«Осенний фестиваль знаний 2024»

Айбары асқақ Ата Заң

Тақырыбы: « Айбары асқақ Ата Заң »

Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Айбары асқақ Ата Заң

Тақырыбы: « Айбары асқақ Ата Заң »

МақсатыАта Заңның  бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты  құжатын құрметтеуге үйрету.

    Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция.

    Еліміз 1995 жылы өзінің талғамталқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

    Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай  орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді   орнатыпТәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды.

    Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 16 жыл толып отыр.

    «Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!

               

                   «Ата Заңымыз –айдынымыз,

                        Әскеріміз-айбынымыз»

    Конституция күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішіндегі басты оқиға Қазақстан Республикасының Президенті,  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен  «Қазақ  елі» монументі  жанындағы алаңда өткен  Конституцияның 16- жылдығына арналған әскери шеру болды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы  қазақ тарихында Ата Заңның  алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің  дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның  тарихи мән-маңызы туралы айта келіп,  елімізде Тәуелсіздігімізді  жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар  мен  алдағы мақсат-міндеттерге  кеңінен тоқталып өтті. Осы ретте Конституцияның 16 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз  үшін мерейлі меже, айрықша  маңызды күн болып саналатыны,  Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың  бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы,  толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.

«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»

Конститутция –кемел келешектің кепілі.

  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!

Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Сұрақ беріледі.

1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды?

                    ( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿

2.Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер құрамындағы алғашқы Конститутция қай жылы қабылданды?

                   ( 1924 жылы ﴿

3.Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді?

                     (1998 және 2007 жылдары ﴿

4.Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді ?

( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.﴿

5.Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңестің төрағасы кім?               ( Игорь Рог ﴿

6.1996 жылы  «Фемида» заңгерлер одағы құрылды. Осы одаққа қанша мемлекеттің заңгерлері кіреді?

                   ( 12 мемлекет ﴿

7. «Фемида» сыйлығы биылғы жылы кімге берілді?

  (Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ﴿

8. Елімізде қанша этнос пен діни қауымдастық бар?

                   ( 140 этнос  пен 46 діни қауымдастық бар﴿

Қорытынды

Мұғалім: Биыл Конститутцияға 16 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

                         Ата заңың-мерейің,

                         Мәртебең мен беделің.

                         Ата заңмен өркендеп,

                         Өсіп, өрлей берейін!    



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее