«Зимний фестиваль знаний 2025»

Бақтияр Артаев. Ашық сабақ. 9 орыс сыныбы.

Бақтияр Артаев туралы мағлұмат алады. Сабақ заман талабына сай құрастырылған. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолданылады. Сабақ соңында оқушылар бір-бірін бағалайды.

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Бақтияр Артаев.

Сабақтың мақсаты:

  1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді әр түрлі қолданыста орынды қолдана білу.


  1. Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Б. Артаев жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.


  1. Еліміздің атақты спортшыларын үлгі, өнеге ету. Оқушыларды спортты, еңбекті сүюге баулу.


Көрнекілігі: Б.Артаевқа арналған слайд.

Сабақ барысы:

  1.           Ұйымдастыру


  1.           Үй жұысын тексеру.



1.Үйге берілген тапсырманы тексеру;

2. Жансая Әбдімәлік туралы диалог құрастыру;

3. Жансая Әбдімәлік туралы мәтінді мазмұндау;

4.Үй жұмысын қорыту;



ІІІ. Жаңа сабақ: «Бақтияр Артаев»



  1. Тыңдалым. Оқылым. Сөздік жұмысы

Шұғылданады- увлекаться, заниматься

Жеке бапкері- личный тренер

Кубок иегері- обладатель кубка

Спорт шебері- мастер спорта

Дәреже – степень

7 дүркін- семикратный

Өкім- распоряжение



 2.Сөз тіркесін құрау:

Үлгі: Бокспен шұғылданады

  1. Айтылым. Мәтінді оқу аудару, түсіну.

Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 Наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

2011 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.

Бақтияр Артаев құрметіне 2007 жылдың 21-наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.



  1. Тілдесім. Мәтінді пайдаланып кластер құру. Кластерді қорғау



  1. Жазылым. Осы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында, сондықтан әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыруы керек.

Біз денсаулығымызға немқұрайлы қараймыз, оған үлкен зиян келтіреміз.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді.

Дене тәрбиесі мен спорт- салауатты өмір салтының негізі.

Қажымұқан ең алдымен цирктерде күш өнерін көрсеткен, алайда ол осы өнерімен дүние жүзін аралап кеткен.

6. Жаңа сабақты бекіту

7. Бағалау:

8. Үй жұмысы:

  1. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған? Ақпарат жина.

  2. Ауылда сен жақсы көретін спорт түрінен жарыс өтеді. Сен осы жарысты көру үшін не істейсің? (Жоспарыңды жаз)

  3. Өзіңнің сүйікті спортшың туралы айт.











































Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі











Сабақ жоспары









Тақырыбы: Бақтияр Артаев

9 орыс сыныбы

Мұғалімі: Мырзатаева А.Е.

















2015-2016 оқу жылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее