«Зимний фестиваль знаний 2025»

Сайт жасау мүмкіндіктері мен кең тараған әдістері және оның орта білім беру саласындағы орны

Заманауи қоғамның ақпараттануы және онымен тығыз байланысты білім қызметінің барлық түрінің ақпараттану үрдістері - жетілдіру үрдісі мен заманауи ақпараттық, коммуникациялық технологияларымен және көпшілікке таралатылумен сипатталады. Қазіргі кездегі ашық, қашықтықтан білім алуда аталмшы технологиялар ақпарат тасымалдауда және оқытушамен оқушы арасындағы байланысты қамтамасыз етуде белсенді қолданылады. Бүгінде оқытушы АКТ аясында тек білімге ие болмай, оны кәсіби қызметінде шебер қолдану қажет.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

САЙТ ЖАСАУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН КЕҢ ТАРАҒАН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОРНЫ



Ж.С.Сергеева

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Ақтау [email protected]

Пікір беруші -

Еліміздің екінші мүшелден аттағалы отырған шағында білім саласы реформалармен толықпақ. Болон хартиясына қол қойған бастап, Қазақстан білім үрдісінің халықаралық жүйесіне енді. Соған орай еліміздің білімге қойлатын талаптары жаһандануға ұшырайды. Басты шарты тек оқушыларға ақпаратты-коммуникативті құзырлықтарды қалыптастыру емес, ұстаздарға да бойына сіңіру. Орта білім беру саласы әлі де жетілдіруді талап етеді. Мәселен, жаһандану аясында халықаралық ынтымақтастықты, қатынасты белсенді түрде күшейту, тәжірибемен алмасу; оқу үрдісіне қатысты дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беру.

Білім беруде ұлттық модельді басшылыққа алған заманауи мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі анық. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп Біріккен Ұлттар Ұйымы шешім қабылдады.

Орта білім беру ұйымының мұғалімдері жеке сайт құрып, интернет арқылы оқушымен үздіксіз байланыста болуын қарастырады. Білім алушы кез келген уақытта туындаған сұрақтарға шешім табатыны анық. Оқытушы пәнге қатысты тиісті ақпаратты сайтқа орналастыруымен, оқушы сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.

Қазіргі кезде информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр. Заман талабына сай кез-келген мекеменің, ұйымның, қоғамдық бірлестіктің сайты болуы тиіс, себебі бүгінгі адамдар көбінесе жаңалықтарды Интернеттен алады. Адам өмірінде интернетті пайдалану шекарасы да кеңейтілуде. Интернет адамдардың психологиясы мен дүниеге көзқарасын өзгертеді. Осы күнгі қоғам өмірі тым компьютерленген. Ақпараттық қызметтерге қойылатын талаптар (оперативтік жады, сенімділік) өзгеруде.

Web - сайттардан түсетін пайданың басым бөлігі басқа елдердің пайдаланушыларынан құрылады, сондықтан бизнес саласында жұмыс жасайтын компаниялар үшін Web - сайт ашып, қосып, қажетті, маңызды ақпаратпен толтыру өте маңызды. Сайт құру - бұл құрушыдан ұқыптылықты, жауапкершілікті концепциялар мен көптеген принциптерді білуді, технологиялық стандартқа инабатшыл қатынас көрсетуді талап ететін ауыр еңбек. Сайт құру сұрақтарының казіргі әдістерін білу, тәжірибеде қолдану болашақ программистер үшін аса маңызды болып табылады.

Әлемдік тордa бірнеше миллиондaғaн Web-сaйт бaр және олaрдың сaны күнбе күн өсіп отыр, сәйкесінше Web-сaйт құруғa aрнaлғaн құрaлдaр дa әр aлуaн. Сондaй құрaлдaрдың бірі HTML гипермәтіндік тілі мен РНР бағдарламалау тілдері болып тaбылaды.

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсындa гипермәтiн түрiнде көрнекi және aнықтaмaлық мaтериaлдaр орнaлaстырылaды. Aл іздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде интернет ресурстaры бойыншa aнықтaмaлaр aрқылы сiлтемелер жинaғын дaйындaуғa болaды.

Web – сайт және оның парақтарын құруда әртүрлі әдістер мен заманауи технологиялар қолданылады. Соның бірі, Web – формалары – динамикалық Web – сайттың негізгі элементтері болып табылады. Web-формалар – интернет қосымшаларында қолданушы интерфейсі ретінде қызмет атқаратын, программаланатын Web- қосымшалар ретінде анықталады, сaйтты пaйдaлaнудa оның мaңыздылығын aйқындaу, aқпaрaттық теxнологиялaрмен тaнысу және олaрды Web - қосымшаларды құрудa пaйдaлaну [1].

Сондықтанда бұл технологияны меңгеру және қолдана білу қазіргі заман талаптарын қанағаттандыратын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сайт негізінде презентациясы құрылған HTML, PHP, JavaScript, Macromedia Flash программалау тілдерінің негізгі элементтері, тұрақты және өзгермелі Web – парақтарды құрастыру жайында мәліметтер қарастырылады. Сайтты құруға жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, басқа да сайт құруға қолдана білу және оқушылар мен студенттерге сайт құру жолдарын көрсету.

Қорытындылай келгенде, жұмысымды орындау барысында қалаған нәтижеме жету үшін HTML, JAVASCRIPT, PHP тілдерін қолдандым. HTML мен JAVASCRIPT, PHP тілдерінің каскадты стилдер кестесі, сценарийлерді қолдандым. Бұлардың ыңғайлылығы, құрылымды мәліметтер қорымен байланысы және көптеген бар және алда болатын қарапайым элементтері қызықтырмай қоймайды.

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да, программалау тілдері де аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, сайт жасауда көп қолданысқа ие гипермәтіндік HTML, серверлік РНР тілдері. Соңғы кезде әлемдік тор нарығында, HTML, PHP тілдері негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ қолданушыға программалық өнімдер жасауға мүмкіндік беретін Web сайттар саны  көбейіп барады. Осы интернет программалау тілдері қазіргі таңда кең қолданылып  жатқан  технология  болып  табылады.

JavaScript тілі Netscape компаниясымен HTML беттерді қарау тілі ретінде өңделді. JavaScript тілі – объектілі-бағытталған тіл. JavaScript тілі Netscape Navigator: терезе, форма, форма өрістері. Бұл маңызды программаларды жазуға мүмкіндік береді. JavaScript тілінде бірнеше функционалдық мүмкіндіктерді: жаңа терезенің ашылуы, күнтізбе, сурет галереяларын программалауды жүзеге асыруға болады [2].

CSS (каскадтық стильді кестелер) – HTML,XHTML белгілеу тілдерінде жазылған Wеb беттердің сыртқы көрінісін суреттейтін, әрлейтін тіл. Бұл тілде Wеb беттердің сыртқы көрінісіндегі шрифттер, түстер, жайғасуы, блоктар сияқты элементтерді жасауға болады. CSS-тің пайда болуының негізгі себебі web беттердің логикалық құрылымдарымен сыртқы көріністерін суреттеуді бір-бірімен бөліп қарастыру болды. Себебі әр қайсысы бөлек болса, сайт жасағанда да, сайттың кодын оқығанда да түсінуге ыңғайлы болады.

Сайт жасаудың ең оңай әдісі ол дайын конструктормен жасау, яғни сіз белгілі бір сайтқа тіркелесіз олар сізге домен адресіңізді жазуыңызды сұрайды және дайын дизайын ұсынады, хостингтен сізге шектеулі ғана орын береді. Міне бар жоғы осы сайтыңыздың басқару панелімен қоса бастапқы нұсқасы дайын, бұған ары кетсе 10 минут қана уақыт кетеді. Сосын ары қарай сайт менюін қазақшалайсыз, сайттың атын жазасыз, әрі бұл әдіс арқылы сайт жасау бүкілдей тегін. Ең көп тараған конструкторлар: www.ucoz.ru және www.narod.ru юкозбен сайт жасау қысқаша жоғарыда айтылғандай, ал народ румен сайт жасау кішкене басқашалау онда сайттың дизайнына өз еркіңізбен өзгерістер мен толықтырулар енгізе аласыз, бір қызығы бұл әдіспен сайт жасағанда сіз хостинг, домен, FTP, PHP, HTML деген сияқты (хостинг, домен, НТМL бұл туралы кейінірек) веб сайт жасау саласындағылар білмесе болмайтын терминдерді түсініп жатпай ақ сайт жасайсыз. Бірақ веб программадан хабары барларға сайтыңызды деп көрсетпеңіз, өйткені бұл әдіспен сайт жасау бұл салада білімі төмен надандардың ісі болып табылады.

Сайт жасаудың екінші әдісі движоктармен жасау движок дегеніміз HTML, PHР т.б пайдаланып жасалынған папкаларға салынған түрлі файлдар, сайттың дайын базасы. Сіз тек меню қосасыз модулдарды қосып оны қазақшалайсыз немесе қазақшаламайсыз, басқа да жұмыстарын тындырасыз. Движоктардың түрі көп соның ішіндегі аса танымалдары және кемелденгендері: joomla, drupal, wordpress, DLE, livestrееt. Сайт жасау үшін оны хостингке лақтырып орнату керек сосын ары қарай түзейсіз. Хостинг дегеніміз сіздің интернет кеңістігіндегі жалға алатын орныңыз, оны сіз арнаулы хостинг компаниялардан сатып аласыз. Бағасы орынның көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Сонымен бірге движокты сайтыңызды асықпай компьютеріңізге орнатып алуыңызға да болады, ол үшін бізге Denwer керек бұл арнаулы программа сайтыңызды хостингте(интернетте) тұрғандай сезіндіреді.

Сайт жасаудың ежелгі әдістерінің бірі бұл арнаулы программалармен жасау, бұлардың түрлері көп, Google-ға программа создать сайт деп жазып түртіп қалсаңыз болды алдыңызға жайып салады. Қарапайым алғаш үйренушілерге арналған түрі Front Page бұл программа кейбір Office 2003-тің ішінде кездеседі. Қазіргі кездегі ең көп қолданылатын түрі Macromedia Dreamweaver [3].

Ал енді сайт жасаудың төртінші және классикалық әдісі сайтты арнаулы тіл арқылы жазып шығу, яғни сіз HTML, PHP сияқты сайт жасау тілдерін терең меңгерген болсаңыз жоғарыдағы движоктың да программаның да керегі жоқ, сайтты кәдімгі блокнотпен ақ жасай бересіз, блокнотқа арнаулы тегтермен қоршалған сөздерді жазып, сақтап оны браузермен ашсаңыз браузерден сол жазған сөзіңіз ғана көрінеді, яғни тег дегеніміз сайт бетіндегі сөйлемді түрлендіруге арналған (мысалы абзац жасау жирный шрифтпен алу деген сияқты) сайт фонының реңін өзгертуге бағытталған т.б көптеген сайтты әрлеуге, модульдар жасауға арналған код. Браузер материалды осы тегтер арқылы ғана таниды.

Оқытушыларға сайт жасау әдісін меңгерту мүмкіндіктерін қарастырып, мектептің білім беру сапасын жоғарлату, бірнеше міндеттерді шешу жүзеге асады. Ақпараттық технология құзырлығы жаһандану әлемнің басты талабына айналғаны сөзсіз. Коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы ақпараттық әдістемелік материалдар білім беруді жетілдіруді көздейді.

Педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білімді болуына, әлеуметтену, азаматтық, білім құзырлықтарын қалыптастыруға да тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі таңдағы зымырап жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті [4].

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- делінген [5]. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, қисынды - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ұстаздық жолға түскен тұлға ер жүректі десе де артық болмас, еңбек тәжірибесі барысында заман ағымының талаптарын ілгері меңгеру - басты міндеті. Елінің болашағына қадам жасап, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне тікелей қатысатын маман. Қоғам алдында мұғалімнің жауапкершілігі ауқымды, себебі берілген білім, тәрбие нәтижесі – елдің әлемдік саяси арнасындағы тұрақты жолды анықтайды.

Заманауи қоғамның ақпараттануы және онымен тығыз байланысты білім қызметінің барлық түрінің ақпараттану үрдістері - жетілдіру үрдісі мен заманауи ақпараттық, коммуникациялық технологияларымен және көпшілікке таралатылумен сипатталады. Қазіргі кездегі ашық, қашықтықтан білім алуда аталмшы технологиялар ақпарат тасымалдауда және оқытушамен оқушы арасындағы байланысты қамтамасыз етуде белсенді қолданылады. Бүгінде оқытушы АКТ аясында тек білімге ие болмай, оны кәсіби қызметінде шебер қолдану қажет.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Кез келген халықтың, ұлттың толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, негіз қалаушы да – мектеп.


Қолданылған әдебиет


  1. Гаевский А.Ю.Создание Web - страниц и Web - сайтов. Москва 2005.

  2. Марина Дмитриева. «Java Script» – Санк – Петербург. «БХВ - Петербург» 2002г. //http://vipbook.info/

  3. www.google.kz, www.yandex.kz

  4. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. ҚР ПРезиденті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 18.01.2006, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K060002006_

  5. ҚР «Білім туралы» заңы. 2007 ж.

  6. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы;

  7. 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 235 б.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее