«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Жас мамандарға көмек ретінде жаңа білім мазмұны бойынша өткізілген сабақ жоспары

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Бөлім: 4

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақ тақырыбы

Қызыл кітап

Күні: 27.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Сугирова М.А.

Сынып: 5-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар: жоқ

Оқу мақсаттары

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге нақты ақпаратты анықтауға арналған сұрақтар құрастыру.

Сабақ мақсаттары

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсініп,зейін қойып оқиды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннен нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады

Кейбір оқушылар орындай алады: Коммуникативтік жағдаятқа сай одағай сөздерді еркін қолданып, диологқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін ауызша тілдесім барысында қолданады.





Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтайды, сұрақтар құрастырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қорғау, қалпына келтіру, жойылып кету қаупі, өсімдіктер әлемі

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қоршаған орта, өсімдіктер әлемі, зардап тигізу, сақтап қалу

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қызыл кітаптың басқа кітаптардан ерекшелігі неде?

Қызыл кітаптың түсі неліктен қызыл?

Құндылықтарға баулу

Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, География

Алдыңғы оқу:

Қызыл кітап туралы білетіндерін сұрау

Сабақ барысы

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптастырушы

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

3 мин

1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Қайырлы күн құрметті, оқушылар! 


1. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік бәріңізге

Құрметпенен біз.

2.–Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет! /қолдарын көтереді/

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! /алақандарын шапалақтайды/

-Ендеше сабағымызды бастайық!



3 мин

2-әрекет.

«Қызыл кітап» дегенде сіздерде қандай ассоциация пайда болды, ойларыңызды айтыңыздар:

Бағалау критерийі: мәтінді оқып, түсінеді, тірек сөздерді табады.

2-әрекет.Топтық жұмыс:

Тапсырма: таратпа қағаздағы мәтінді оқып, нақты мазмұнын түсіну және мәтіннен тірек сөздерді табу

Дескриптор:

  1. Мәтінді түсініп оқиды;

  2. Өз ойын білдіреді;

  3. Тірек сөздерді табады

3-әрекет. «Кім жылдам» әдісі бойынша оқушылар мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды, сұрақ қояды.

Дескриптор:

  1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды.

Смайлик тарату

javascript:playVideo(2,'EzyUxdrujpw')

Сабақ ортасы

7 мин




«Бағалау критерийі: бірлескен әрекетте мәтінді мұқият тыңдайды, нақты ақпаратты анықтау арқылы сұрақтар дайындайды.

3-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша ғаламтордағы мәтінмен танысып, негізгі ақпаратты анықтайды. Нақты ақпаратты анықтау үшін ашық, жабық сұрақтар дайындайды.

Дескриптор:

-мәліметті мұқият тыңдайды;

-негізгі ақпаратты анықтайды;

-ашық, жабық сұрақтар дайындайды;

- «Жүзіп шығу» әдісімен сұрақтарға жауап береді.

4-әрекет. Топтық жұмыс: «Парталас көршіңе бір сөз таңда»: Сен жарайсың!Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.

Сенің мүмкіндігің оданда зор» әдісі бойынша ауызша өзара жұмыстарын бағалайды.



оқулық


3 мин

Бағалау критерийі: берілген үлестірме қағаздағы сөздердің мағынасын ашады.

4- әрекет. Жұптық жұмыс: Әр жұпқа үлестірмелі парақшада омыртқалылар, жойылу қаупі, сүтқоректілер, көздің қарашығындай сақтау, тыйым салу, сілеусін, ат салысу сияқты жазылған сөздер таратылады. Әр жұп ақылдасып, топқа айтады. Мәтінде осы сөз туралы не айтылғанын бір сөйлеммен сипаттап береді.

Дескриптор:

-үлестірмедегі сөздермен танысады;

-үлестірмедегі сөздерді жұппен, топпен талқылайды;


«Бас бармақ» әдісі


үлестірмелі парақша,

онлайн сөздік


10 мин


2мин



5-әрекет. Топтық жұмыс Бағалау критерийі: берілген сөздерді жалғастырады.


Экологиялық болжам жасаңыздар. Егерде...

ормандағы өрттің жиі болуы;

ағаштарды түбімен кессе;

ормандар қоқыс тастасаңыз...

құстар мен аңның балаларына зәбір көрсетсеңіз...


Келешекте болжам жақсы болу үшін не істеуіміз керек?


Дескриптор:

- сұраққа жауаптар алынады;

- алынған сұрақтар мен жауаптарда жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді қаншалықты пайдаланғанын талдайды;


https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y бейнежазбасы


Сабақ соңы

8 мин


3 мин

Бағалау критерийі: Туынды, күрделі сөздерді пайдаланып, 6-7 сөйлемнен тұратын хабарлама жазады.

6-әрекет. Топтық жұмыс:

Дескриптор:

-негізгі ақпаратты жинақтайды;

- туынды, күрделі сөздерді пайдаланып, хабарлама жазады;

-хабарлама 6-7 сөйлемнен тұрады.


9-әрекет. «Өзара редакциялау» әдісі. Топтар жұмыстарын «қошемет сөз», «ұсыныс», «түзетулер» бойынша бір-бірін тексереді.






Бағалау критерийі: жазады. Үндеуде жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді пайдаланады.

Қызыл кітап туралы бес сөйлеммен ойыңды тұжырымда.

1.    «Қызыл кітап» -

2.    «Қызыл кітап» -

3.    «Қызыл кітап» -

4.    «Қызыл кітап» -

5.    «Қызыл кітап» -

Дескриптор:

-сабақта алған ақпараттарды жинақтайды.

«Өзара бағалау» әдісі бойынша ең жақсы жазылған үндеуді оқушылар бағалайды.


3 мин

7-әрекет. Ұжымдық жұмыс:«Тізбекті үзіп алма» әдісі бойынша «Бүгін біздер…», әр оқушы бір сөйлемнен қоса отырып, әңгімені жалғастырады.

«Бүгін мен сабаққа … қатысып отырдым»

Барлығыңа белгілі «Барлығы сенің қолыңда»

Біз толық сеніммен айта аламыз «Барлығы біздің қолымызда» дегім келеді.


9-әрекет. Жеке жұмыс: «Дейін/ кейін» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа дейін не білетінін, сабақтан не үйренгенін жазып шығады.

Бағалау парағы «Дейін/кейін»





















Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді.



























Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее