«Зимний фестиваль знаний 2025»

Математикалық логика негіздері. Математика пәнінен 6-сыныпқа оқушыларына арналған қолданбалы курс авторлық бағдарламасы

Қоғамның даму деңгейі жоғары болғандықтан, адамның даму деңгейіне, жалпы мәдениетіне жоғары талап қойылады. Қоғамдық өмірде болып жатқан процестер, кең ойлау мен талдау қажеттілігін, терең ойлау қабілеттілікті тудырады. Осы арада – логикаға ерекше мағына беріледі.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки






«№1 Бақанас орта мектебі мектепкедейінгі шағын орталығымен» МКМ

Математика пәнінің мұғалімі Қасымбаева Сағынкүл Төкенқызы





Математикалық логика негіздері



Математика пәнінен 6-сыныпқа оқушыларына арналған

қолданбалы курс авторлық бағдарламасы























АЛМАТЫ, 2017



«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.»

М.В.Ломоносов.


ТҮСІНІК ХАТ


Оқушының дамуында интеграцияланған элективті, қолданбалы курстар маңызды роль атқарады, себебі олардың негізінде жататын пән аралық және оқуға деген дара үйлестірімділік оқушының өміріндегі ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылығын іске асыруды орындауға жағдай жасайды.

Әрбір есеп міндетті түрде жауапты талап ететін сұрақпен аяқталады. Қойылған сұрақ ойды оятады, оқушының ойлау қабілетін дамытады. Оқущының жүйелі түрде ойлауы, болжамдар жасауы өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан, осы математикалық логика негізінде құрастырылған курс бағдарламасы барлық оқушыларға қызықты және пайдалы болатыны сөз сіз: бір жағынан оқушыларға бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика пәндерінен алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, абстрактілігін көруге мүмкіндік береді, екіншіден - математиканы техникада, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, әртүрлі есептерді, соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді.

Өзектілігі: Қоғамның даму деңгейі жоғары болғандықтан, адамның даму деңгейіне, жалпы мәдениетіне  жоғары  талап қойылады. Қоғамдық өмірде болып жатқан процестер,  кең ойлау мен талдау  қажеттілігін, терең ойлау қабілеттілікті тудырады. Осы арада – логикаға ерекше  мағына  беріледі. 

Ерекшелігі: бағдарламаның құрамындағы есептер қиын емес, олардың есептеулері мен дәлелдеулері оқушыларға қиындық тудырмайды: әрбір алдынғы есеп келесіге дайындық және әрбір есеп қайталанбайтындай етіп, қарапайымнан күрделіге қарай, әуестілігі мен қызықтылығын сақтай отырып таңдалып алынған. Сондықтан да, бағдарламаны математикалық дайындығы әртүрлі топтары оқушылар үшін қолдануға болады.

Мақсаты: Пәнаралық байланыс негізінде логикалық есептерді шешу әдістерін кеңінен қолдану арқылы математика туралы біртұтас ой қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру,

Жоғарыда көрсетілген мақсатқа  жету үшін келесі міндеттер  қойылады:

  • әртүрлі әдістермен логикалық есептерді  шешу арқылы оқушының ойын дамыту, кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

  • ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • есептердің практикалық маңыздылығын көрсетіп, оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау;

  • оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам  және дұрыс орындау  іскерлігін дамыту;

  • ақыл-ой еңбегін мәдениетіне енетін дағдылар мен тәсілдерді, олардың іс - әрекеттің басқа салаларына қолдануды, білімді өз бетімен меңгеру іскерлігін қалыптастыру.

Нәтижесінде: Есеп шығару барысында мүмкін варианттарды таңдаялады (графиктер, схемалар, кестелер арқылы), және келесі біліктерді игеруі тиіс: қатынас, пропорция белгісіз мүшелерін таба білу; оң және теріс сандар айырмашылығын айырып, олармен түрлі амалдарды орындай білу; координаталық түзу, жазықтықтағы түзулердің өзара орналасуы, әріпті өрнектің сандық мәні, теңдеу қасиеттерін білу.

 





Бағдарлама мазмұны (аптасына 1 рет, барлығы 34 сағат)

Кіріспе – 1 сағ. Курстың мақсаты мен бағдарламасы.

І бөлім. Қатынас – 4 сағ. Пропорция қасиеттері. Пропорцияның белгісіз мүшелерін таба білу. Пайыз.

Берілген санның процентін табу. Пайыздарға берілген есептер шығару, құрастыру


ІІ бөлім. Оң және теріс сандар – 6 сағ. Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама –қарсы сандар. Кері сандар. Рационал сандар. Рационал сандарды салыстыру.


ІІІ бөлім. Рационал сандарға амалдар қолдану – 7 сағ. Жылдам математика-1

Таңбалары бірдей сандарды қосу. Таңбалары әр-түрлі сандарды қосу.

Таңбалары бірдей, таңбалары әр-түрлі сандарды азайту.


ІҮ бөлім. Көбейту. Бөлу. – 5 сағ. Жылдам математика-2. Таңбалары бірдей сандарды көбейту. Таңбалары бірдей, таңбалары әр-түрлі сандарды бөлу.

Рационал сандарға амалдар қолдану. Көбейту, бөлу


Ү бөлім. Алгебраның бастамасы. – 11 сағ. Әріпті өрнек. Әріпті өрнектің сандық мәні . Теңдеу. Теңдеу қасиеттері. Жазықтықтағы түзулер. Функция. Функцияның қасиеттері. Функцияның берілу тәсілдері. Функция графиктік тәсілмен беру. Сызықтық функция және оның графигі.




Күнтізбелік-тақырыптық жоспар


Сбақ №

Сабақтың тақырыбы

Тақырып мазмұны

сағ

түрі

1

Кіріспе

Жалпы түсінік. Курстың мақсатымен таныстыру


1

Таныстыру

І бөлім. Қатынас


2

Пропорция қасиеттері.

Қатынас, пропорция белгісіз мүшелерін таба білу

Пропорцияның белгісіз мүшесін табуды, пропорция құруға берілген есептер. Қатынастарға байланысты есептер «кіші», «үлкен» және  «тең», бірнеше қатынасы бар есептер.

2

Талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап Жұптық жұмыс.

«Пропорция.Қатынас.»бейнематериал

Бейне материал Шығармашылық жұмыс

3

Пайыз.


Берілген санның процентін табу. Пайыздарға берілген есептер шығару, құрастыру

2

Жұптық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

Бейне материал.

ІІ бөлім. Оң және теріс сандар


4

Оң сандар және теріс сандар.

Оң және теріс сандар айырмашылығын айыра білу


1


Кестелердің көмегімен шешілетін есептер

5

Координаталық түзу.


Қарама-қарсы сандар, кері сандар координаталық түзуде орналасуы, есепте қолдануы


2


ЖЖ.

График, схемалар тәсілдері


6

Қарама-қарсы сандар. Кері сандар.


Есептің берілгенін коордмнаталық түзу арқылы шешу. Қозғалысқа, өзен ағысына байланысты еспетер.

2


ЖЖ.

График, схемалар тәсілдері

«Тақырыптық есептер» бейне материал

7

Рационал сандар.


Рационал сандарды салыстыру.

1


Мүмкін варианттарды таңдауға есептер

ІІІ бөлім. Рационал сандарға амалдар қолдану.


8

Жылдам математика-1

Таңбалары бірдей сандарды жылдам қосу әдісі.


1


Бейне материал

Арифметикалық есептерді жылдам шығару әдісі


Таңбалары бірдей сандарды қосу.


Таңбалары бірдей сандарды қосу


2


Арифметикалық ребустар мен логикалық ойын есептері

9

Таңбалары әр-түрлі сандарды қосу.


Таңбалары әр-түрлі сандарды қосуға арналған есептерді шеші, құрастыру


2


Арифметикалық ребустар мен логикалық ойын есептері

10

Таңбалары бірдей, таңбалары әр-түрлі сандарды

азайту.

Таңбалары бірдей сандар, таңбалары әр – түрлі сандарды азайтуға арналған логикалық есептерді шешу, құрастыру


2


ЖЖ, творчествалық тапсырма

ІҮ бөлім. Көбейту. Бөлу


11

Жылдам математика-2

Екі таңбалы сандарды біртаңбалы санға ауызша жылдам көбейту әдісі

1

«Жылдам математика-2» бейнематериал


Таңбалары бірдей сандарды көбейту

Рационал сандарға амалдар қолдану. Таңбалары бірдей сандар, таңбалары әр-түрлі сандарды көбейтуді білу

2


ЖЖ, есеп құрастыру

12

Таңбалары бірдей сандар, таңбалары әр – түрлі сандарды бөлу.

Рационал сандарға амалдар қолдану. Таңбалары бірдей сандар, таңбалары әр – түрлі сандарды бөле білу

2


ЖЖ, кесте

Ү бөлім. Алгебра бастамасы.


13

Әріпті өрнек.

Әріпті өрнектің сандық мәні


Жұмысқа, қозғалысқа, өзен ағысына байланысты еспетер.



2

Бейне материал

Жұптық жұмыс, жеке жұмыс

«Тақырыптық есептер» бейне материал

14

Теңдеу. Теңдеу қасиеттері.


Теңдеуді шешу,

Есептер бойынша теңдеуді құрастыру

2


«Теңдеулерді шешу» бейне материалы, теңдеулерді құрастыру, оларды шешу. Логикалық ойын есептері.


15

Жазықтықтағы түзулер.


Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу


1


ЖЖ. Бейне материал

16

Функция. Функцияның қасиеттері. Функцияның берілу тәсілдері.


Өтілетін материалдардың мазмұнына сай өзгеріс, сәйкестік заңдылықтар және тәуелділік ұғымдарын қалыптастыру.


2

Мәтінді есептер, компаненттерін өзгерту барысында арифметикалық амалдар нәтижесінің өзгеруі т.с.с.

17

Функцияның графиктік тәсілмен беру.

Графиктік тәсілмен функцияларды шығару

1

Бейне материал,

18

Сызықтық функция және оның графигі.

Тақырыптық есептер шығару

2

Бейне материал.

19

Қорытынды сабақ

Курста өтілген материалды қорытындылау

1

Презентация






Әдебиеттер тізімі:




1. Е.И.Игнатьев «В царстве смекалки» 1987 жыл

2. Б.А.Кардемский «Математическая смекалка»  

3. Л.Л. Босова «Занимательные задачи по информатике» 2005 жыл, «Бином» баспасы

4. И.Г.Сухина "Весёлая математика:1500 головоломок для математических олимпиад, уроков, досуга:1-7 класс""Сфера", 2003 жыл

5. Бияров Т.Н. «Элементар математика есептерінің жинағы» 1992 жыл 1. А.Е. Алдамұратова «Математика» 2006 жыл

6. «МИФ» республикалық әдебиеттік журналдар

7. Исмаил Акйол «Математика» 2005 жыл

8. Білім сайттарынан материалдар, бейне фильмдер.





















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее