«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ұлыстың ұлы күні Наурыз

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«Нұр себем,Ұлыстың ұлы күні!»

Мақсаты:  Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші: Армысыздар халайық,
Босқа қарап тұрмайық,
Наурыз тойы бастайық.
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арманда,
Қызықтан тыс қалмайық!

Жүргізуші:Қымбатты балалар,құрметті қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күнді – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! . Наурыз тойымыз құтты болсын!

Наурыз мерекесіне арналған алғашқы құттықтау сөзді мекеме басшысы Есназарова Лаззат Алимбаевна ханымға және мектеп директоры Ақтаев Әбілдахан мырза беріледі.

Ендеше құрметті қонақтар қабыл алыңыздар алдарыңызда мекемеміздің қызмет алушысы Абдыхалық Исламның және мектеп музыка пәнінің мұғалімі Ералы ағайымыздың орындауында «Күнге табыну» әні сіздердің қошеметтеріңізбен.

ҚЫДЫР АТА: 

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Әже: «Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата, Әже ортаға жайғасыңыздар бүгін біздің Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар

Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!

Ән «Ойжайлау» Орындайтын мекемеміздің музыка мұғалімі Балтабай Нұрсұлтан және мекеме қызметкерлері.

Ән: «Дүрдараз» орындайтын мекемеміздің қызмет алушысы Рахман Нышанғали.

Ендеше құрметті көрермендер наурыз мерекесіне орай біздің мекемеміздің қызмет алушылары Жанкузиева Аяна мен Курманова Русалинаның өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Жанкузиева Аяна, Курманова Русалина.

Көрініс: Қыз ұзату

Жүргізуші:0

Домбыра екі ішекті тоғыз перне,

Жарасар күйлі тартып, айтсаң терме.

Домбыра іші қуыс, сырты тақтай ,

Бірақ та сөйлемейді қолым қақпай.

Білгенге домбыра бір өнер екен ,

Күткенді бұл да тәуір көреді екен.

Домбыра екі ішекті ойнап қағам ,

Сіздерге күй тартайын шамам келсе .

Күй: «Адай» «Балбырауын» Орындайтын мекемеміздің музыка мұғалімі Балтабай Нұрсұлтан

Жүргізуші: 

Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына.

Ән: «Наурыз көктем» орындайтын мекемеміздің қызмет алушысы Рахман Нышанғали

Құрметті қонақтар біздің «Нұр себем Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік іс-шарамыз осымен өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға мыңда бір алғыс, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.



Наурыз құтты болсын!





































Келін: Ата, құдалар келіп қалды. Келіңіздер, мына отауға кіріңіздер.

Бауыздау құда: Ассалаумағалейкум!

Бас құда :Қайырлы күн! Армысыздар!

Кіші құда:Амансыздар ма?

Қыз әкесі: Уағалейкумассалам! Бала-шаға, мал-жан аман ба?

Анасы:Төрлетіңіздер.

Ағасы: Отырыңыздар. Қош келдіңіздер.

Бас.құда: Рахмет. Халдарыңыз жақсы ма?

Қыз әкесі: Құдайға шүкір. Иә бұйымтайларыңызды айта отырыңыздар.

Бас құда:  Ие, біздер сол өткенде «жаушы»  жіберіп қызды айттырып кеткен едік. Енді қазақ қазақ болғалы өзіндік салт дәстүрлері, ырым кәделері бар ғой. Сол жақтарын сөйлесіп, той күнін белгілейік деген ниетпен келдік.

Бауыздау құда:  Әрине текті жермен құда болғанға не жетсін. Ұрпағымызды жалғастыратын келінімізден несін аяймыз. Сол ырым кәделерімізді әрине жасаймыз.

Қыз әкесі: Ал, енді біз де бір қауым елміз ғой. Ағайын туысқандармен ақылдасып былай деп шештік. Қалың мал мөлшері елдің ішінде жағдайға қарап әр түрлі ғой. Біз 600 жылқы, 500 ірі қара деп шештік. Ал, той күні әрине сәрсенбінің сәтті күні болғаны жақсы ғой.

Бас құда: Иә, баламыздан несін аяймыз. Осы тойға жиған-тергеніміздің  барлығын шашамыз ғой. Дегендеріңіз болсын. Тойды өткізу күнін  туар айдың сәрсенбі күні деп белгілейік.

Қыз әкесі: Жарайды. Ал, құда осы қазақтың тағы бір дәстүрі «Өлі-тірі» делінеді. Соған не атадыңыздар.

Бас құда: Әрине, «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат»  дегендей «өлі-тіріге»  бір «ірі қара»  атадық.

Қыз жеңгесі: Қазақ атамның салты көп қой, сол дәстүрлердің бірі «Құда тартар» кәдесін жасаймыз. Әй қайным келе ғой, мына құда кәдесін молдау етіп жасасын аяғын жіп байлап тартыңдар.  (Құданың аяғын жіппен байлап тартады)

Кіші құда: Мә, ала ғой мына алтын мен күміс ақшаларды алыңыздар.

Жеңгесі: О, қомақты екен жарайды. Мынаны келіндерге үлестіріңдер. Ана келінді шақыр. «Құйрық-бауыр» дәстүрін жасасын. Әй келін құйрық-бауырды әкеле ғой.

Келіні: «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе», - ал бас құда құйрық бауырдан алыңыз, бауыздау құда сіз де, кіші құда сіз де алыңыз.

Бас құда:  Құдалығымыз ұзағынан болсын. Құйрықтай тәтті, бауырдай жұмсақ  болайық. Мә, келін құйрық - бауырдың кәдесі. (Құдалар бірінен соң бірі кәдесін беріп жатады)

Қыз ағасы: Ал, енді  «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» дегендей «бауыздау құдалар» төс қағыстырсын.

(Қыз және күйеудің әкелері төс қағыстырып құшақтасады.)

Қыз анасы: Ә, бәрекелді. Отырыңыздар. Енді ас қайтарып мына дастарқанның батасын беріңіздер. Ал құда бата беріңіз.

Бауыздау құда: Ал, қолдарыңызды жайыңыздар. Мен бір бата берейін.

Әумин десең маған,  Құдай берсін саған

Оң жағыңа қарасаң алтыннан терек орнасын,

Сол жағыңа қарасаң күмістен терек орнасын

Еш жамандық болмасын,

Қыдыр болсын жолдасың

Дастарқанның байлығын,  деннің саулығын берсін

Ұзағынан сүйіндіріп,

Құдалығымыз мың жылдық болсын.  Аумин!

Автор: Міне осылай құдалар арасында қазақ халқының дәстүрлері бірінен соң бірі жалғасып ойын-сауыққа ұласып жатады.Құдаларға киіттерін кигізіп оларды жөнелтеді.Сүйінбай  байдың аулы енді «қынаменде», «қыз ұзату»  рәсіміне дайындалады.





















Би: «Шашу»

Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

.

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік – қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?

Әже: Баланы қырқынан шығарады.

Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?

Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі

Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін

Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.

Би: Қара жорға

Ойын : Қол күрес

Әже: Менің балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее