«Зимний фестиваль знаний 2025»

Сабақ жоспары Тақырыбы : Есеп және оның құрылымдық элементтері-шарты,сұрағы,шешуі,жауабы,туралы түсінік.

Шаттық шеңбер:

Ойнап,күліп аламыз,

Оқып,білім аламыз.

Есепті де шешеміз,

Жетілсін деп санамыз.

Шынықтырып денені

Батыр,алғыр боламыз.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:24.01.2017

Білім беру саласы:”Таным”

Бөлім:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы:Есеп және оның құрылымдық элементтері-шарты,сұрағы,шешуі,жауабы,туралы түсінік.

Мақсаты:”Есеп”түсінігімен,оның құрылымдық элементтерімен таныстыру; сұрақ қою және оған жауап беру дағдыларын дамыту. 5 (6) жастағы балалармен есепті шешуге дайындық жұмысы жүргізіледі.Бұл жұмыс арифметикалық амалдардың мәнін ашуға және оларды саналы

түрде пайдалануға,шамалар арасында өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Қос тілдік компонент:есеп-счет,шарты-состояние,шешуі-решение,жауабы-ответь;

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Ойнап,күліп аламыз,

Оқып,білім аламыз.

Есепті де шешеміз,

Жетілсін деп санамыз.

Шынықтырып денені

Батыр,алғыр боламыз.

Балалар шаттық шеңберіне шығып,

тақпақтарын бірге

қайталайды.

Ұйымдастыру-

Іздестіру



















Ауызша жұмыстар










Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс

















Сабақты түйіндеу.

Балалар, бүгінгі сабақты жақсы көңіл-күймен бастап, батыр,алғыр болайық.Бүгін біздің қаламызға қонаққа Қызыл телпек саяхаттап келді.

  • Қызыл телпектің не үшін біздің қаламызға келгенін білу үшін, сендер маған мынаны айтыңдаршы. Сендердің 80 жасқа толған аталарың бар ма?

  • Сендердің аталарың сияқты біздің Балқаш қаласы да биыл 80 жасқа толып отыр. Қызыл телпекке қаламыздың әсем жерлерін көрсетеміз.

  • Қызыл телпек саяхатын сендерге қарапайым сұрақтар қоюдан бастағысы келіп тұр.

  1. 1 жылда неше мезгіл бар?

  2. Қазір жылдың қай мезгілі?

  3. Бір аптада неше күн бар?

«Тәуелсіздік алаңы»

Тапсырма: Кез - келген санды таңдау арқылы тиісті сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Оң қолда 2 алма, сол қолда 2 алма. Барлығы неше алма?

  2. 3санының көршілерін ата.

  3. 1 - 10 дейін тура және кері сана.

  4. Геометриялық фигураларды ата.

  5. 1 – 10 ға дейін өсу ретімен орыс тілінде және ағылшын тілінде сана.

«Көл жағалауы»

Оқулық. №1 8 – бет

Оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізе отырып, жетелеуші сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашу.

Есеп және оның құрылымдық элементтері-

шарты,

сұрағы,

шешуі,

жауабы,туралы түсінік қалыптастыру.

Серікте 2 қонжық,3 машина бар.Серікте барлығы неше ойыншық бар?

2+3=5

Бос орынға есептің шешуі 5 санын жазу керек.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

«Мәдениет сарайы»

Дәптермен жұмыс.

9 – бет №4 тапсырма. Сандарды бастырып жазып, торкөздердегі суретті қайталап салып бояу.

«Білім ордасы» 8-мектеп

5 санның құрамын анықтау.

3+2=

4+1=

5+0=

Логикалық тапсырмалар.

  1. Дүйсенбі аптаның нешінші күні?

  2. Біздің қаламыздағы ең биік үйлер неше қабатты?

  3. Бір үйде екі ұл бала және бір қыз бала бар. Барлығы неше бала бар?

  4. Қазақтың қасиетті саны.

1937 жыл Балқаш қаласының құрылған жылы. Бүгінгі Балқашымыздың 80-жылдығына арналған саяхатымыз Қызыл телпекке қатты ұнады.Балалар енді Қызыл телпекті өз ертегілер еліне шығарып салайық.

Сабақты қорытындылап, алған білімдерін бекіту. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтап,ынталандыру.




Қызығушылықпен тыңдап отырды





Балалар сұраққа жауап береді


Дұрыс жауап береді





Жауап берді









Сұрақтарға жауап


Күтілетін нәтиже: Есептің құрылымдық элементтерін (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) білу;

Нені білу керек: «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен танысады;

Нені игереді: Есептің құрылымдық элементтерін игереді;

Нені біледі: Есеп бойынша сұрақ қоя алады, шартын оқи отырып, шешуін таба алады.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее