Сабақ жоспары
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Жануарлар | Мектеп: Жумай негізгі мектебі | |||||||
Күні: 05.07.2017 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Бахтиярова У.П. | |||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны: 0 |
| ||||||
Сабақ тақырыбы | Жануарлардың қандай түрлері болады? | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.2.2. Жабайы және үй жануарларын ажырату
| |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: жабайы және үй жануарларын атайды. Көптеген оқушылар: жабайы және үй жануарларының айырмашылығын айтады. Кейбір оқушылар: жабайы және үй жануарларының айырмашылығын ескере отырып, үй жануарларын қалай күту керектігін айтады. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Сиыр-корова-cow, жылқы-лошадь-hors, қой -баран – ram, мысық-кошка- cat, ит- собака- doq | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Үй жануарларын қастерлеу, табиғатты аялау, сақтау. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Слайд | |||||||
Бастапқы білім
| 1.2.2.1. Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 7 мин | «Жануарлар» ойыны. / Ширату, саралап топтастыру/ / Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылады. Суреттерін қарап алған соң көздері байланады. Өздеріне тиесілі суреттегі жануардың дыбысын шығару арқылы, өзінің тобын табуы тиіс./ |
| ||||||
Сабақтың ортасы 35 мин | МК. Слайд / Жабайы және үй жануарлары туралы ақпарат / (Т) «Ойлан тап» ойыны 1- топ. Берілген жабайы және үй жануарларын екі бағанға топтастырыңыз.
2- топ.
Қ. Қол шапалақтау Ж. «Үй жануарлары» кестесі. Үй жануарларының санын анықтау үшін кесте жасаңыз. Қ. Жұлдызшалар беру « Ұзын құлақ сұр қоян» сергіту сәті. /Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы, қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді./ Т. «Үй жануарлары» 1-топ. Анасын тап
2-топ
Қ. Екі жұлдыз бір тілек Ө. 1 - тапсырма: Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды? Сөйлемдерді толықтырып айтыңыз / жазыңыз. Дескриптор: -өз бетінше тірішілік ететін жануарларды атайды; -адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды; -жануарларды жабайы және үй жануарларына топтай отырып, сөйлемдерді толықтырып айтады/ жазады; Қ. Мұғалімнің бағалауы дескриптормен Ө. 2- тапсырма: Жануарлардың суреттерін қиып алып, тиісті бағанға желімдеңіз. Дескриптор: Білім алушы - жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады; - үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады. Қ. Мұғалімнің бағалауы дескриптормен | Слайд №1 қосымша Smk.edu.kz №2 қосымша Smk.edu.kz | ||||||
Сабақтың соңы 8 мин | Рефлексия «Стикерлер жапсыру» |
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Чиксентмихайдың ағыны орын алу үшін тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне байланысты таңдадым. Уақытты тиімді пайдалану үшін, саралауды сабақтың ортасында қолдануды жөн көрдім. Оқушылардың тақырыпты меңгеру барысында белсенді оқыту тәсілдерін пайдалану арқылы топтық, жұптық және жеке тапсырмалар бере отырып түсінуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды саралай топтастыра отырып, берілетін тапсырмаларды саралап жоспарлаймын. Кейбір оқушылардың қабілетін ескере отырып, дереккөздер арқылы зерттеу жұмыстарына назарларын аударамын. Мысалы «Ойлан тап» тәсілінде қабілеті жоғары оқушыларға – жануарлар не істеп жатыр? Олардың қайсысы жабайы, қайсысы үй жануары? Неліктен? деген сұрақ беріледі. Олар ойланып, бақылап өз қорытындыларын жасайды. Кейбір оқушыларды дербес қолдау көрсету арқылы ішкі уәжін арттырамын. | Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданамын. Таратылған топтық тапсырмаларды орындауларын тексеру мақсатында (2 жұлдыз 1тілек) ҚБ жүргізіліп, топтар арасында пікір алмасады. Жұппен жұмыс нәтижесі жұлдызшалар берумен бағаланса, сабақ бойы мұғалімнің мадақтауы әрбір тапсырма барысында жүріп, айтылып отырады. Оқушылардың нені біліп, нені білмегенін бақылау мақсатында дескриптормен қалыптастырушы бағалау жоспарлаймын. | Денсаулық сақтау технологияларын ескеріп оқушыларға сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері жоспарланды. Сабақ басында «Жануарлар» ойыны оқушыларға психологиялық ахуал туғызу үшін ұйымдастырылса, сабақ ортасында дене жаттығуы үшін «Ұзын құлақ сұр қоян» сергіту сәтін жоспарлаймын.
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
№1 қосымша
1 - Тапсырма:
Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды? Сөйлемдерді толықтырып айтыңыз / жазыңыз.
Бұлар – _________________ жануарлар. Бұлар – ______ жануарлары. Дескриптор:
өз бетінше тірішілік ететін жануарларды атайды;
адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды;
жануарларды жабайы және үй жануарларына топтай отырып, сөйлемдерді толықтырып айтады/ жазады.
№2 қосымша