«Зимний фестиваль знаний 2025»

План урока на тему: Біз өнім жинаймыз. Ұзындықты өлшеймін.

0.2.4.3. Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы

бойынша салыстыру.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

ТАҚЫРЫБЫ: Біз өнім

жинаймыз. Ұзындықты өлшеймін.

Мектеп/МДҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.2.4.3. Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы

бойынша салыстыру.


Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

-бір-біріне тұстастыру немесе бір-біріне беттестіру арқылы

заттарды ұзындығы бойынша салыстырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы бойынша

салыстырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-ұзындықты өлшеу үшін өлшемді таңдайды.

Тілдік мақсат

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

-заттардың ұзындықтарына қатысты өздерінің тұжырымдамаларын

жасай алады : бұл зат ... қарағанда ұзынырақ (қысқарақ), бірақ ...

қарағанда ұзынырақ (қысқарақ) .

Пəндік лексика жəне терминология:

-ұзын, қысқа, өлшем, беттестіру, біріктіру.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

Мына заттардың қайсысы ұзынырақ (қысқарақ)?

Сендер қалай салыстырдыңдар (көзбен біріктіру, беттестіру

арқылы, өлшемнің көмегімен)?

Көзбен біріктіру, беттестіру арқылы, өлшемнің көмегімен екі

затты ұзындығы бойынша қалай салыстыруға болады?

Егер заттарды қатар қоюға болмаса, қай зат ұзынырақ (қысқарақ)

екенін қалай білуге болады?

Заттың ұзындығын қалай анықтауға болады?

Екі затты ұзындығы бойынша қалай салыстыруға болады?

Жазу:

-жиектеу, бояу.

Өткен ҰОҚ алған білім

Ұзындық, ұзын, қысқа, ұзындығы бойынша салыстыру.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ынталандыру.

Басталуы

0–5 минут


Педагог көгөністер бейнеленген суретті көрсетіп, былай

деп сұрайды:

Көгөністердің атауларын білесіңдер ме?

Содан кейін көгөністердің пайдасы туралы білуді жəне

ұзындықты өлшеп үйренуді ұсынады.

Көгөністер мен жемістер бейнеленген сурет.

Ұзындығы əртүрлі заттар –көгөністер(ойыншық

көгөністер).

Өзектендіру.

Ортасы

6–15


Педагог жидектер, жемістер мен көгөністер қандай

фигураға ұқсайтынын салыстыруды ұсынады. Мысалы:

Құлпынайүшбұрыш, қарбызшар, қиярсопақ,

қызанақшар, дөңгелек.


Мақсат қою (проблемалық жағдай).
































16–25 Жаңаны қолдану.


(Т) 1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда көгөністерді ұзындығы бойынша салыстыру керек.

Осыған ұқсас тəжірибелік жұмыс ұйымдастыруға болады.Балалар заттарды қатар қойып салыстырады немесе бір-біріне беттестіреді жəне ұзындық туралы қорытынды жасайды.

1.Қай көгөніс ең ұзыны? 2.Ең қысқасы ше?

3.Қай көгөніс кәдіге қарағанда қысқа,бірақ қиярдан ұзын? 4.Өзің сұрақтар ойластыр.

Педагог жиынтық полотнода заттарды бір-бірінен алыс қояды немесе көгөністерді, ойыншықтарды бөлменің əртүрлі жағына орналастырады.

Не ұзынырақ?

Балалар қателесуге болады деген қорытынды жасайды.

Жаңалық ашу.

(Ө) Жеке жұмыс істеу үшін 2 -тапсырманы орындауды ұсынады, онда ең ұзын бұрышты қызылмен, ал ең қысқасын жасылмен бояу керек. Қызылдан қысқарақ, бірақ жасылдан ұзынырақ бұрышты сарымен бояу керек

(түстерді мəтінде қарындашпен көрсету керек), өлшем ретінде қағаз жолақты алуға болады.

(Ұ) 3-тапсырманы орындауды ұсынады, онда көгөністердің ұзындығын салыстыру керек.

Əртүрлі қорытынды шығуы мүмкін. Мысалы:

Əлия мен Сырым көгөністердің ұзындығын өлшемдермен өлшейді. Сырым жержаңғақпен, ал Əлия грек жаңғағымен өлшейді.

Балалар ҰОҚ-де қолданатын өлшем ретінде жолақшаларды немесе бұршақтарды (тең) үлестіріп беруге болады.

Бірдей өлшемдермен өлшеу керек екенін көрсету керек. Егер өлшемдер əртүрлі болса, əртүрлі нəтиже шығуы мүмкін.

Əліппе-дəптер

Ұзындығы

əртүрлі заттар –

көгөністер

(ойыншық

көгөністер).


Əліппе-дəптер.




Əліппе-дəптер

Үлестірмелі

материалдар.

Рефлексия

26–30


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.

Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы

бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее