«Зимний фестиваль знаний 2025»

Білім кілті кітапта

Білім кілті кітапта - тақырыбындағы эссе. Білім әр адам кітаптан алады. Әр адамның санасы болса ол кітапты оқиды

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

«Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлінің

Урицкий мектеп – лицейі»












Эссе

«Білім кілті – кітапта»









Орындаған: Песчанская Екатерина

7 - сынып оқушысы

Пән оқытушы мұғалім:

Атаева Ақмарал Бүркітқызы

















2017 оқу жылы

 

Білім кілті – кітапта


«Оқу адамды білікті болуға, әңгіме – дүкен құру тапқырлыққа,

ал жазып алу дәлдікке үйретеді»

А.С.Пушкин.


Жүсіп Баласағұнның: « Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын» , — деген аталы сөзіне ден қойсақ, ақыл мен білімнің бастауы – кітапта екенін ұғамыз. Кітаптың әлемдік өркениетте үлесі шексіз. Қазіргі кезде ғаламтор, теледидар, радио, тағы басқа түрлі ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырады. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды, өйткені адамның жан дүниесін, армандарын, сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық. Сондықтан кітап әрқашан басты рухани байлығымыз болып қала бермек.

Оқуменен табылар - деп, Ы.Алтынсарин айтқандай оқу, білімнің бәрін кітаптан аламыз. Кітап - білім мен тәрбие беретін басты құрал. Ол біздің рухани қазынамыз, ақылшымыз, байлығымыз. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, кітап ұстап, кітаптан білім аламыз, олай болса сіздерді мектебімізде кітапхана мен кітапханашының рөлі мен қалай жұмыс істейтіні туралы таныстырып өтейін.

Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі, қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазынамыз – Кітап.

Кітап – әлем мөлдірлік тұнығында,

Нәзіктік пен кітаптан ұлы ұғым бар.

Кітап – тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

Менің ойымша, мектептегі кітапхана мен кітапханашылардың рөлі ерекше, себебі баланың жүрегіне терең бойлап кітаптарымен баланы қызықтыра білуі керек деп ойлаймын. Біріншіден, кітапханашының өзінің көзі ашық, көкірегіояу болуы керек, сонда ғана ол баланың жүрегіне жол таба біледі. Баланың қандай кітапты оқығысы келетіні, нені қалайтының кітапханашы бірден түсініп таба білуі керек. Ал ондай қасиеттер біздің кітапханашының бойында табылатын қасиеттер. Біздің мектептің кітапханашысы қызықты да, нағынасы зор іс – шараларды жиі ұйымдастырып отырады. Оқушылар ондай іс – шараларға жоғары қызығушылықпен қатысады. Менің айтайын дегенім мектеп кітасы мен кітапханашысы оқушылармен тығыз байланыста болуы керек деп ойлаймын.Сол себептен мен өзімнің шығармамда мысал ретінде кітапхана мен кітапханашыны мысалға алып отырмын.

Кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, бүгінгі көңілі ояу, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті рухани нәрін алады, көптің ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындатар орда – кітапхана деп түсінуге тиіспіз.

Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан – жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір әлеуметтік орын. Кітапханашы оқырманның талап – тілектерін қанағаттандырып, оқумен тәрбиелеп, қажет болған жағдайда тиімді шешімдерді үйретуге тиіс.

Оқушының ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Оқушылардың білімге қызығушылығын оятуға не әсер етеді? Осы сияқты сұрақтарға тек педагогтар ғана емес, кітапханашылар да ойлануға тиіс.

Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары – адамдармен қарым – қатынас құралы болып табылады. Кітапханашы шығармашылық ізденісте оқырманмен байланысып, оқушының түрлі еңбектермен танысуына ықпал етеді.

Біздің мектебіміздің кітапханасы – жас ұрпаққа тәлім – тәрбие берумен қатар, рухани жан – дүниесін байытып, толықтырып отыратын орын. Ал кітапханашыларымыз оқушылармен тығыз байланыста болып, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірігіп, түрлі іс – шаралар өткізіп тұрады. Оқушылар кітапханаға қажетті кітабын тауып оқитындығына сеніммен келеді.

Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпарат ағымына жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.

Осы орайда жуықта мектебіміздің кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітабы көп елдің рухы биік, ғұмыры мәңгі!» тақырыбында аудан кітапханашыларының семинары болып өтті. Семинар барысында кітапханашылар әріптестеріне жаңа үлгідегі кітапхана іс – құжаттарымен таныстырса, «Ұлағат» шығармашылық ұйымы қонақтарды бір – бірімен қызықты тренинг арқылы таныстырып өтті.

Семинарды мектеп директоры Е.Соколовская ашып, келген қонақтар еңбегіне шығармашылық табыс тіледі. Сонымен бірге қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 7 «В» сынып жетекшісі А.Атаева өз сыныбымен «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында өнеге сабағын өтсе, кітапханашылардың оқушылардың ата – аналарымен байланысының көрінісі ретінде « Озық ойлы оқырман отбасы» сайысы өз дәрежесінде қызықты болса, қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Жауқазын» үйірме мүшелерімен «Ғасырдың ғаламат ақыны» Мұхтар Шахановқа арналған поэзия кеші келген қонақтар мен көрермен қауымның көңілінен шықты.

Семинар өте жоғары дәрежеде өтті аудандық білім бөлімінен келген әдіскер М.Бисембаева да кітапханашыларымызбен оқушыларымызға өз ризашылығын білдірді.

Кітап –ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана оқырман бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап –халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ендеше кішкентай оқырмандар кітап әлеміне саяхат жасап, кітапты көп оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін демекпін.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее