«Зимний фестиваль знаний 2025»

Открытый урок "Многочлены"

Открытый урок "Многочлены" для 7 класса

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Көпмүшелер

Мектеп: «Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Юсупбаева Гульжан Мухамедкалиевна

Сынып: 7

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.7. көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • көпмүшелерді қосу және азайтуды орындайды;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын пайдаланып өрнектерді ықшамдайды, тепе-теңдіктерді түрлендіреді;

  • Кейбір оқушылар:

  • көпмүшелерді қосу және азайту арқылы теңдеулерді шешеді;

Бағалау критерийі

- көпмүшелерді қосу және азайтуды орындай алады;

- көпмүшелерді қосу және азайтуды басқа жағдайларда қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • көпмүшелерді қосу және азайтуды жақшаны ашу ережесіне сүйеніп орындауды айта алады;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • көпмүшелерді қосу;

  • көпмүшелерді азайту;

  • тепе-теңдіктерді дәлелдеу;

  • ұқсас мүшелерді біріктіру.

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

  • көпмүшелерді қосу үшін . . . керек;

  • бірінші көпмүшеден екінші көпмүшені азайту үшін . . . керек.

  • . . . жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлтық идеясының алтыншы құндылығы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» негізінде оқушыларды Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға, үштілділік қағидатын енгізуге тәрбиелеу.

Пəнаралық байланыс

Геометрия

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Көпмүше анықтамасын, дәрежесін табуды, көпмүшені стандарт түрге келтіруді біледі

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут












Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, жағымды ахуал қалыптастыру үшін шеңбер құрып тұрып бір-біріне сәттілік тілейді. Екімүше және үшмүше өрнектерін таратып сол бойынша екі топқа бөлінеді.

1-топ екімүше

2-топ үшмүше

Үй тапсырмасын тексеру:

Интерактивті тақтаны пайдаланып үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар сұрақ қояды.

1.Көпмүше деген не?

2. Көпмүшенің мүшелері деген не?

3. Көпмүшенің дәрежесі деген не?

4. Алтыншы дәрежелі көпмүшеге мысал келтір.

5.Көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру деген не?

6. Көпмүшенің стандарт түрі деген не?



Үлестірме






интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

20 минут

































Топтық жұмыс: «6х6х6» әдісі арқылы топтарға жеке-жеке тапсырма беріледі. 1 топқа «көпмүшелерді қосу», 2 топқа «көпмүшелерді азайту» тапсырмалары беріледі

Көпмүшелерді қосу, азайтуды орындаңдар:

1-топқа: х2+4х-5 және х2-3х+2;

2-топқа: 13x-11y+10z және 15x+10y-15z

Тепе-теңдіктерді дәлелде:

1-топқа: (11a+12b)-(20a-34b)+(10a-45b)=a+b

2-топқа: (22,4x+31,3y)+(4.9y-30x)-(35,2y-6,6x)=y-x

Сергіту сәті: «Қарын мен төбе» (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) оқушылар сол қолымен қарындарын сипалап, оң қолымен төбелерін ақырындап шапақтайды. Мұғалімнің «Үш, төрт! Қолдарыңды ауыстырыңдар!» дегенінде қолдарын алмастыруы қажет.

Есепті шығарыңыз:

1-топқа: Үшбұрыштың периметрі . Бір қабырғасының ұзындығы а+b, ал екінші қабырғасы біріншіден -ға кем. Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын тап. 2-топқа: Үшбұрыштың периметрі 5а+b. Оның бір қабырғасының ұзындығы b, ал екінші қабырғасы одан b-а артық. Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын тап.

қазақша

орысша

ағылшынша

көпмүше

многочлен

many

екімүше

двучлен

two members

үшмүше

трехчлен

three members

Қалыптастырушы бағалау: «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс әдісі арқылы оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақтар қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қалыптастыру.





Алгебра 7 сынып (А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, В.Е.Корчевский, З.Ә.Жұмағұлова)

Алгебра 7 сынып Мұғалімге арналған әдістемелік құрал «Білім беру технопаркі» ҒЕО баспасы 2016 (В.Ф.Яковлевич)

«Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы. (А. Әлімов)







Сабақтың соңы

10 минут









































Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

1 тапсырма:

Көпмүшелердің қосындысы мен айырымын табыңдар:

а) (5+4a3)+(a+2a3)

ә) (y-7x4)-(2,3-9x4)

Дескриптор: білім алушы

- жақшаларды ашады;

- ұқсас қосылғыштарды біріктіріп

қосады, алады

2 тапсырма:

Теңдеулерді шешіңіз:

(17-5х)-(3х-11)=4

Дескриптор: білім алушы

- жақшаларды ашады;

- ұқсас қосылғыштарды біріктіріп

қосады, алады;

-теңдеуді шешеді.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Рефлексия:

«Плюс-минус-қызықты»

«+» Плюс

«-» Минус

Қызықты

Сабақтағы ұнағанын, ақпарат және жұмыс пішінін яғни, оқушының өзіне жағымды әсер ететін немесежалпы мақсатқа жетуге тиімді болады деп есептелгені жазылады

Сабақта ұнамағанын, түсінбегенін, жағымсыз әсер еткенін немесе оқушы алған ақпаратты керек емес деп есептегені жазылады

Сабақта алған деректерді және тағы да нені білгісі келетінін мұғалімге сұрақ түрінде дайындайды

Үй тапсырмасын беру: №12.11(2,4), №12.15(2,4).






































Алгебра 7 сынып (А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, В.Е.Корчевский, З.Ә.Жұмағұлова)

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға

қарағанда қабілетті

оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілінің диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдану барысында сөзбен қолдау көрсетіп ынталандырамын.

Тапсырмаларды барлық оқушыларға міндетті білуге қажетті және деңгейіне қарай саралап беремін.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлерін оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіп отырамын. Топқа бөлуде де жіктеу тәсілі арқылы талаптары әртүрлі оқушыларды топтарға бөлемін.

Сабақтың әр кезеңі өткен соң жұмысты қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

«Ашық микрофон» әдісі,

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы.

Оқушылардың мақсатқа жету деңгейін анықтауда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын беремін.


Жағымды ахуал

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее