«Зимний фестиваль знаний 2025»

Элемент, қоспалар және қосылыстар.

химиялық элементтер, қоспалар мен қосылыстар туралы түсініктеме беріледі. Оқуышалар қоспа мен қосылыстарды бір - бірінен ажырата алады. олардың түрлері мен негізгі қасиеттерін біледі.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: №7 мектеп - лицей


Мұғалімнің аты-жөні: Қуанғанова Шынар Ибадуллаевна

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Элемент, қоспалар және қосылыстар.

Лабораториялық тәжірибе №1 «Заттардың қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1 элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну

7.4.1.2 таза заттың құрамы тұрақты екенін білу

7.4.1.3 элемент – жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:

Химиялық элемент, қоспа қосылыс ұғымдарын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жай зат, қоспа және қосылыстарды бір – бірінен ажыратады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қоспалардан заттарды бөлудің тиімді әдістерін ұсынады

Бағалау критерийі

Элементті атомның белгілі бір түрінен тұратын зат ретінде сипаттайды.

Таза заттарды сипаттайды.

Элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Химиялық элемент, атом, қоспа және қосылыс

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қоспалар қосылыстардан қалай ажыратылады?

Құндылықтарға

баулу




Қазақстанның жер қыртысындағы химиялық элементтер саны мен қорын айқындау арқылы «Индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу» құндылығын дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Химиялық элементтер,қосылыстар, қоспалардың геологиялық орны бойынша география пәнімен байланыстыру

Алдыңғы білім


7.1.1.1 «Химия» ғылымының нені оқытатынын білу

7.1.1.2 химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және сақтау

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин















ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

3 мин



Амандасу,сынып оқушыларын түгендеу. Оқушы назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық трениг. «Комплимент»

 Мақсаты: Қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, ынтымақтастықты, тұлға аралық қатынасты орнату. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушыдан бастап көршісіне жағымды комплимент айтады, ол келесі адамға..... 

Нәтиже: Жағымды атмосфера орнайды. Өз –ара тіл табысады, ынтымақта жұмыс жасайды.

3..Топқа біріктіру «Мозаика» әдісі.

Мақсаты: Топтың ережесіне бағыну, мүшелерінің пікірлерін тыңдай, өз идеясын айту, еркіндікке, бір-біріне қолдау көрсету. 

Нәтиже: барлақ оқушылар тең құқылы, еркін болады. Өз идеясын айтады.



«Серпілген сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру

Химия пәні неге негізделген пән?

Химия пәнін оқудың маңыздылығы неде?

Химия кабинетіндегі ҚТ ережелерін қандай?



Элемент, қоспа, қосылыс сөздері жазылған парақшалар

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру

8 мин








































































10 мин






































15 мин

Сыныпқа Қазақстандағы химиялық элементтер туралы видеофильмді көрсетіледі

( С) (К) Оқушыларға темір мен күкірт үлгілерін көрсетіп, химиялық элемент және атом ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру үшін А,В,С деңгейіндегі тапсырмалар орындайды.

Бұл тапсырмалар оқушылардың оқу дағдыларының білу және түсіну деңгейі бойынша қабылдау, есіне сақтау, танымдылықты арттырады.

«Оңайдан - қиынға» әдісі бойынша А,В,С тапсырмаларын орындау

(С) А тапсырма

Төменде берілген суретте А, В, С, D әртүрлі заттар берілген:






(а) Қандай суретте тек элемент берілгенін анықтаңыз _______________________________________________

(b) Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз _______________________________________________ _______________________________________________


В тапсырма

Әрбір химиялық элементтің өзінің символы мен атауы бар. Символ бойынша химиялық элементтерді атаңыз және химиялық элементтердің атауы бойынша символын көрсетіңіз.

Al - ______________________; Калий –

C - _______________________; Күкірт –

Fe - ______________________; Литий -

Na - ______________________; Кремний –

Ca - ______________________. Мыс -


С тапсырма

Суретте орман ауасы құрамына кіретін заттардың атаулары және молекула моделдері берілген:

1 – азот, 2 – оттегі, 3 – аргон, 4 – көмірқышқыл газы, 5 – су, 6 – озон, 7 – терпинеол .

Суретке қарап қандай заттардың таза зат екенін атаңыз және ойыңызды негіздеңіз.


Саралау

Дескриптор

Барынша қолдау

- суреттен химиялық элементті көрсетеді;

символдар бойынша химиялық элементті атайды;

суретке қарап қандай заттардың таза зат екенін атайды

Орташа қолдау

- атауы бойынша химиялық элементтердің символдарын көрсетеді


Аз қолдау

- өзінің таңдауын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді

суретке қарап қандай заттардың таза зат екендігі жайлы ойларын негіздейді



«Өзін – өзі бағалау» әдісі бойынша қолыптастырушы бағалау жүргізіледі. Ауызша кері байланыс беріледі.


«Біреуін аласың – біреуін бересің»

Қазақстан темір өндіріс бойынша 13 орында. Қазақстандағы негізгі кен орындары Торғай темір кен бассейні және Атырау обылысында күкірт өндірісі

Оқушылар темір ұнтағы мен күкірттің нақты пропорцияға ие емес қоспасы беріледі.

(Т) Оқушылардың темір мен күкіртті қоспадан бөліп алу мүмкіндігін талқылауларын сұрау

Оқушылар өз ойларын алдымен жұппен, сосын топпен бірге талқылайды .

«Көршінің үйіне қонаққа бару» белсенді оқыту әдісі бойынша топта талқылаған ойларын топтармен бөліседі.


әдісін пайдалану.

Топ мүшелері өздерінің талқылауларын көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастырады.

Тапсырма бойынша мүмкін болатын кері байланыс түрлері:

Егер оқушылар ерітуді ұсынса, мұндай қоспаның құрамында еритін қосылыстардың жоқ екендігін видеоролик арқылы көрсетіледі

Егер олардың біреуі магнитті ұсынса, бұл шешімнің тиімді екендігі айтылады

Оқушыларға көпеген заттардың таза емес екендігін және химияда таза затармен жұмыс жүргізу қажеттігін түсіндіріледі.


«Бес саусақ» әдісі бойынша ҚБ жүргізу

Бас бармақ – Не үйрендім?

Балан үйрек – Неге көңіл аудару керек?

Ортан терек – Кімге көмектестім?

Шылдыр шүмек – Алған әсерім, көңіл күйім?

Кішкене бөбек – Неден қиналдым?


(С) «Жеке жұмыс » әдісін пайдалану арқылы

1 лабораториялық тәжірибе орындау

«Заттардың қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

(Э) Оқушыларға тиісті темір мен күкірт қоспасын және шағын сынауықтар беру керек. Оларға оны қыздырып, өз бақылауларын жазып алуды ұсынылады.

Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш аспаптармен жұмыс ережесін сақтау

Таза заттар және темір-күкіртті қоспаның салыстырмалы сипаттамалары

Салыстырмалы сипаттамалары

Темір

Fe

таза заты

Күкір

S

таза заты

Қоспа

Темір сульфиді

(Fe2S)

қосылыс

Заттың құрамы





Физикалық қасиеттері

-түсі

-тығыздығы

суда ерігіштігі





Магнитпен бөлунуі





Сумен бөлу





Қыздырғанда өзгеруі






Білім алушы

Дескриптор

Барынша қолдау

- заттың құрамын сипаттайды;


Орташа қолдау

- түсін, тығыздығын, суда ерігіштігін дұрыс анықтайды


Аз қолдау

қоспаларды бөлу әдістерін нақты көрсетеді.



«Бір минуттық эссе» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізу

Оқушы бір ғана сөйлем арқылы мұғалімнің «Тапсырма бойынша қай кезең сен үшін маңызды болды?» деген сұрағаны жауап жазуы керек


https://vimeo.com/121223897https://vimeo.com/121223897

(химиялық элемент жайлы видео).

https://vimeo.com/121223897


А,В,С деңгейлік тапсырмалар
































































Темір мен күкірттің үлгілері






































Лабораториялық құрал - жабдықтар











Сабақтың соңы

5 мин







































2 мин


(Жж) (Б) Оқушылар жұптасып жұмыс істей отырып, элементтер, қосылыстар мен қоспалардың қасиеттерін қорытындылап, кестені толтырады.

«Карталарды сұрыптау» әдісімен «Элемент», «Қосылыс» немесе «Қоспа» топтарына сұрыптауды сұрау.

Төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеңіз: кетчуп, күміс, теңіз суы, ауа, оттегі, топырақ, алтын, ас тұзы, көміртек (алмаз), көмірқышқыл газы, кока-кола, қант, цемент, әктас, хлор.

Элемент

Қоспа

Қосылыс


















Дескриптор

элементтерді кестеге толтырады;

қоспаларды кестеге толтырады;

қосылыстарды кестеге толтырады;

элемент, қоспа, қосылыстарды ажыратады.

«Қолмен белгі» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізу



Кері байланыс

Рефлексия:

« Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»













Тапсырмаға орындау үшін қажет кесте

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.



Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее