«Зимний фестиваль знаний 2025»

Табиғат физикасы бөлімі Тақырыбы: Жарық

Жаратылыстану пәні бойынша "Табиғат физикасы" бөлімінің "Жарық" тақырыбы бойынша 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Бөлім 5: Табиғат физикасы

Тақырыбы 5.2: Жарық

Мектеп:

Күні :

Мұғалімнің есімі: М.Р.Кабдулова


СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.5.2.2.Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.5.2.3.Жасанды жарықтың қажеттілігін ж/е оның көздерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажыратады

Жасанды жарықтың қажеттілігін ж/е оның көздерін анықтайды

Бағалау критерииі:

Сурет бойынша жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажыратады

Тілдік мақсаты

Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздерді біледі және қолданады:


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:


  • Табиғи;

  • Жасанды;

  • Жарық;

  • Қараңғы.


Табиғи жарық көздерін анықтап, аттарын жазу, суреттерді қоршап сызу.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы аясында Ақсу өңіріндегі ГРЭС туралы мәлімет беру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,

Алдыңғы сабақ

Жарық пен қараңғыны біледі.Табиғи жарық көзі деген не?

Жоспар

Жоспарланатын

уақыт

Жоспарланған әрекет (төменде көрсетілгендер

орнына өз тапсырмаңызды жазыңыз)

Ресурстар

басталуы



(Ұ) Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).


ортасы





. (Ұ)Ойын «Кім тапқыр?»

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ойын өткізіледі. Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар шешуін табады.  
Қараңғыда жымыңдай жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады  (Жұлдыз)


Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. /Күн/


Кейде орта, кейде толы бір тегене,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,

Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,

Балалар, ойлап қара, бұл немене? /Ай/

Су ішінде екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын./Ай мен күн/


Сығырайып қарады,

Аласарып барады.

Жан-жаққа жарық шашады.

Майы тамшы боп ағады. /Майшам/.



Жарығыкүндей,
Таңқалдырарадамды,
Жалындапкүймей
,

Төбеде жанып тұрады. /Электр жарығы/



-Балалар, жұмбақтардың шешуі не болды?

-Суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл не?

-Бұлардың ортақ қасиетін анықтаңдар.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



ЖАРЫҚ

(Т) Жарықтың түрлі көздерін атаңыз. Оларды табиғи және жасанды деп жіктеңіз.

Оқушыларға қима суреттер беріледі. Оқушылар топта бірігіп отырып, ақылдасады.Табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады.





Бағалау критерийі

Дескриптор

Сурет бойынша табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады

-жарық көздерін атайды

-табиғи жарық көздерін көрсетеді,атайды

- жасанды жарық көздерін көрсетеді,атайды




(Ұ) -Балалар, біздің кабинетімізде қандай жарық көздері бар?

-Олар жарық көздерінің қай түріне жатады?Неліктен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ) «Жарық қайдан пайда болады?» деген сұрақ аясында әңгіме құрып, видео материалды тамашалау, талқылау.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы аясында Ақсу өңіріндегі ГРЭС туралы мәлімет беру

(Қ) Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жарықтың табиғи және жасанды көздерін анықтай алады.


Сергіту сәті: «Жарық-қараңғы» ойынын ойнау

Оқушылар мұғалімнің берген нұсқаулығы бойынша «Жарық» дегенде әр түрлі қимылдар мен іс-әрекеттерді көрсетеді, ал «қараңғы» деген кезде тоқтау немесе ұйықтау керек.

(Қ) Қалыптастырушы бағалау – оқушылар табиғи және жасанды жарық көздерін анықтай алады.

Тақырыптық суреттер мен жұмбақтар







































































Соңы

Рефлексия:

-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

Жауаптарын жіпке іледі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз??

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Ақсу өңіріндегі ГРЭС туралы мәлімет жинақтау

Жасанды жарық көздері туралы айтуда қиналған оқушыларға жеке көмек көрсету

Жұмбақтар шешу

Тапсырма: Жарықтың түрлі көздерін атаңыз. Сурет арқылы оларды табиғи және жасанды деп жіктеңіз

видео материалды талқылау.



«Жарық-қараңғы» ойыны

Майшам,электр шамдарын қолданудағы қауіпсіздік техникасы

Өзара сыйластық,ынтымақтастық,

еңбексүйгіш

Рефлексия

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз

сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз

Сабақтың мақсатына жетім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажыратады. Жасанды жарықтың қажеттілігін ж/е оның көздерін анықтайды

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:


2:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее