«Зимний фестиваль знаний 2025»

Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелер және тәуелсіз Қазақ Елі елтаңбатануы

Зерттеу жұмысы әріптестеріме көмек болатынына сенімдімін.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Кереева Алуа Қанатқызы Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығманов атындағы орта мектептің  7- сынып оқушысы

Кереева Алуа Қанатқызы

Ақтоғай ауданының

жалпы білім беретін

Нығманов атындағы орта мектептің

7- сынып оқушысы

М.Жұмабаев шығармаларының көркемдік әлемін, құрылымдық ерекшелігін тақырыпқа сай зерттеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдері көп жылдар бойы халқымен қауыша алмай келген еді. Мағжан Жұмабаев өлеңдері символға толы, сезімді жаулап алатын ұлы қасиетке ие. Сонымен бірге өлең-жыры халқымен қайта қауышты. Кезінде жазықсыз жалаға кезіккен ақындар жыры оқырмандарына ұсынылғандықтан көптеген жырларды зерттеп тануымызға мүмкіндік туды. Ғылыми жұмыста Мағжан Жұмабаев лирикаларындағы символдардың қолданысы , көркемдік ерекшелігі талданды .

М.Жұмабаев шығармаларының көркемдік әлемін, құрылымдық ерекшелігін тақырыпқа сай зерттеу.

Мағжан Жұмабаев өлеңдері көп жылдар бойы халқымен қауыша алмай келген еді. Мағжан Жұмабаев өлеңдері символға толы, сезімді жаулап алатын ұлы қасиетке ие. Сонымен бірге өлең-жыры халқымен қайта қауышты. Кезінде жазықсыз жалаға кезіккен ақындар жыры оқырмандарына ұсынылғандықтан көптеген жырларды зерттеп тануымызға мүмкіндік туды. Ғылыми жұмыста Мағжан Жұмабаев лирикаларындағы символдардың қолданысы , көркемдік ерекшелігі талданды .

Зерттеу жұмысының міндеттері: - Қазақ әдебиетіндегі символизм элементтерін айқындау; - М.Жұмабаев лирикаларындағы символизм айшықтарын көрсету;  Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер:  Материалдарды мақсатқа сай іріктеу.  Дерек көздері : ақынның өз өлеңдері, ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер .  Зерттеудің болжамы:  Мағжан бейнешілдігі тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік символдарының негізіне айналуда.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қазақ әдебиетіндегі символизм элементтерін айқындау;

- М.Жұмабаев лирикаларындағы символизм айшықтарын көрсету;

Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: Материалдарды мақсатқа сай іріктеу. Дерек көздері :

ақынның өз өлеңдері, ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер . Зерттеудің болжамы: Мағжан бейнешілдігі тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік символдарының негізіне айналуда.

” Символ-әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпыхалықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл-жастықтың символы, ал көгершін -бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға ) өте жақын келеді“

” Символ-әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпыхалықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл-жастықтың символы, ал көгершін -бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға ) өте жақын келеді“

Мағжан - Батыс әдебиетінде ХІХ ғасырда, орыс әдебиетінде ХХ ғасырдың басынан гүлдене бастаған символизмді, қазақ әдебиетінің топырағында түрлендірген ақын. Бейнешілдікті халықтың әлеуметтік тұрмысымен байланыстырған қазақ әдебиетіндегі символизм мектебінің іргетасын қалады.

Ұлттың ұйықтап қалған сезімін ояту үшін жазылған өлеңдерінде қатаң дауысты дыбыстарды іріктеп пайдаланды. Оған «Түркістан» және «Қазақ тілі» өлеңдерін мысал етуге болады. Онда буындарды үндестіру арқылы азамат соғысының салдарынан әлсіреп, иықтары түсіп кеткен этностың намысын оятып, мақтанышын қоздырып, жанына жігер, бойына ерік пен күш дарытып, ұлттық рухын оятып жігерлендіруге әрекет жасағаны өте сәтті шыққан. Осы өлеңдегі сөздердің сиқырлы күші оқырмандарының бойына қуат беріп, делебесін қоздырып, көкірегінде ыстық қанын ойнатып, ұлттық рухын динамикалық қозғалысқа келтіреді. Мағжан оны ашаршылық пен азамат соғысының қасіретіне ұшыраған қазақтың сезімін сергітіп, намысын оятып, бойына қуат, ойына от беріп, жасыған жанын жадырату үшін пайдаланған. «От» өлеңінде қанында оттай ойнаған қуатты екпін мен жігерлі сөз нөсерінен отты құйын ойнатады. Сол арқылы, халықтың белсенділігін арттырып, жігерлендіріп, бойына күш-қуат құюға ұмтылады. Олардың өліп жатқан санасындағы қорқынышты отпен аластап қуалап, қатердің алдына тосқауыл ретінде алып шықпақшы болады. Өлеңнен оттай қуатты сөз нөсері мен өршіл екпін байқалатыны содан. Үнді, ұяң дыбыстарды пайдалану арқылы, жігіт пен қыздың бір-біріне деген ішкі құштарлық сезімдерін өлең шумақтарындағы үзіліп бара жатқан дыбыстардың нәзік жаңғырығы арқылы образдауы - «Шолпы» өлеңінде. Адам тағдырындағы өзгерістер «Толқын» өлеңінде толқындардың бірін-бірі жуып кетіп жатқан қозғалысы арқылы бейнеленген.

Мағжанның жүрек сырын жеткізетін құралы – оның поэзиясы. Ақынның жүгінері де – жүрегі, сырласы да – жүрегі. «Жүрегім, мен зарлымын жаралыға» деп жырлаған ақын үшін ”жүрек“ – өмірдің символы. Жаралы жан“ – өлеңінде ақын ”жүрек“- ті бірде ыза –кек, бірде шарасыздық, енді бірде күш –қайрат, мейірім бейнесінде шебер қолданған. Қысылған сорлы адамның шыбын жаны Шапшып тұр жүрегінен ыстық қаны. Ішті өртеп, жүректі елжіретед ... Жүректі жара жеп барад, Жасаған-ау, қалай шыдайын?! Соқпа, сорлы жүрегім, Шіріген-ді, ақ білегім! ”

Мағжанның әйгілі «Толқын» өлеңіндегі «Ерке бала былдырлап, Сылдыр,сылдыр, сылдырлап, Толқынды толқын қуады» деп келетін жұмбаққа толы жолдардағы толқынның «ерке балаға» теңелген образы да кездейсоқ емесі анық. Бала – тазалық, адалдық, асаулық пен еркеліктің символы.

Жұлдыз“ сөзін ақын бағалы, болашақ күндердің еншісіндегі құндылық ретінде жырға қосқан: Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін. (” Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін.“) Өлеңде қымбат адам да, асыл мұраттар да жұлдыз символына айналған. Жұлдыз қазақы дүниетанымда адам жанының көктегі көрінісі ретінде танылады да, ”Жұлдызым жоғары“ деп сыйынады. Бұл санадағы тәңіршілдіктің бір белгісі деуге де болады. Әр адамның өміріне байлаулы өз жұлдызы болады.

Мағжан шебер қолданған символдардың бірі – ”у“. Азамат! Анау қазақ қаным десең, Жұмақтың суын апар, жаным десең. Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!.. (“Жаралы жан“) у қайғыға тұншыққан жанның дертіне дауа дей отырып, шарасыздық халді бейнелеген. Қасірет батты жаныма, Уға толды жас жүрек. – ”Орамал“ – бұл өлеңде ”у“ сағынышты білдіреді. Жел өндірді у жырын. Жырлады, құшты, улады, Біліп алды бар сырын. ”Ескендірдің екі мүйізі“ өлеңінде ”у“– арбаушы.

Ақынның қара сөзбен жазылған «Балапан қанат қақты» атты шығармасындағы солтүстіктің суығына шыдай алмай, амалсыз қанат қаққан жас балапанның жанына жайлы пана іздеп аласұруы – заманның да, ақын көңіл-күйінің де символы.

Жас қырандар-балапан, Жайылып қанат ұмтылған. Көздегені көк аспан. Мен жастарға сенемін! ("Мен жастарға сенемін!") – деп болашақтың иесі жастарды қанатын қағып талпынған балапанға теңей отырып, зор сенім артады. Көз алдымызға буыны бекіп, топшысы қатпаған, бірақ көк аспанға құмартқан жас қыран келеді.

Мағжан қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - ұлы

Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанымен, өзінше жол табудан әсте жалықпай, көп іздеген жан.

Өлеңдеріндегі табиғат суреттері, оның

тылсым шақтары, ақын көңіл күйімен, мұң-қайғысымен, қуаныш-шаттығымен қат-қабат келіп отырады.

Осының бәрі тұтаса келіп суреттеп отырған дәуірдің бейнесін толық ашып береді.

Атап айтсақ, ақын қолданған ”тұлпар“ символы сарқылмас күш – қуатқа ие жастардың бейнесін береді. Қажу барма тұлпарға, Талу барма сұңқарға, Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін! (” Мен жастарға сенемін “).

Қазақтың бір арманы- сәйгүлік мініп, желмен жарысқандай күйде қиын күндерде артқа тастап, болашаққа тез жету. Бұны Мағжан: Тұлпарға мініп бір шапсам, Болмас еді басқа арман! (”Жаралы жан“) – деп жырға қосады.

Ақын өлеңдеріндегі ”Арыстан“ қуаттылық пен күш –қайраттың символы ретінде ”Арыстан елге Отан болған Тұран, Тұранда қазағым да хандық құрған. Алаштың арыстаны – Абылай ері... (”Түркістан“) Арыстандай айбатты - (”Мен жастарға сенемін“) – өлеңдерінде қолданылады.

Шаңырақ - «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? – деп ақын қазақ жерін бүкіл түркі баласының қасиетті Отаны ретінде жырға қосқан.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. "Жұлдыз" сөзін ақын бағалы, болашақ күндердің еншісіндегі құндылық ретінде жырға қосқан: Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін. ("Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін.") Өлеңде қымбат адам да, асыл мұраттар да жұлдыз символына айналған. Жұлдыз қазақы дүниетанымда адам жанының көктегі көрінісі ретінде танылады да, "Жұлдызым жоғары" деп сыйынады. Бұл санадағы тәңіршілдіктің бір белгісі деуге де болады.

Мағжан өлеңдерінде нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты, салтанатты заманды бейнелейдi. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың! (”Қазақ тілі“).

Аспан денесінің уақыт өлшеміне, заман бейнесіне айналғанын байқаймыз. Символизм дегеніміздің өзі де осы. Күлкің, Күнім, күндей күміс табаққа Мінсіз сұлу меруертті шашқандай. Көз алдымызға айналасына алтын сәулесін аямай төккен Күн бейнесі келеді. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен - Күн ұлы, көзімде күн нұры бар, Мен келемін, мен келемін, мен келем, Күннен туған, ғұннан туған Пайғамбар

Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.

Мемлекетіміздің өркендеуі мен нығаюының кепілі, тарихи мән –маңызы зор

Мемлекетіміздің өркендеуі мен нығаюының кепілі, тарихи мән –маңызы зор "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы мен "Тәуелсіздік монументіндегі" барыс бейнесін де символист ақынның поэзиясынан кездестіреміз. Жастардың бойындағы қайрат пен тасыған жігерді, барыстың бейбітшіл, қанағатшылдығын мына жолдардан байқаймыз: ...Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!

("Мен жастарға сенемін")

Жолбарыс жүргенінде маң-маң басып, Жүрегі, қайратына көңілі тасып,... ...Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз, Көрелік төңіректі, тек таң атсын!

("Есімде ...тек таң атсын")

Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі

Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі "күн", "барыс", "тұлпар", "қыран", "жұлдыз" т.б. символдардың тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік рәміздері мен ел болашағын айқындайтын мемлекеттік маңызды бағдарламалардың нышанына айналуы оның ұлттық дүниетанымы мен көрегендігін, философиялық ой тереңдігімен қоса, елінің жарқын болашағына сенген оптимистік рухын да айқындап тұр. Олай болса, Мағжан поэзиясы елімнің ертеңіне баруға лайықты қазынамыздың бірі деп айтуға толық негіз бар. Біздер үшін Мағжантану мәңгіге жалғаса бермек.

Абай қазақ поэзиясын әлемдік поэзия деңгейіне көтерсе, Мағжан ақын бұл деңгейді одан әрі биіктетуге күш салды. Қазақ әдебиеті кестесіне романтизм , символизм өрнектерін төкті.

Жарыммен жанымды жұбатам,

Жырымменен жұртымды оятам,

Несіне жас төгейін...

Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім!

Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее