Сабақтың тақырыбы: 5 – ке көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: 5 – ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу
жағдайларын құрастыру. 5 – ке көбейтудің кестелік
жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды ойын
түрінде өткізу.
Дамытушылық мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді,
теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын
жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар
есептерді шығару арқылы біліктілігін,
дамытушылық ойын қалыптастыру.
5-ке көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы
баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен
жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке,
ұқыптылыққа, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Әдістемелік мақсаты: Ақпараттық – коммуникациялық технологияны
пайдалану арқылы оқушылардың білім – білік,
іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: .Интерактивті.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Қолданылатын әдебиеттер: Т.Кучер.т.б. Математика. – Алматы:
«Атамұра»,2010
Т.Оспанов. Бастауыш сыныптарда математиканы
оқыту.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе бөлімі.
1. Үй жұмысын тексеру.
2. Жаңа сабақты жариялау.
3. Сергіту сәті.
III. Негізгі бөлімі.
Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал – жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.
II.Кіріспе бөлімі.
Үй жұмысын тексеру.
Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді байқау үшін сұрақтар қоямын.
Балалар, заттардың құнын табу үшін не істейміз?
Дұрыс айтасыңдар. Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек. Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау керек?
Дұрыс айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.
Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау керек екен?
Әрине балалар,дұрыс айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
Рахмет балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.
Енді, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?
№ 9 есеп. Теңдеулерді шешу.
(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, үй тапсырмасын тексеру)
№ 9.
89+х=134
х=134-89
х=45
89+45=134
134=134
х-29=161 х+100=137
х=161+29 х=137-100
х=190 х=37
190-29=161 37+100=137
161=161 137=137
Жаңа сабақты жариялау.
Енді бүгінгі жаңа тақырыппен танысайық. Жаңа тақырыбымыз «5 – ке көбейту және бөлу кестесі.»
Сергіту сәті.
Жасағанда жаттығу,
Керек емес аптығу.
1,2,3. 1,2,3.
Жинап алдық міне күш!
III. Негізгі бөлімі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.
(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)
Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «5 – ке көбейту және бөлу кестесі.»
Кітаппен жұмыс.
Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
Иә,дұрыс айтасыңдар.Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз – 5-ті 5-ке 5 рет қосу.
Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?
Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген. Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар, оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын көрсеткен.
Ал енді, неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті 5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.
Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6·5=5·6
7·5=5·7
8·5=5·8
9·5=5·9
- Дұрыс, мұнда тек қана орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің мәні өзгермейді.
- Ал енді балалар, №3 тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған.
(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке көбейту кестесін аяқтайды.)
Тақтамен жұмыс.
Ал, енді бәріміз №4 қарастыру үшін тақтаға қарайық. Тақтада 5-ке көбейту кестесі мен 5-ке бөлу кестесі жазылған.
(№1 слайдқа назар аудару.)
Балалар, неге 25:5=5 ?
Дұрыс айтасыңдар. Себебі, 5·5=25.т.б.
№5 орындаймыз.
5*6=30 5*5=25 30:5=6 35:7=5
№6.
(«Алтын балық» ойынын ойнату арқылы орындау.№2 слайдқа назар аудару.)
Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.
5·6=30 10:5=2
5·4=20 20:5=4
5·3=15 15:5=3
5·8=40 30:5=6
№7 есепке назар аударайық.
Қауынның массасы 5 кг. Осындай 7 қауынның массасы қанша?
Яғни, 5*7=35кг
5 ашық хатқа 25 тг төленді. Бір ашық хаттың бағасы қанша?
Шешуі: 25:5=5, Жауабы: 5 тг төленді.
1 жапсырғыштың бағасы 5 тг. 40 теңгеге осындай неше жапсырғыш келеді?
40:5=8.
Ал енді балалар, №8 амалдарды орындайық.
656-98=558
306+87=393
300:100=3
(354+636)-920=70
720-(384+216)=120
90·10-756=144
40·7-40·5=80
70·3+70·2=350
80·3+30·2=300
- №9.
4·b өрнегінің мәнін тап, мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.
4·1=4
4·2=8
4·5=20
4·8=32
4·9=36
4·0=0
№11. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
6:5 = 1 (қалд.1)
7:5 = 1 (қалд.2)
8:5 = 1 (қалд.3)
9:5 = 1 (қалд.4)
11:5 = 2 (қалд.1)
12:5 = 2 (қалд.2)
№13. Тура теңсіздіктер шығу үшін бос тор көздерге қандай санды жазу керек:
45:5 2+5;
30:5
35:5-2·39-9;
25:5+68·1;
Өздік жұмыс.
№14. Есепте:
6·5=30 5·9=45 5·6=30 9·5=45 8·5=40
45:5=9 35:5=7 40:5=8 30:5=6 25:5=5
5·8=40 5·7=35 7·5=35 5·5=25 20:5=4
IV. Сабақты қорытындылау.
Ал балалар, сендер 5-ке көбейту және бөлу кестесін толықтай меңгере білдіңдер ме? Ал онда тексерейік.
(№3 слайдқа назар аудару.)
Үйге тапсырма беру.
Балалар, үйге №10 және №12. №10 –ға назар аударайық. Мұнда 1) Саяжайға орындықтар орнату үшін әр орындыққа 2 шұңқырдан қазу керек. Түске дейін 6 орындық, түстен кейін 4 орындық орнатылады. Неше шұңқыр қазылды?
2) Күзгі гүлзарда жұлдызгүл мен күзгүлі өсіп тұр. Жұлдызгүл әр қатарда 10 гүлден 5 қатар және 42 күзгүл болды. Күзгі гүлзарда неше гүл өсіп тұрды?
№12. Қандай фигуралар қиылысады? Фигуралардың қиылысуынан пайда болған шаршының периметрін тап.
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалаймын.
Осымен, біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңа рахмет.