«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Адам тіршілік иесі»

өзінін адам өкілі ретінде ағашқы түсініктерін қалыптастыру.Адамның бір біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы № 2

шағын орта тобы. Тәрбиешісі Ибраева А.М. 13.10.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Адам тіршілік иесі»

Мақсаты: Өзінің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (бас, қолы мен аяқтары, тері, шаш қабаты)қарап ажырата білуге үйрету. Адамдардың бірдей іш құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) сезімдері туралы, адамдардың өсуі үшін қажетті шарттар (су, жарық,ауа, тамақ,жылу) туралы түсінік беру.

Қызмет кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс -әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттың шеңберіне тұрып, төмендегі өлеңді айтқызу.

Сары, ақпыз, қарамыз.

Бәріміз де баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір бақшаға барамыз.

Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз, татумыз,

Биіктерге өрлейміз.


Балалар шаттық

шеңберіне тұрып, өлең

жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші балаларға әлемдегі адамдар туралы слайд көрсете отырып, олардың өмір сүру, еңбек ету ерекшелігіне тоқталады.

Адамдардың ұлтына, жынысына, жас шамасына қарай бөлінетіндігін айта отырып, адамдардың сәбилік шағынан бастап қартайғанға дейінгі кезеңдерді слайдтан көрсетеді. Слайд көрсету арқылы адамдардың жастары есейген сайын бет әлпетінің, дауы- сы мен жүріс-тұрысының да өзгеретінін түсіндіреді. Сонымен қатар адамдардың

сырт келбеті мен әдеттеріне тоқталып, олардың ұқсастығы мен

айырмашылығын сыртқы белгілеріне

қарап ажыратуға болатындығын айтады

Соңынан екі баланың суретін көрсетіп,

ұқсастықтары мен айырмашылықтарын

айтып беруді тапсырады.


-Кәне, балалар, оң қолдарыңмен сол

жақ кеуделеріңді ұстап көріңдерші нені

байқадыңдар?

- Балалар, ол соғып тұрған сендердің

жүректерің, барлық адамдарда

жүрек болады. Және адамдардың,

барлығында өкпе, бүйрек, бауыр сияқты

ішкі құрылыстары болады. Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпен

шұғылданып, дұрыс тамақтанып және

таза ауада көп серуендеулерің керек.

- Гүлдер өсіп жетілу үшін не керек деп

ойлайсыңдар?

- Ал адамдардың да өсіп жетілуі үшін не керек?

-Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар күтім

әрі демалыс керек екен. Ал егер адам

кешке дейін немесе бірнеше күндер, айлар бойы демалыссыз жұмыс істеп,

уақытында тамақтанып, таза ауада серуендемей, күтінбей жүре берсе не болар еді?

- Ондай адамдар аурушаң әрі тез ашуланғыш, үнемі көңіл күйі болмай жүретін еді. Сол себепті кез келген адам

өзін-өзі күту керек екен.

- Кешкісін сендер ата-аналарыңды

көргенде қандай сезімде боласыңдар?

- Ата-аналарың да сендерді көргенде

қуанады. Себебі: олар сендерді

сағынады, жақсы көреді. Сол себепті

сендерді көргенше асығады.

- Ал сендер ата-аналарыңды қалай

қуантар едіңдер?

- Міне, көрдіңдер ме балалар, ата-аналарың сендердің тәтті қылықтарың

мен жетістіктеріңе қатты қуанады екен.

Тек сендердің ата-аналарың ғана емес,

барлық адамдар да қуанышты хабар

естісе қуанады.

Тәрбиеші осылайша адамдардың бірдей

сезімді сезінетіндігін (қуаныш, ауру,

өкініш) түсіндіреді. Және балаларға ақ

параққа салынған адамның бейнесін

аяқтауды ұсынады.

Балалар жұмыстарын аяқтағаннан

кейін дәптердегі тапсырманы түсіндіреді.

Сергіту сәтін өткізеді.

Қолдарымды созамын,

Суға сүңгіп аламын.

Суда жүріп жүземін,

Оң қолымды бір сермеп,

Сол қолымды бір сермеп,

Шынықтырып денемді

Спортсмен боламын.



















Балалар суретке қарап,екі баланың ұқсастығы мен айырмашылығын айтып береді.


-Думанның бойы қысқа,шашы қара әрі қысқа,құлағы үлкен,көздері қара.

-Алешанаң бойы ұзын,шашының түсі сары,көз көк

-Бүлкілдейді,қозғалады,

тарсылдайды.

















-Ауа,жарық,топырақ,су керек.


-Ауа,жарық,жылу,тамақ

Онда ол адам ауырушаң болады.

















-Қуанамыз.

Балалар мұқият тыңдап,өздерінің ата-аналарына қаншалықты қымбат екендігін түсінеді

көңіл күйлері көтеріліп,

қуанышты сезімде болады.

- Мен, өлең айтып, би

билеп беріп қуантамын.

- Анама көмектессем,

сонда ол қатты қуанады.

- Мен анам мен әкеме қатты жақсы көретіндігімді айтамын.

- Мен оларды қатты

құшақтаймын.

Балалар ақ параққа

Салынған адамның

суретін аяқтап, көзін, мұрнын, шашын салып, қасында отырған баланың салған суретімен салыстырып, әңгімелеп береді.



Балалар дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.




Қимылдар жасайды


Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші:балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен

айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға бөлгілейді. Бүгінгі жиыннан алған әесрлері, көңіл күйлері, немен айналысқандары жайлы айтып береді.


Күтілетін нәтиже:


Қабылдайды: өзінің адам әлемінің өкілі екендігін; адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды; барлық адамдардың ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бірдей екендігін, адамның өсуі жөне дамуы үшін су, жарың, ауа, тамақ, жылу, қозғалыс пен демалыс, күтім керек екенін.


Түсінеді: адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады, адамдардың ішкі құрылыстары бірдей екендігін біледі, адамдардың өсуі мен дамуы үшін не қажет екенін түсінеді.


Қолдана алады: сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды. Өзінің өсуі, дамуы үшін қажетті заттарды пайдалана алады.













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее