«Осенний фестиваль знаний 2024»

Оқытуда өзгеріс енгізу есеп

Кембридждік əдіс.Оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін мұғалімдерге қолдану үшін

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Орынбасарова Алия

Мұғалімнің ойлары

Тренердің жазбалары

Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Бұл оқытуда негізгі мақсаты жетекші рөлді мұғалім атқарады.Бұл жерде мұғалім оқушының мәселені түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің басты міндеті болып табылады .

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульінің негізінде әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну жатыр( Выготский,1978; Wood, 1998). Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.

«Диалог негізінде оқу және оқыту» (Мерсер, 1995;Александер, 2008), метасана немесе « Қалай оқу керектігін үйрету» (Флейвелл, 1976; Выготский, 1978) деген атаулармен танымал еңбектерінде оқушылардың өзін-өзі реттеу үдерісі туралы айтылады. Метатану үдерісі арқылы оқушылар түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.

Диалог негізінде оқыту оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға болашақта өз бетінше білім ала білетіндей етіп өзінің оқуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қажеттігін түсінуге және оған дайын болуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады дейді.Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.

Барнс ( 1971) cыныпта сөйлеу қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына оның соншалықты әсер ететінін айтады.Ол оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетеді.

Мерсер және Ходжкинсон ( 2008) зерттеулері Барнстың жұмысына негізделе отырып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөльге назар аударуды мақсат етеді. Қазір сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер бар. Олар төмендегілер:

Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді.

Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі;

Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне жәрдемдеседі;

Мұғалімдерге оқушыларға оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі,




Оқушылардың оқу ептілігін дамыту мақсатында мен бірінші оқушыларды топқа бөлінуді үйреттім. Сабақ берген сыныбын 5г сыныбы. Ағылшынша санауды еске түсіру мақсатымен топтарға санау арқылы бөліндік. Сыныпта өз ережемізді құру үшін әр топқа өздерінің ережелерін құру туралы тапсырма берілді. Әр топтың басшыларын әр түрлі тапсырмалар беру арқылы анықтадым. Топ басшылары әр топтың топтық ережесін оқып түсіндірді. Әр топта көп қайталанған ережелерді таңдап алып, оқушылармен бірге мына ережелерді құрдық:

1 be active.(белсенді бол)

2. be attentive.

3.don’t interrupt each other.

Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді: оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды.Постер салғанда, суреттер салғанда оқушыларымды жаңа қырынан таныдым. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың бір мақсатпен бірігіп жұмыс істеп, өз ойларын ортаға салғандары маған ұнады. Банудың, Асылбектің, Нұрдаулеттің сурет салуға қабілетті екендігін байқадым.

Ағылшын тіліне Айдананың, Аминаның, Бекдаулеттің, Төрекеннің қызығушылықтары бар екенін байқап, қабілеттері төмен оқушыларға көмектесуін сұрағанымда олар шын ниеттерімен өз сыныптастарына жаңа сөздердің дұрыс айтылуларын үйретті. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы барысында сабақ үлгерімдері жақсара бастады.

Диалогтық оқытуды пайдаланып оқушылар өз пікірлерін айтып үйренді, өз ойларын дәлелді айтуға және басқалардың пікірлерін тыңдауға үйренді.

Топты бағалауда топ басшылары бағалады және өзін- өзі бағалады, топты топ бағалады. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында әр түрлі әдістер қолдандым. Жигсо әдісін қолданып зат есімдердің көпше түрінің жасалуын әр топтан бір оқушы келесі топқа барып, нәтижесінде оқушылар түгел ережені түсініп алды.АКТ-ны пайдаланып оқу құралдарын көре отырып және айтылуларын бірге қайталай отырып жаңа сөздерді тез жаттап алды. Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар беру нәтижесінде оқушылардың зейіндері ашылды, сөз сөйлеу дағдылары дамыды. Сыныпта Ержанның, Жанболаттың оқуында алға жылжу байқалды. Олардың оқу үлгерімдерінің нәтижесіне қарай отырып әр түрлі мақсаттар қойып отырдым.Постер жасау,топқа бөліну, өздерін және топты бағалау барлық балаға ұнады. Постер жасауға көп уақыт жұмсадық. Уақытты дұрыс пайдаланып үйретуім керек. Бағалауды әрі қарай жетілдіруім керек деген ойдамын.

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее