«Зимний фестиваль знаний 2025»

Сабақ жоспары Наурыз мейрамы

Сабақ жаңа технологияларды пайдалана отырып жасалған. Мұғалімдерге көмек болады деп ойлаймын.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы : «Наурыз мерекесі»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын молайту, жаңа сөздерді пайдаланып ауызекі сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Көрнекілігі: Презентация слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын (балалармен бірге)

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастайық!

Сабаққа қатысқан қонақтарға және сыныптастарына тілек айту. (Әр оқушы өзінің есімін айтып, тілек айтады) «Акрон» әдісі

ІІ. Ой қозғау кезеңі:- оқушылар жұмбақты тыңдап шешімін айтады.

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды,

Бұл қай кезде болады?

  • Көктемде қандай мерекелер болады?

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын қою

-Наурыз қандай мейрам?

-Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз мерекесі».

- Бүгін сабақта тағы Наурыз мерекесі туралы қызықты ақпарат аласыңдар.

Әр жұмыстан кейін бір – бірімізге «Жапондық бағалау» әдісімен пайдаланып баға қоямыз.

ІҮ. Жаңа сабақ

АССОЦИАЦИЯ «Наурыз» сөзін естігенде нені елестетесіңдер? «Карусель» ойыны -оқушылар бір параққа кезектесіп білетін сөздерін жазады.

Тексеру: кезектесіп оқу.

Мәтінмен жұмыс:

А) Тыңдалым «Түртіп алу» әдісін пайдалану

Наурыз мерекесі.

Наурыз - шығыс халықтарында жыл басы мерекесі. Парсы тілінен "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деп аударылады. Жаңа жылдың бірінші күні дейді. Халық наурыз мерекесіне дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, бақта ағаштарды отырғызады. Әдемі ұлттық киімдерін киеді. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды, сыйлық сыйлайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Бұл күні жер иесі Қыдыр Ата даланы аралап, баршаға бақыт пен береке тілейді. Мерекеде жастар ән айтады, би билейді және ұлттық ойындар ойнайды. Үлкен кісілер бата береді. Мереке көңілді өтеді.

(Біз де сабақтан соң бауырсақ пен шелпек жейміз).


Ә) Сөздік жұмысы:

Шығыс халықтырында – у восточных народов

Парсы тілінен – с персидского языка

Жер иесі - «хозяин» земли

Аралайды - обходит

Баршаға – всем

Бата – благословение

Б) Оқылым - аудару

В) Айтылым

*«Өрмекші» әдісімен - сұрақ құрастырып, бір – біріне қою.

**«Дұрыс – дұрыс емес» ойыны (мәтін бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді)

Ү. Бекіту:

Жазылым: Тақырып бойынша тапсырмалар орындату.

1 – тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Күн мен түн .................................... .

Әр үйде наурыз көже ....................... .

Наурызда адамдар ұлттық ойындар ......................... .

Керекті сөздер : пісіреді, теңеледі, ойнайды

2 – тапсырма
Сөздерді сәйкестендір

Наурыз

Қыдыр Ата

Күн мен түн

Наурыз көже

Жеті түрлі

Бұл күн

теңеледі

тағам

демалыс күні

мереке

аралайды

дайындайды



Презентацияның слайдың пайдаланып - Өз-ара тексеру.

3 тапсырма: Мәтінде асты сызылған сөздердің септігін анықтау.

  • Наурыз атау септік

  • Жылдың ілік септік

  • Бақта жатыс септік

  • Мерекемен көмектес септік

  • Тағамнан шығыс септік

  • Даланы табыс септік

  • Баршаға барыс септік

Презентацияның слайдың пайдаланып - Өзін тексеру.

Интеактивтік тапсырма: Берілген суреттерден коллаж құрастыру:

Жаңа жыл

1 топ 2 топ

Наурыз

мерекесі





Топтың 1оқушысы шығып жұмысын көрсетіп, әңгімелейді.

ҮІ. Қорытынды. Топпен жұмыс:

1 топ- Наурыз, 2 топ - Жаңа жыл сөздеріне 5 жол өлең жазу. «Синквейн» әдісі

Жұмыстарын тексеру.

ҮІІ. Үйге тапсырма. Сөздерді жаттау. «Наурыз» сөзін септеу

Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!



ҮІІІ. Рефлексия.

Кері байланыс «Тазалық» әдісі

ІХ. Бағалау.

Наурызда адамдар бір-бірімен құшақтасып көріседі. (оқушылар тұрып, үш рет құшақтасып, көріседі)

Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс ақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле – жала жерге енсін!

Қонақтарға сыйлық беру.





КЕРІ БАЙЛАНЫС

ЖАҚСЫ

ТҮСІНДІМ

СҰРАҚТАРЫМ

БАР

ҚЫЗЫҚТЫ

ЕМЕС



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее