«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ұрлық түбі - қорлық

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы тәрбие беру.

Көрнекілігі: Бейнеролик, слайд, мақал – мәтелдер.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Ұрлық түбі – қорлық.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы тәрбие беру.

Көрнекілігі: Бейнеролик, слайд, мақал – мәтелдер.
Өтубарысы: 
І. Сергітусәті. 
ІІ. Таныстыру. Әр топ 4 оқушыданөзтоптарынқұрады, өзатыменұраныментаныстырады.
ІІІ.Ассоциация «Тәртіп»

V.«Тікелей сұрақтар» - әр топқа заң, құқық, ұрлық тақырыптарына қатысты сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.
VІ.Ой жалғау кезеңі.Сөздің жалғасын тап.

YIҚорытынды.
Барысы:

Мұғалім:
І. Сергіту сәті. 
Құрметті оқушылар, бүгін мен сіздерге «Ұрлық түбі - қорлық» атты тәрбие сабағын өткізгелі отырмын. Енді балалар, сендердің де құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Шарамызды бастамас бұрын жақсы көңіл-күймен сергіту мақсатында бәріміз ортаға шығып «Атом молекула» ойынын ойнайық. Жақсы, рахмет! Көңіл-күйімізді нешеге бағалаймыз. 
Халқымыздағы қалыптасқан қағидаға сай қылымыс жасау – тәрбиесіздіктің белгісі. Ұлтымыз үшін ұрлық істеу тіптіұят нәрсе. Сол себепті де қазақ халқы «Ұрлық түбі –қорлық» деп, өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үндеген. Десекте, бүгінгі таңда еліміз бойынша түрлі себептермен қылмыс деңгейі өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ойнап жүріп от басқандар түптің –түбінде жазасын алады. 
ІІ.Таныстыру. Әр топ 4 оқушыдан өз топтарын құрады, өз атымен ұранымен таныстырады.
І топ «Тәртіп»
ІІ топ «Ақиқат»
ІІІ.Ассоциация «Тәртіп»
Ендеше, балалар «тәртіп деген не?» қалай ойлайсыздар? (Ассоциация құру)
Ал, жақсы балалар тәртіптің не екенін білдік. Ал осы тәртіп қай кезде бұзылады? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Алдымен мына бейнероликті көріп алайық.
Бейнероликтен не көрдік? (оқушылар жауабы тыңдалады.)

ІV“Тікелей сұрақ” әр топқа.

Ұрлық салдары неге әкеліп соғады?

Ұрлық дегенді калай түсінесің?

Ұрлық жасаған адамға тағайындалатын жаза қандай?

Ұрлық жасау үлкен күнә болып саналады ма?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекісі ұрлық туралы қай бапта қаралады? Ұрлықтың тонаудан айырмасы бар ма?

Ұрлықтың қарақшылықтан айырмасы бар ма?

Ұрлық болмас үшін не істеу керек, қалай ойлайсыздар ? 
Өмірдің қауіпті жақтары дегенде ойларыңызға не келеді? 
Адамды ұрлық жасамауға қалай үйретуге болады? 
Оқушылар мектеп ережесін қай деңгейде сақтап жүр? 
Мектеп ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданылады? 


Ү.Ой жалғау кезеңі.Сөздің жалғасын тап.

1.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі......................... табар.(куә)
2.Әр елдің.................. басқа, иттері қара қасқа.(заңы)
3.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң..................... болар.айғақ)
4.Ата - анаңның қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін................. болғанда білерсің.(жалалы)
5............. істің - арты игі.(әділ)
6.У ішкен бір өледі,........................ ішкен мың өледі.(ант) 
7Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
8. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
9.. Ұрлық түбі ... (қорлық)
10. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
11.Тәрбие ... (отбасынан басталады)
12 Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
13. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
14. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).


ҮІ.Қорытынды.

Жеңген топты анықтау, марапаттау.

Өздеріңіз көріп отырғандай, ешқандай қылмыс және оны жасаған адам жазасыз қалмайды. Оңай жолмен олжа  тауып, баиймын деген жандар әсте қателеседі. Оданда, білім алып, мамандық бойынша еңбек ету, ризықты – жерге дән себу, мал бағып, өсіру де табыс көзі болып табылады. «Маңдайтерментапқан – нанқашандатәттіболады» дегеннақылкейбіржандарғаақылболсаекендеймін.Ұрлықтың ұрлықтан айырмасы жоқ. Ешкімнің ала жібін аттамауға тырысайықшы…






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее