«Зимний фестиваль знаний 2025»

Алғашқы адамдардың өмірі 5 сынып

Қысқа мерзімді жоспары 5 сыныптың алғашқы адамдардың өмірі тақырыбына арналған.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Мектеп: Семей қаласы, КММ "№19 жалпы орта білім беретін мектеп"

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нургазина Толкын Сайлаугазыкызы

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы адамдардың өмірі

Оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;

5.1.2.1 – алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету.

Сабақтың мақсаты

  • Барлығы: алғашқы адамдардың антропологиясындағы ерекшеліктерді анықтайды;

  • Көпшілігі: алғашқы адамдардың түр келбетіне сипаттама жасайды;

  • Кейбіреуі: дәлел келтіру арқылы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін, кәсібін талдайды.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология: тобыр, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске түсіреді.

Оқытудың тілдік мақсаты:

Бейне материал көріп, алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (тыңдалым және айтылым дағдысы);

Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...

Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде өзгерістер орын алды...

Біздің анықтағанымыз...

Біздің тобымыздың ойынша...

Құндылықтарды

дарыту

мәдениетке, еңбекке, қоғамдық игіліктерге құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар

география, дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашып, пәнге қызығушылығы артады.

Бастапқы білім

Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштері.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

«Миға шабуыл» әдісі

Іс-әрекет: «Қылыш» суреті бейнеленген тәжді мұғалім басына киіп, оқушыларға:

  • бұл не?

  • неден жасалған?

  • кімдер қолданған?

  • қазіргі адамдар қолдана ма? неліктен?

  • Ал алғашқы адамдар қолданды ма?

  • олардың не қолданғаны туралы білгілерің келе ме?деген сұрақтар арқылы сыныптық талықылау ұйымдастыру.

Мұғалім: сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Зерттеу сұрақтарын ұсынады:

  • алғашқы адамдардың түр келбеттінде қандай өзгерістер орын алды?

  • алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Алғашқы адамдар, еңбек құралдары, алғашқы тайпалық бірлестіктер суреттері:

Слайд 1

Сабақтың ортасы





5 мин







5 мин


7 мин















5 мин




10 мин







Сабақтың соңы

5 мин




ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Бағалау критерийлері:

  • алғашқы адамдардың антропологиясындағы ерекшеліктерді анықтап, түр келбетіне сипаттама жасайды.

«Саусақ ұшы» әдісі

Іс-әрекет: тақтаға алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қою:

  • суреттен не көріп тұрсыздар?

  • қазіргі адам қандай?

  • алғашқы адам қандай болған?

  • алғашқы адамды қоршап тұрған әлем қандай болды?

  • ал қазір не өзгерді?

Деректі карточкамен жұмыс

Іс-әрекет: топтарға осыдан 2,5 млн. жылдар бұрын өмір сүрген адамдар туралы жазылған деректі карточка және адамдардың даму эволюциясының суреттерінің қиындысын тарату. (оқушылар карточкадағы ақпаратпен танысып, суреттермен жұмыс жүргізеді)

«Түсіндім – жасаймын» әдісі

Тапсырма: карточкадағы мәліметтерді қолданып,

1. ұсынылған суреттерді адамдардың өмір сүру уақытын хронология бойынша орналастыр;

2. ұсынылған суреттерді адамдардың эволюциялық даму ерекшеліктері бойынша орналастыр.(оқушылар неліктен осылай орналастырғандарын түсіндіріп өтеді)

Жетелеуші сұрақтар:

  • неліктен осылай орналастырдыңдар?

  • қандай өзгерістерді байқадыңдар?

  • өзгерулеріне не әсер етті деп ойлайсыңдар?

Бағалау критерийлері:

  • дәлел келтіру арқылы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін, кәсібін талдайды.

  • ҚБ: топтардың бірін-бірі бағалауы

Бейнематериалмен жұмыс

Іс-әрекет: алғашқы адамдардың өмірі туралы бейнематериалды көрсету.

Сілтемі: http://e-history.kz/kz/scorm/course/141

Суретпен жұмыс

Іс-әрекеті: оқушыларды 3-топқа бөліп, алғашқы адамдарың тұрмыс-тіршілігі, кәсібі бейнеленген суреттерді тарату. Әр топ өз суреттеріне тақырып қойып, берілген сұрақтарға жауап жазады. Мысалы,

1-топ: үңгірдегі тіршілік

2-топ: аң аулау

3-топ: тобыр еңбегі

Шығармашылық жұмыс

Іс-әрекет: топтарға тас дәуірі туралы мәтінді ұсынып, суретті мозаика құрастыруды тапсыру. Оқушылар мәтінді оқып, мәтін мазмұнын бейнелейді. (Мысалы: еңбек құралдары, олардың қолданылуы және алғашқы адамдардың кәсібі және жетістіктері т.б.)

ҚБ: «Мадақтау гамбургері» (мадақ-сын-мадақ) әдісі бойынша өзара топтардың бірі-бірі бағалауы.

Кері байланыс.

«Плюс – Минус - Қызығамын».


«Плюс» (+)


Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады


«Минус» (-)


Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады


«Қызығамын" (?)


«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?" деген сұрақтарға жауап келтіру



Слайд 2




























интерактивті материалды ұсынуға болады: СББР №100. Алғашқы адамдардың өмірі:

http://e-history.kz/kz/scorm/course/141



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Шығармашылық жұмыста оқушыға таңдау бере отырып, тапсырманы орындауда еркіндік берілген жөн. Ешбір жоспарсыз, критерийсіз өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз.

  • Сыныптың қалған оқушыларына деректердің түрлерін түсіндіруді әрбір топтағы қабілеті жоғары оқушыға тапсыруға болады.

  • Қабілеті орта оқушылар:

  • Тапсырмаларды орындау барысында оқушы тиісті критерийлерге сүйене отырып, суретпен жұмыс жүргізеді. Өзіндік қорытынды шығарады. Өз қорытындысын басқа топтармен бөліседі.

  • Орта деңгейдегі топтық жұмыстарға қатыса алады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Мәтінді ұсынғанда жаңа сөздерді ерекшелеп көрсеткен жөн.

  • Суреттер арқылы оқиға желісін құрастыруға мүмкіндік беріңіз.

  • Жаңа сөздермен жұмыстану

  • Деңгейлік сұрақтар;

  • Мұғалімнің қолдауы;

  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Оқушылар өзара бағалайды;

  • Топтық бағалау жүргізеді;

  • Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс беріледі.

Оқушылар сабақ барысында туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға: Сабақта қойылған оқу мақсатына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее