Деңгейлік оқытудың тиімді әдістері
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады»
(Н. Ә. Назарбаев)
Мақсаты: Оқушыларды бүкіл адамзаттың даму үрдісінің білім мен ғылымның технологиялық даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтау, оқушыларға дәріс берудің бұрыңғы түрін өзгертіп, жаңарту енгізу, оқушының жеке қабілетін анықтау, әр оқушыны өз деңгейімен бағалау және сабаққа деген қызығушылықты ояту
Міндеттері: Табиғи қабілеттеріне, қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасау, білімге құлшыныстарын арттыру
Ойлау қабілетінің ұштала түсуіне ықпал жасау және пәнге қызығушылықтарын нығайту
Өз беттерімен ізденіп жұмыс жасау және өз пікірлерін қорғай алу дағдысына бейімдеу.Ынтасын және белсенділігін арттыру, толық бағалау
«Біз күдіктенбейтін жаңа білім мен жаңа технологияның пайда болуы, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI ғасырға білім ғасыры деген анықтама беруге мүмкіндік береді» деген болатын.Қазіргі күні бағдарламаларында мұғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойын, қабілетін дамытуды, оқи алуға үйрету керек деген міндеттер қояды. Психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде бұл «дамыта оқыту» деп аталады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы оқушылардың аналитикалық позитивті сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта демократиялық ақуалды тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге қатысуға мүмкіндік тудырушы, сонымен бірге түрлі ақпарат көздерінен белгілі тақырыпта жаңа ақпарат таба білуіне ықпал жасаушы бірқатар әдістемелер ұсынады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» бағдарламасының барлық технологиялары үш сатылы сабақ жоспарымен жүзеге асырылады.Топтау әдісі арқылы оқушылар өздері мәтін құрып оны айтып беруге дағдыланады, оқушылардың монологтық сөйлеу қабілеті дамиды. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйрену үшін не үйренгенін саралап, салмақты, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі білім үйрену жолына қайта қарап өзгерісті енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі және үлкен әлемге енеді. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бізді несімен қызықтырады? – деген сұрақ тууы мүмкін.
Кез-келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Демек сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен «мағынаны тану» кезеңінде мәтінді жан-жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
Жаңа педагогикалық технология оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан қарағанда «Интерактивтік әдіс» маңызды орын алады.
Интерактивті оқыту термині: қажеттілік тудырды. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық" ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Интеркативті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайды да оларға алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген рольдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары мен хабарлары диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық – танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады. Интерактивті оқыту әдісі мен жұмыс жасауға бағытталу үшін қарапайым интерактивті әдістер - жұппен жұмыс, шағын топпен жұмысты ұйымдастырудан бастау қажет. Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асырға мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру керек» делінген. Ал, Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.
Білім ордасы мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Сонымен қатар ұлтымыздың ұлы тұлғасы, алаштың біртуар қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов қандай жағдайда да баланы сабаққа қызықтыруға болады, оның ынтасын қалай ояту керек, ол үшін мұғалім қандай болу керек деген мәселеге келгенде, төмендегідей ой – тұжырым жасайды: «Баланы оқыту ісінде ынта деген нәрсенің білімді қылуға, жетілуге мағынасы зор. Баланың ынтасы тартпаған мектеп абақтыға айналады» деген. 45 минут сабақтың сәтті өту құпиясы мұғалімнің өз назарын нәтижелерге шоғырландыруына байланысты. Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Әр сабақты тиімді етіп құру бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім әдіс-тәсілдерді мақсатты түрде шебер пайдалана білсе, бала бойындағы қызығушылықты арттыра отырып, оның дүниетанымын кеңейте алатыны сөзсіз.Тренингтер өткізуде немесе топқа бөліну кезеңінде де оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керектігін түсініп, олардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мұғалім шеберлігіне байланысты. Атап айтқанда «Шаңырақ»,, «Суреттер амандасады» тағы басқа тренингтер өткізгенде балалар арасында достықтың орын алғандығы бұған дәлел.
География пәніне тоқталар болсам:
5-6 кластарға арналған Жаратылыстану пәнінде «Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы», «Табиғат» «Өсімдіктердің тіршілігі» «Жануарлардың тіршілігі» тарауларында оқушы табиғаттың адам үшін маңыздылығын және олардың алуан түрлілігімен танысады. Осы тараудағы тақырыптарды үй тапсырмасы кезінде түрлі әдістермен меңгертуге болады. Атап айтқанда «Иә. Жоқ» ойыны немесе «Аквариумдағы балықтар» әдісінде оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқытулар өрбіді.
Сабағымның үй тапсырмасын сұрау кезінде Блум таксономиясының деңгейлік өлшемдерін пайдаландым. Оқушыларға білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сұрақтарын қойдым.
Оқушылар қол көтеріп жауап беріп, Блумның сұрақтарын жақсы меңгеріп, үй тапсырмасын түйіндеді. Бұл кезеңінде де диалогтың оқушы үшін де, мұғалім үшін де маңыздылығын ұғындым. Оқушы дұрыс жауап береген кезде сыныптастарының, ұстазының қолдауын көргенде масайрап, пәнге деген ынтасы арта түседі, оқушы көңіліне сенім ұялатады.
«Ойлан-Жұптас-Бөліс», «Уақыт шеңбері», «Стикердегі диалог» сынды әдістер баланың сыни ойлауымен қатар сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыруына зор ықпал етеді. Ал бүгінгі мақсат-мұрат белгілі. Ол — білімі білікті, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, мәдениетті, еңбеккер, іскер, сондай-ақ бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамзатты оқытып тәрбиелеу.
Қорытынды сөз;
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.
Қарабұтақ орта мектебі
Деңгейлік оқытудың тиімді әдістері
\ Баяндама\
Баяндамашы Туремуратова А.М.
2016 оқу жылы