Сабақтың тақырыбы: Мүшел жас
Сабақтың мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру. Балаларды алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата – аналарын сыйлауға, мейірімділікке, әдептілікке, достарын сыйлауға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:Слайд, шарлар, жыл басы туралы видео
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, баулу
Психологиялық дайындық.Гүл сыйлау арқылы бір – бірлеріне таңғы тілектерін айту. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кіріспе сөз
Мүшел жастың тарихы, қасиеті туралы
Әр мүшел жасқа тоқталу /13 жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас/
Ата– бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты деректер мүшел жас туралы. Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі – мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Адамның ең бірінші мүшел жасы мектеп табалдырығында өтетіндіктен мүшел жастың мән мағынасын аша отырып, осы 13 жасқа дейінгі алған, үйренген, білімдерін көрсету. Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті ұстаған жөн, яғни бала 13 жасқа толғанда бір мүшел деп қайырады, кейінгілерге 12 жылдан қосылып отырып береді. 13 жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас деп адам жасын оңай шығарады. «Он үште отау иесі» - дейді қазақ. Бұл сөздің мағынасы осы жаста отау құру емес екен. Он үштесің ержеттің, енді мектебімізде сапалы білім алып, саналы тәртіп көрсету. Білім жағынанан да, өнерде де, спортта да үнемі алда болып алтын ұя мектебіздің мәртебісін арттыра беру. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады екен әр жылға бір хайуанның аты берілген.
Мүшел жастың тарихы, қасиеті туралы
Мүшел дегеніміз – қазақтың және жалпы шығыстың жыл санаудағы 12 жыл.
«Жыл қайыру» туралы аңызды білесіңдер ме?
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Содан қаған өзінің қауымына былай депті, - «Біз тарихымызды анықтаудан көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жатасады. Біз жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескеркішіміз болсын».
Сөйтіп, Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әр қайсысы бір – бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.
Олардың ішінде 25, 37, 49 жастарды қауіпті қауіпті кезеңдер деп санап, аман – есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім – кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады.
Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отыралады. Ол 13-ке толғанда бір Мүшел, 25-ке тоғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61 –ге келгенде бес Мүшел деп есептеліне береді.
Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері қоғам мүшесінің әлеуметтік жағдайын, яғни қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдіреді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені, ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады.
1 мүшел – балиғатқа толуға байланысты болса,
2 мүшел – ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы,
3 мүшел – ақыл парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық – психологиялық жетілулерін меңзейді.
Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: Жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, «атқа мінгізу» мен қыз баланың құлағын тесіп, «сырға тағу» болған.
Мүшелден мұшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп – қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп санаған.
Сергіту сәті. «Әріп таңдау». Сыныптағы желтоқсан, қараша айларында дүниеге келген оқушыларды ортаға шақырып ойын ойнатамыз. Қалаған әріптеріңді аласыңдар, қазір мен қойған сұрақтарға сол бойынша жауап бересіңдер.
- Сенің атың кім?
- Қайдан келдің?
- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Онда не өседі?
- Тағы не?
- Сені кім қарсы алады?
- Оған сыйлыққа не әпердің?
- Атың кім?
- Әжеңнің есімі кім?
- Жасың нешеде?
- Қайда тұрасың?
- Досың кім?
- Қандай тағамды жақсы көресің?
- Қай жерде отырасың?
- Қандай әншіні ұнатасың?
Сенің атың кім?
- Әкеңнің аты кім?
- Нені ұнатасың?
- Бос уақытында немен
айналысасың?
- Кімді жақсы көресің?
- Оның жасы нешеде?
- Оған қандай тілек тілейсің?
Үйге тапсырма беру.
Қорытындылау.