«Зимний фестиваль знаний 2025»

"9-мамыр Жеңіс күні!"

Тақырыбы."9-мамыр Жеңіс күні!" тәрбие сағаты, 2 сынып

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: 9-мамыр Жеңіс күні!

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан оғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушылар үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан сғысы туралы буклет, үнтаспа, гүлдер, шарлар.
Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру.
Мұғалім:
-Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырдабұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 71 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығы.
Үнтаспадан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Соғыс туралы музыка ойнап тұрады.

1-оқушы
Айзере:Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған
2-оқушыСанжар: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
3-оқушы Ақнұр:Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
4-оқушыГүлнұр:Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.
Музыка ойнап тұрады.
5-оқушыАйзере:
Туған жер, өскен орта, байтақ дала
Махаббат, ыстық жүрек құмарлана
Сүйеді Төлегендей ер баласын
Баулыған батырлыққа Отан-ана!
6-оқушыАли:Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына
Ерліктің  өжет бір әні
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.

7-оқушыАйбарыс: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза  тапты.

 -Мәншүк әнін орындау.


Мұғалім:-
Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. Бұл 1943 жылдың күз айы болатын.

 - Қымбатты әпкетай! Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр.

 8-оқушыНұрай:Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19- ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Майданға аттанғанда анасы «Жолың болсын, Моншағым!» деп шығарып салады.Елімде қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы  шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып шығады.


Би: «Сарбаздар»


 9-оқушыДастан:-Әлия Казачиха деревниясы үшін  болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлимя оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған  мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар.Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.

 10-оқушыНұрбақыт: - Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Сонывң ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Мұғалім:- Ұлы Отан соғысына қатысқандар.

Кезекпен: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.Осы аталған батыр аталарымыздың ішінде Қасым Қайсенов, Рақымжан  Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов аталарымыз біздің арамызда жүр. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!

Би: «Солдаттар»

 11- оқушы Ақнұр:Дәл  осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

/1 минут үнсіздік, үнтаспадан жай ғана ән естіледі/

 12-оқушыСанжар:
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Самал өскен даласын қорғады.

 Мұғалім:- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді, күте берді


Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар.

Мұғалім: Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.

 13-оқушыГүлнұр:Естідім-ау Жеңіс күнін
Дүрілдейді көк пен жер
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.


14-оқушы.Нұрбақыт:Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!

 15-оқушы Дастан:Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсіндалалар.

/қол соғып, орындарынан тұру/
16- оқушы Нұрай:Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.



 17-оқушы Али:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 18-оқушы Нұрай: Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Мұғалім:Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен жерін қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.

Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!
Сынып сағаты аяқталды.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее