«Зимний фестиваль знаний 2025»

Мен ауылда демаламын поурочный план для 4 класса русских школ

Оқушылардың "Жазғы демалыс" бойынша білімдерін бекіту

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:Мен ауылда демаламын.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Жазғы демалыс» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту:

Міндеттері:

1) оқушылардың тақырып бойынша сөздерді қолдануға машықтану,

2) өмірмен байланыстырып, оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

3) жаз мезгіліне деген көзқарастарын қалыптастыру;

4) инклюзивті оқушылардың тілін дамыту, шығармашылық қаблеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, оқытудың белсенді әдістері және сын тұрғысынан ойлау әдістері.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану

Сабақтың көрнекілігі: суреттер



Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызды біз ойдағыдай күнге арнаған сөздерден бастаймыз!

- Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да-деп жұмысқа кіресейік.

-Отырыңдар!


Сабақтың мақсатын айту

- Бүгінгі сабақта біз не істейміз екен?

- Бүгінгі сабақта «Жаз» тақырыбы бойынша сөйлесемін, сөйлем құрастырамыз, оқимыз, жазамыз.



Бүгінгі сабақта біз «Жаз» тақырыбын жалғастырамыз, бекітеміз. Тыңдаймыз да түсінуге тырысамыз!

Диалог:

  • Алақай, көктем келді!

  • Ал, маған жаз ұнайды.

  • Сен жазда қайда демаласың?

  • Мен лагерге барамын.

  • Мен ауылда демаламын.

  • Ауылда кім тұрады?

  • Онда әжем мен атам тұрады.

  • Сен ауылда не істейсің?

  • Әжем мен атама көмектесемін. Балық аулаймын, суға шомыламын...

  • Жаз тезірек келсе ғой!

  • Иә,жаз керемет жыл мезгілі!

  • Менде ауылға барғым келеді...

Тіл дамыту кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру


- Сонымен, Валерия мен Игорь не туралы сөйлесті?

Жаз қандай жыл мезгілі?

Үй тапсырмасын тексерейік! Жаз туралы қандай өлең білесіңдер?


Топқа бөлу

Сонымен, міне, қараңдар, балалар, менің қолымда суреттер бар, бір-бірден алып шығамыз.

- суретте не бар?

Екі топқа бөлінеміз: «Аралар» мен «Көбелектер»

Топ ережесі

- Міне, достарым, топ ережесін сақтаймыз!

Мұғалім оқиды, оқушылар көрсетеді!

- Және де бағалау парақтары беріледі!


Тапсырма беру

1 топ «Қос дәптер» стратегиясы

2 топ «Диаманта» стратегиясы

Топтарды тексеру

3 топ тексеру

1-2 топтар шығып қорғайды.

Сергіту сәті «Қойшының ойыны»

- Ал енді балалар, демалу үшін «Қойшының ойынын» ойнайық!

- Бірінші!

- Мен біріншімін! т.б

Шығармашылық жұмыс.

«Жаз» тақырыбы бойынша үлкен коллаж жасайды

Үй тапсырмасын беру

5-тапсырма

Рефлексия

Балалардың алдарында гүл қойылады.

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

Мен сендерге мына алма суреттерін беремін, сендердің мақсаттарың осы суреттерге өздерінің тілектеріңді жазып, мына гүлге жапсырыңдар!

Міне, балалар, қандай бізде қандай әдемі гүл шыға келді. Сендерге көп рахмет!

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее