«Зимний фестиваль знаний 2025»

Сабақ жоспары "Үшбұрыш.Бір - көп"

Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлемінеқарай (үлкен - кіші) және санынақарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: қуыршақ әже, үлкен және кішкентай үшбұрыштар бейнеленген сурет, үлкен және кішкентай екі тәрелке, қағаздан жасалған кәмпиттер.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Техналогиялық карта

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Үшбұрыш. Бір – көп. Логикалық тапсырма».

Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлемінеқарай (үлкен - кіші) және санынақарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: қуыршақ әже, үлкен және кішкентай үшбұрыштар бейнеленген сурет, үлкен және кішкентай екі тәрелке, қағаздан жасалған кәмпиттер.



Оқу іс әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс -әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғауыш

Ғажайып сәт.

Есіктен қолында әже бар педагог кіреді. Ол балалармен амандасып, өзімен бірге екі тәрелке және кәмпиттер ала келгенін айтады.

«Әжеге көмектес» ойыны.

Балаларға екі бос тәрелкені көрсетеді де,олардың оған көмектесуін өтінеді. Бір баланы шақырып, кішкентай тәрелкеге бір кәмпит салуын, содан соң келесі баланы шақырып, үлкен тәрелкеге көп кәмпит салуын сұрайды.

«Дұрыс қой» ойыны.

Жапсырмамен жұмыс.

Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге, ал көп кәмпитті үлкен тәрелкеге жапсыруды тапсырады.


-Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-Бүгін біз жаңа геометриялық фигурамен танысамыз. Олар: үлкен және кішкентай, қызыл және көк болады.

Қызығушылық танытады.

Әжемен амандасады.



Әженің қасына келіп тапсырманы орындайды.



Балалар назарын суретке және жапсырмаға аударады.


Жауап береді.


Педагогті мұқият тыңдайды.




Ұйымдастырушылық ізденістік

«Үшбұрышпен танысамыз» ойыны.

«үшбұрыш» деп аталатын жаңа геометриялық фигурамен танысуға шақырады.

Содан соң балалар саусағымен суреттегі бағыт сызығын бойлай жүргізіп шығуын өтінеді. Үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен, кішкентай үшбұрышты көк қарындашпен бастырып сызу тапсырады.

Балаларға мынандай сұрақтар қойылады:

-Сендер қызыл қарындашпен қайсы үшбұрышты сыздыңдар?

-Ал көк қарындашпен қандай үшбұрышты бастырып сыздыңдар?

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Сергіту сәті: «Жаттығу».

Жаттығуды жасаймыз!

Бір дегенде – тік тұрамыз.

Екі дегенде – екі рет айналамыз.

Үш дегенде – үш рет секіреміз.

Төрт дегенде – отырамыз!

«Заттар қандай фигураға ұқсайды» ойыны.

Педагог балалардан суреттегі заттармен танысып, олардың атауын атап беруді сұрайды:



-Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?


Заттардағы үшбұрыштарды бояу ұсынылады.


Жекеленген жұмыс жүргізіледі.





Балалар берілген тапсырманы орындайды.

Үшбұрыштарды нүкте бойымен бастырып сызып шығады.

-Үлкен үшбұрышты.

-Кішкентай.


Балалар бойларын тік ұстап тұрады. 2 рет айналады. 3 рет секіреді.


Отырады.


Суретке қарап, заттарды атайды: үй, қайық,шырша.


-Үшбұрышқа ұқсайды.

Балалар заттардағы үшбұрыштарды бояйды.


Қортындылау

Әже балаларға тәрелкелерге кәмпиттерді дұрыс салғандары үшін рақмет айтып, сол үшін кәмпит сыйлайды.


Әжесінің сыйлығына балалар қуанады.



Күтілетін нәтиже:


Білуге тиіс: геометриялық фигураларды – шеңбер,үшбұрышты атайды.


Түсінеді: заттарды көлемі (үлкен - кіші) және саны (көп – аз ) бойынша салыстыруды.


Қолданады: қоршаған ортадан үшбұрышты нысанадағы заттарды табуды.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее