«Зимний фестиваль знаний 2025»

Музыкалық аспаптар әлемінде

Это внеклассное мероприятие для учителей музыки, преподающих в казахских классах

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: « Музыкалық аспаптар әлемінде» (Сөзжұмбақ шешу) 1-2 сынып

Мақсаты: Өнер арқылы баланың жеке басын дамыту, балалардың еркін озін-өзі көрсетуіне жағдай жасау, орындаушылық және тыңдаушылық мәдениетті тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 

Түркештің күйі «Көңіл ашар»

1.Амандасу. Қазылар алқасымен таныстыру.

2.Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасаған.

- Балалар, қандай аспаптарды білеміз?(Оқушылыр суретке қарап білетін аспаптарды атайды)

- Жақсы

Енді осы аспаптар туралы сөзжұмбақтар шешейік. Ол үшін екі топқа бөлініп тұрайық, бастаймыз!

1топ -
Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз. Домбыра


2 топ-

Бұл аспап жайлы бар аңыз,
Күй тартқан екен ұлы абыз.
Қарағайдың түбінен
Жасалынған бұл – қобыз.


1 топ- Ағашқа тиек бекіген,
Ішек саны жетіден.
Үні нәзік жағымды
Аспап түрі – жетіген.



2 топ-Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. Сыбызғы

1 топ-Тілі бар түймелі,
Кеңірдегі кернеген,
Ән менен күй кені. Сырнай

2 топ- Кепкен жарғақ,
Шеңберге керілген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгілген. дауылпаз

1 топ- Басында темір сылдырмақ,
Күрек тектес бір таяқ.
Шайқап, ырғап ойналар
Аспап түрі – аса таяқ.

2 топ-

Жарасымды әніміз,
Домбыра, қобыз сәніміз.
Тартымды күйді түрлентер
Ойналса егер – шаңқобыз.

1 топ-

Ағаштан ойып жасаған,
Қазақ халқы өнерпаз.
Жаугершілік заманда
Дабыл қаққан дауылпаз

2 топ-Ұлы халқым жеңімпаз,
Шырқалса ән-күй көңіл мәз.
Үрмелі аспап тобына
Жатады екен – желбуаз.

Қорытынды: Жеңімпаздарды құттықтау. Балалар жарайсыңдар, бүгін қазақтың ұлттық аспаптар жайында жұмбақ шештік. Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз. Сау болындар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее