«Зимний фестиваль знаний 2025»

Доклад на тему обновленного обучения.

Доклад на тему программы по обнавленному обучению.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы-нәтижелі білім берудің негізі

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді.Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асырға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.

«Құзіреттілік» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзір (компетенция)- жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық-өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжрибелі»деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгеген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдйтын болсақ онда «құзыр»-тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты юілімі, біліктілігі, дағдысы мен іс- әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық- педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының , тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы-ел болашағының өркендеуі.Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылыми әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осындай өзгеген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік-қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім «Болашақтың баласын да, данасын да ғылымын да өсіреді». Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп, жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-жақты бетбұрыс жасауы керек.

Жаңа формациясының мұғалімі деген кім? Жаңа формациясының мұғалімі-жаңа заманға сай өзгерген мұғалім.Қазақстан Республикасының білім беру Тұжырымдамасында: «Жаңа формациясының мұғалімі-кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», -деп нақтыланып көрсетілген.Ал жаңа формация мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізгі талап-жаңа технологияларды меңгеру болғандықтан,жаңа формация мүғалімі кәсіби шеберлік пен бірнеше құзіреттілік түрін игеруге міндетті.

Жақсы мұғалімнің қасиеттері –өз жұмысын жүйелі жолға қоя білетін,оқушының жан дүниесін түсіне білетін,өз сабағына жауапкершілікпен қарайтын,жан-жақты білімді,жаңалыққа жаны құмар жан.Ондай мұғалім-шәкірт жүрегінің алауын жағушы.Сабақты мұғалім қандай психологиялық ахуалмен бастаса,сабақ бастан-аяқ солай өтеді.Сыныпқа кіргендегі психологиялық ахуал міндетті түрде баланың көңіл-күйін сұраудан басталуы керек.Шаттықпен,белсенділікпен,жылулықпен, жақсы көңіл-күймен басталған сабақ жүректен жүрекке тез жетеді. Сол арқылы білімге қарай жол ашады.

1. Баламен санасу арқылы сабақ мақсатын қоя білуді үйрену.

2. Бәрінен қиыны- өзіндік бағаның төмен болуы.Сондықтан оқушының «Әркімнің өз даусы бар» деген қағиданы оқушылардың түсінуіне көмектесу.

3.Сөйлеудегі кедергіні жеңу- ең басты проблема! Cондықтан оқушының өз-өзіне сенімділігін арттырып,топта өз ойын еркін айта білуіне мүмкіндіктер беру.

Жаңа формацияның мұғалімі,дұрыс бағытқа жетелейтін дұрыс сұрақтарды қою арқылы оқушының дұрыс жауап іздеуіне бағыт-бағдар берушіміз.Сондықтан оқушыны оқуға ынталандыру,өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту арқылы өздігінен ақпарат іздеп,өздігінен оқуға үйретуіміз керек. Жаңа бағдарламаның мәні,баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек.Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,қажетті дағдыларды дарыту үшін,мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін,бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Сапалы білім негізі –жан-жақты ақпараттық материалдарды,көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды,тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.

«Педагогтік шеберлік»- дарынды талант емес,үйрену,ізденудің нәтижесі.Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді. Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай.







Шалкарова Эльвира Балтабаевна

Шымкент қаласы, Ж.Баласағұн атындағы

6 жалпы орта мектеп директорының

әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее