Тақырыбы : Абай Қыс.
Мақсаты :
1. Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұнын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, үнтаспа.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ, жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен
жұмыс, көрнекілік әдісі
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныс алу жаттығулары
Адымдаймыз, адымдаймыз.
Қолды биік көтереміз.
Басымызды тік ұстап,
Баяу, терең дем аламыз.
(тыныс алу, тыныс шығару жаттығуларын жасау)
2.Үй тапсырмасын сұрау.
-М.Шаханов Төрт ана (жатқа оқушылардан сұрау)
-Өз біліміңді тексер!
1.Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата.
А)Ер жүрек б)Ақжолтай в)Батыр
2.Жақия кімнің баласы?
А)Махамбеттің б)Исатайдың в)Амангелдінің
3.Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді атаңдар.
- ....................
4. «Нұркен», «Батыр Бауыржан», «Комбаттың әңгімесі», «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріндегі ортақ тақырып қайсысы?
А)Ұлы Отан соғысы б) Азамат соғысы в)Желтоқсан оқиғасы
5.М.Шаханов «Төрт ана» өлеңіндегі төрт ананы атаңдар?
Туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, тарих
3.Жаңа сабаққа түсу. Ой шақыру
-Қардың дыбысын жіберу. Бұл ненің дыбысы?
-Қар қандай болады? Алдымыздағы қарды үрлейік. (тыныс ала отырып
үрлеу)
-Мынау қандай дыбыс?
-Дұрыс, боран. Боран кезінде күн қандай болады?
-Суретте нелер бейнеленген?
-Алдымыздағы шыны ыдысты үрлеп боранның дыбысын салайық.
ЖҰмбақ шешу.
1.Қыста бар да, жазда жоқ. Қар
2.Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ мұз
3. Есіктен кіреді еңкейіп
Төрге шығады қампиып аяз
-Экрандағы суреттерге назар аударайық.
-ЖЫЛДЫҢ ҚАЙ МЕЗГІЛІ КӨРСЕТІЛГЕН?
-Қыс мезгілін топтастыру, қорғау
-Экранға назар аударамыз. Бұл кім?
-Ұлы Абай. Абай туралы не білеміз?
-ЖАРАЙСЫҢДАР!
4.Жаңа сабақ.
-Бүгінгі біздің тақырыбымыз жылдың қай мезгіліне арналады.
-Дұрыс қыс туралы өтеміз. Абай Құнанбаевтың
«Қыс» өлеңі.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан.
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3.Өлеңді оқушыларға іштей оқыту (түсініксіз сөздерді сұрау).
4.Сөздік жұмысы, талдау (Дәптерге жазып алу).
1 Мағынасын түсіндіру
2.домбығып-суықтан ісіп, қызару.
3. долданғанда-ашуланғанда
4.үсік шалу- үсу, тону
5.Шидем-қой жүнінен тоқылған сырт киім
5.АУЫЗША СҰРАҚ-ЖАУАП әдісі арқылы өлең мазмұны түсіндіріледі.
-Автор қысты кімге теңіейді? (Қысты адамға, кәрі шалға теңейді)
-Шалдың киімдері қандай? (Ол ақ қиімді, үстін ақ қырау басқан)
-Киім деп отырған не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)
-Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (ол - қатал, соқыр, мылқау адам
сияқты)
-Соқыр, мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды,
бәрін тоңдырады)
6. Өлеңді дауыстап оқу (мәнерлеп оқу талабы қойылады).
7. «Сиқырлы қарындаш» сурет салу (фонға музыка жіберу)
8. Дауыс ашу жаттығуы «Қыс» туралы ән айту
9.Тауып оқу.
-Ақын өлеңіндегі қысты суреттеген тұсын тауып оқы.
-Малшы туралы айтылған тұсты тауып оқы.
-Балалар туралы айтылға тұсты тауып оқы.
(Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту)
-1 оқушыға мәнерлеп оқыту.
10.Бекіту. Бағалау
-Қыс айы қандай болады екен? (Суық, әрі ызғарлы)
-Абай атамыз сонымен қысты қалай бейнеледі, кімге теңеді?
-Тақырып ұнады ма? Несімен ұнады?
11.Үйге: Өлеңді жаттап келу. «Қыс» тақырыбына суреттерін аяқтау.
1.«Қыс» туралы ауызша әңгіме (қорғау)
Қосымша уақыт қалса жазу.
2.Шығармашылық тапсырма
Суреттерге зер салып, 5 түрлі айырмашылықты тап.