«Зимний фестиваль знаний 2025»

Суммативное оценивание за четверть

контрольная работа за 3 четверть во 2ом классе по обновленному содержанию образования

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Орындаған:

«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым


  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.


Бір күні оқу пәндері өздерінің пайдасы туралы айтысады. Айтысты математика пәні бастайды.

    • Мен - барлық пәндердің патшасымын. Адамдарға санауды, сандарды қосу мен азайтуды үйретемін, - деп мақтанады.

    • Ал мен әдемілікті түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сурет салады, – дейді өнер

пәні.

Айтысқа басқа пәндер де араласып кетеді.


  1. Мәтінде не туралы айтылған? А) пәндердің айтысы туралы

В) пәндердің достығы туралы С) пәндердің татулығы туралы

D) пәндердің атаулары туралы

[1]


  1. Оқу пәндері өзі туралы не айтты? Сөздер мен тіркестерді сәйкестендіріп сыз.





[2]

Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1


Математика санды және санауды үйретеді.

1


Өнер әдемілікті түсінуді үйретеді.

1

Барлығы

3



Айтылым

  1. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қай пәндер өзара айтысып қалды?

  2. Айтысқа тағы қандай пәндер қатысты деп ойлайсың?

  3. Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?


[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат






2

Математика / өнер / математика мен өнер / математика мен өнер пәндері.

1


Қазақ тілі мен орыс тілі / жаратылыстану мен дене шынықтыру / дүниетану.

1

Сұраққа қатысты басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Білім алушының ықтимал жауаптары: Мен қазақ тілін ұнатамын. Өйткені бұл пән оқу мен жазуды үйретеді/Маған қазақ тілі пәні ұнайды. Одан дұрыс сөйлеуді үйренемін.

2

Сұраққа қатысты басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Қойылған сұраққа қатысты ойын айтады - 1 балл.

Өз көзқарасына дәлелді пікір айтады -1 балл қойылады.

Барлығы

4




Оқылым


  1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.


Әлидің үйі орманға жақын. Бір күні Әли бөлмеде жүрген кішкентай тиінді көрді. Әли әкесінен:

    • Әке, тиін қайдан келген? - деп сұрайды.

    • Орманнан келді, - дейді әкесі.

    • Алақай, ол менің досым болады! Мен оған тамақ беремін.

    • Жоқ, балам. Тиін - жабайы жануар. Ол жаңғақпен қоректенеді. Тиін ормансыз өмір сүре алмайды, - деді әкесі.

    • Түсіндім, - деді Әли. Ол тиінді орманға апарды.


  1. Мәтін не туралы? А) орман туралы

В) тиін туралы С) жаңғақ туралы

D) ағаш туралы


  1. Мәтіннің жанрын анықта. А) әңгіме

В) ертегі

С) өлең

D) жұмбақ

  1. Әли не істеді? Оның іс-әрекетін сәйкестендір.








[4]


Балл қою кестесі


Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


3

В

1


А

1


Әли тиінді көрді.

1

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.

Әли тиінді орманға апарды.

1

Барлығы

4



Жазылым


  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.


  1. Әли бөлмесінде не көрді?

  2. Ол қандай жануар?

  3. Ол немен қоректенеді?


[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушының ықтимал жауаптары:

  1. Әли бөлмесінде тиін көрді / кішкентай тиінді көрді / тиін көрді / тиінді / тиін.

  2. Тиін – жабайы жануар / орман жануары

/ жабайы.

  1. Тиін жаңғақпен қоректенеді / Ол жаңғақпен қоректенеді / жаңғақпен қоректенеді / жаңғақпен / жаңғақ.

4

Жауаптың кез келген нұсқасы қабылданады.

Әр дұрыс жауапқа

– 1 балл қойылады. Сөздерді сауатты жазады -1 балл.

Барлығы

4




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее