағамдарды балаларға дәмін татқызып, заттың атын айтқызады. Содан соң бәрін үстел үстіне қойып, олардың ұннан жасалған тағамдар екенін айтады.  

Балалар ұннан жасалған тағамдардың дәмін татып көріп, атын айтып береді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Нанды көрсетіп «Ас атасы нан, Нан атасы дән» мақалын айтып, «Нан дастарқанға қалай келді» тақырыбы бойынша компьютермен слайд тамашалатып, нанның дастарқанға келу жолын түсіндіреді. Сергіту сәті Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн Жүргізуге мен дайын. Ойын «Тез жауап бер» Тәрбиешінің сұрағына балалар тез жауап беруі керек. -Нанды қайдан аламыз?   -Наубайханада не пісіреді?   -Диірменде не тартады? -Қырманнан не жинаймыз?   -Бидайды немен орады?

    Компьютер арқылы нанның дастарқанға келу жолын тмашалайды.   Өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыс жасайды.   Балалар сұрақтарға тез жауап беруге тырысады   -Нанды дүкеннен аламыз. -Найбайханада нан пісіреді. -Диірменде ұн тартады. -Қырманға бидай жинаймыз. -Бидайды комбайнмен орады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау. Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін қуыршақ театры арқылы тамашалату.  

  Балалар қуыршақ театрын тамашалайды.




 

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

- Нанның жасалу жолын

Нені игереді:

- Диқаншының еңбек әрекеттері мен құрал-саймандары туралы түсінікті

Нені біледі:

- Ауылшаруашылығы халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететінін

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее