«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Қыс" М.Дулатов.

Автормен таныстыру арқылы табиғат суретінің қай заманда жазылғанын ашу,мәтін мазмұнын өмірмен түсінуге мүмкіндік беру.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы


Тақырыбы: Қыс. М. Дулатов.


Мақсаты: 1.Автормен таныстыру арқылы мәтіндегі табиғат суретінің

қай заманда жазылғанын ашу. Мәтін мазмұнын өмірмен

түсінуге мүмкіндік беру.


2.Қыс қызығы туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып,

қысқы даланы,қысқы орманды сипаттай білуге,көркем сөздер

топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.Қыс тақырыбына

байланысты сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу дағдыларының

дамуына мүмкіндік беру.


3.Табиғат көріністерін тамашалау,әр жыл мезгілінің кереметін

байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.


Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс – тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,топтық жұмыс, жұптық жұмыс,

Көрнекілігі: тірек сөздер,тақырыптық суреттер.


Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған жер туралы жыр» ертегісінен түсінгендері сұралады.


I.Қызығушылықты ояту.

(Оқушыларды Джиксо әдісі арқылы топтарға бөлу.)

«Қарша борату» Әр топқа берілген жұмбақтың шешуін табу.

1.Мамықтай ұлпа, 2. Көзіңі көрінбейді,

Қанттай ақ. Тоңдырып қызартады.

Қыста жер бетін басады, Күні-түні ерінбейді,

Жазда сайға қашады. (Қыс) Өзенге мұз артады. (Аяз)


3.Қыста ғана болады, 4.Суға батпайды,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Отқа жанбайды. (Мұз)


5.Ышқынады өзі жоқ, 6.Көлдің беті көк әйнек,

Ысқырады сөзі жоқ. (Боран) Сырғанауға тым әйбәт. (Мұз)


7.Шанамен зырғып желдетіп, 8.Табаныма байладым,

Шаңғы,коньки тебетін. Қос аяқпен айдадым. (Шаңғы)

Аққала жасап ойнйатын,

Қай мезгіл деп ойлайсың. (Қыс)


«Сұрақ-жауап»

1.Қазір қандай мезгіл?

2.Қандай жыл мезгілдері бар?

3.Қыс айларын ата.


Тірек сөздермен жұмыс. Оқушылар тірек сөздерді есте сақтап дәптерге жазады.

Қыс,қар, аяз,боран,суық,күн қысқарды,түн ұзарды,мұз қатты.

Осы жұмбақтардың шешуі және дәптерімізге жазған тірек сөздер қандай жыл мезгіліне арналған?


II. Мағынаны тану.

Әр топ оқушылары оқулықтағы берілген мәтін бойынша іштей оқып есте сақтап,тобына келіп жаңалығын айтады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып мазмұнын айтады.


Сергіту сәті.

1-тапсырма. Ойлан – Бірік – Талқыла

1.Суретте қай мезгіл бейнеленген?

2.Оны неден байқадыңдар?

3.Адамдар суықтан қалай қорғанады?

4.Сендер қыста қалай киінесіңдер?

5.Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиедә?

6.Мәтінде ұй жануарлары туралы не делінген?

7.Мәтінге сүйені,жылқышының еңбегі туралы әңгімелейік


2-тапсырма. «Көршіме айтамын» жұптық жұмыс

Жылқышылар неге қыста далада жүреді?

Жылқышылар неден қорқады?

3-тапсырма. Топтық жұмыс.

Мәтінге байланысты топтар бір-біріне сұрақ қояды.

«Қыс » тақырыбына эссе жазады.

Ой толғау.

Желтоқсан айының сипатына бес жолды өлең құрастыру.


Бағалау.

Үйге тапсырма. 1.Мәтінді түсініп оқу.

2.Қыс мезгілінің суретін салу.


















Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы


Тақырыбы: Қайталау есептерін шығару


Мақсаты: 1. Айырмалық салыстыруға берілген есептерді еске түсіре отырып,

өткен материалдарды пысықтау.


2. Қосу мен азайтуға берілген өрнектерді шығаруға машықтандыра

отырып, қисынды ойлау және шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.


3. Ұжыммен жұмыс істеуге, жолдастарының пікірін тыңдауға және

өз бетімен жұмыс жасай отырып еңбектенуге, тапқырлыққа

тәрбиелеу.


Түрі: Қайталау


Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жеке, жұптық, топтық жұмыс


Көрнекілігі: кестелер, топшамалар, «Алма ағашы» суреті.


Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Мысал 4

100 +7 = 93 + 7 = 48 + = 50 90 - = 83

100 – 5 = 95 + 5 = 50 - = 42 88 + = 90


Оқушыларды топтарға бөлу. ( қағаз қиындыларының түстері бойынша әр қиындыда

тапсырма болады)

23 + 7 = 30 67 + 3 = 70 48см + 2см = 50см

56 + 4 = 60 94 + 6 = 100 88см + 2см = 100см

30 – 7 = 23 100 – 6 = 94 9дм – 2см = 88см

37 + 3 = 40 40 – 3 = 37 42см + 8см = 50см

60 + 6 = 66


Оқулықпен жұмыс.

Есеп 2

а) 1 – вагонда – 35 ж. ? б) 1 – вагонда – 35 ж. 75 ж. ? артық

2 – вагонда -?, 5 ж. артық 2 – вагонда - ? ж.

Шешуі: 35+ ( 35 + 5) = 75ж Шешуі: (75 – 35) – 35 = 5ж

Жауабы: 75 жолаушы. Жауабы: екінші вагонда 5 жолаушы артық.


- Оқушылар уақыт бізге не үшін қажет?

- Сағаттың қандай тілдері болады?

- Уақыт өлшем бірліктерін атайық.

- 1 сағатта неше минут болады?

- 1 минутта неше секунд болады?

- 1 тәулікте неше сағат бар?

- 1 ғасырда неше жыл болады?


Мысал 4 ( жұптық жұмыс)


1 сағ 5 мин = мин 1 дм 5 см = см 83 мин = сағ мин

83 см = дм см 2 сағ 5 мин = мин 1 ғ. = жыл

2 тәул. = сағ.


Сергіту сәті. Логикалық тапсырма

  1. Екі сиырдың мүйізі қанша?

  2. Бір мысықтың аяғы қанша?

  3. Бес қойдың басы қанша?

  4. Үш адамның қолы қанша?

  5. Бес баланың аяғы қанша?


Есеп 3 (топпен жұмыс) әр берілген есептің суретін салу арқылы түсіндіріп шығарады.

I, III топ II, IV топ

1-күні – 10 қ. 64 қ. ? артық 1-күні – 9 қ. 59 қ. ? кем

2 –күні - ?, қ. 2-күні - ? қ.

Шешуі: (64- 10) - 10 = 44 Шешуі: (59 – 9) -9 = 41

Жауабы: 44 қорап артық сатылды. Жауабы: 41 қорап кем сатылды.



2-күні

? қ. артық

1-күні

10 қ






Б – 64 қ.


- Біз осыған дейін тәулік, апта, ай, жыл уақыт өлшем бірліктерін өткен болатынбыз.

- Бір аптада неше күн бар?

- Бір айда неше күн бар?

- Бір жылда неше ай бар?

- Біз соның неше айын оқып, неше айын демаламыз?


Мысал 5. Сұрақтарға жауап беру.


а) Кәмила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн демалды. Кәмила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?

Кәмила әжесінің үйінде 10 күн болды.

ә) Асқар жазда Алакөлдет1 ай және1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?

Асқар Алакөлде 37 күн демалды.



Қорытынды.

«Алма ағашы»

Оқулықтағы берілген тапсырмаларға оқушылардың сұрағы болса жердегі алмаға есептің нөмірін жазады. Ал егер сұрағы болмаса алма ағашының өзіне белгілейді.
















Рефлексиялық шеңбер

- Сабақ барысында көңіл-күйлеріңіз қандай болды? Неліктен?

- Бүгін не білдіңдер? Сіздер үшін не жаңалық болды?

- Сабаққа қатысуларыңды қалай бағалайсыңдар?

- Сабақта қандай қиындықтар туындады?

- Сабақ аяғындағы көңіл-күйлеріңіз қалай болды? Неліктен?

Бағалау.

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Сол гүлдің түстері бойынша оқушылар бір – бірін бағалайды.


Үйге тапсырма. Мысал 6 (115-бет)





















Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы


Тақырыбы: Тілашар – алғашқы білімнің бал бұлағы .

Мақсаты : 1. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді

білім алуға,оқуға шақыру.

2. Ұлттық дәстүр, «Тілашар» тойы арқылы оқуға

ынтасын, қызығушылығын арттыру.

3. Мектепке сүйіспеншілігін ояту, қоршаған дүниені

танып білуге жетелеу.

Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, кеспе әріптер,

буындар, суреттер.

Барысы : І. Психологиялық дайындық :

Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата –аналар!

Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі ертеңгілігіміздің куәгерлері 1 – сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. Ендеше, бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Ал, балалар, біз енді келген қонақтарға өзіміздің екі ай ішінде нені үйренгенімізді, нені білетінімізді көрсетейік.

Біз биыл қайда келдік ?

Мектепке не үшін келдік?

- Мектепте сендерді кім дейді?

Ал, енді оқу, білім, мектеп турлалы қандай өлеңдер білесіңдер?

1- оқушы: Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды,

Тану үшін ғаламды –

Мекткп керек адамға!

2- оқушы: Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін жаныңды,

Өсіруге танымдыы –

Мектеп керек адамға!

3-оқушы: Қатарыңа қарасаң,

Өзіңді-өзің танисың.

Өзіңді-өзің танысаң

Жақсылыққа жарайсың!

4-оқушы: Бар байлықты басқарып,

Оқу-білім тұрады.

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады.

5-оқущы: Ақыл-ойды, арманды,

Кітап биіктетеді.

Жұртқа сені талғамды,

Кітап сұйікті етеді.

6-оқушы: Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,

Мектепке барам,

7-оқушы: Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты-

Тілашар.


Оқушы мектепте оқиды, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді.Ана тілде сөйлеп, оқи алады.

Балаларды оқуға шақырған, жақсы әдеттерді үйрететін жаман әдеттерден

бойларыңды аулақ ұстауға кімдердің өлеңдерінен үйрендік?

Абай Құнанбаев

«Ғылым таппай мақтанба»

- Әліппе оқулығынан нелерді үйрендік?

- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Отан, ана, ата, әке, әже, таға сөздері кеспе буындармен жазылып, оларға дыбыстық талдау жасалады. Оқулықтан оқылған мәтіндердің бірін оқып, түсінгенін айтқызу.


Суретпен жұмыс: оқушыларды топқа бөліп әр топқа суреттер беріп сөйлем құрату.

.

Ойын: «Көршіңді тап» Сандар тізбегі. Сандардың құрамын табу. Санамақтар айтылады.

Бір дегенім- бөрік

Кисең берер көрік.

Екі дегенім- етік,

Киер сәнді етіп.

Үш дегенім- ішік.

Теріден тігер пішіп.

Төрт дегенім- тымақ,

Қыста кисең жылы ақ.

Бес дегенім -байпақ,

Іші жылы жайпақ.

Алты дегенім- алқа,

Мойныңа тақ ал да.


Жеті дегенім- жейде,

Кір болмасын кейде.

Сегіз дегенім- сеңсең,

Жылысы оның тонның.

Тоғыз дегенім- телпек,

Болма бала тентек.

Он дегенім- оймақ,

Жүрме босқа ойнап.

Математика пәні бойынша тапсырмалар орындау.

Аулада 4 үйрек,

Қорада 1 үйрек.

Шөлдеп балпаңдап,

Жөнелді 2 үйрек.

Ауламенен қорада,

Санашы неше үйрек? (3 үйрек)


Көлден ұшты 5 қаз

Қайтып қонды 2-қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Кәне кімдер шешеді? (3қаз)



«Сәбіз жинау» ойыны.

1+2, 2+1, 3+2, 5-1, 5-2 , 4-2.


Дүниетану пәні бойынша тапсырмалар.


1. Табиғат нешеге бөленеді?

2. Тірі табиғатқа нелер жатады?

3. Өлі табиғатқа нелер жатады?

4. Сезім мүшелерін атаңдар?

5. Құлақ қандай мүше?

6. Көз,мұрын,тіл,тері қандай мүшелер?


Қорытынды:

Кешегі сәби бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі азамат.Ең бастысы сіздердің дендерің сау, өмірлерің ұзақ болсын.

Осымен бүгінгі «Тілашар» тойымыз мәресіне жетті.

Келген қонақтарымызға көп рахмет.































Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы


Тақырыбы: Асыл әже, ардақты ана, ару қыз

Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін атап өту. Әжесі, анасы,

қызын қатыстыра отырып, қазақ халқының ұлттық

өнерін, салт- дәстүрін иасихаттау.

Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,

үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Сұлулыққа, сыпайылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мерекелік нақыл сөздер, суреттер, шарлар, гүлдер.


Барысы: І. Кіріспе бөлімі

1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұзтаздар, қонақтар, оқушылар!

2- жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған

"Асыл әже, ардақты ана, ару қыз" атты кешімізге қош келдіңіздер.

1- ж: Той тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін

Құттықтап жатыр міне балаларың.

2-ж: Құрметтейік, о адамдар,аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды.

1-ж: Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің ұстаздар.

2-ж: Көктем күні көрікті,

Күн шұғыла төгіпті.

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

1-ж: Наурыз келді,

Анажан серпіліңіз.

Шуақтанып,

Шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр,

Сізден жылу әлемін күткеніміз.

Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән .Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

2-ж: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен жаралған, Анаға бас иеміз!

Ақ сүтінен нәр алған, Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз

Анаға бас иеміз! дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен

Туған елдің тілі деп, мың да бір алғыс. Мерекелерің құтты болсын!

Туған жердің үні деп,



1-ж. Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.


Ән: «Ақ мамам»


2-ж. Шығады көркем ару, сұлуларың,

Қарсы алып, құрметтейік туған халқым

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін деп Абай атамыз жырлағандай, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

1-ж. «Асыл әже, ардақты ана, ару қыз» атты сайысты бағалайтын әділ қазыларды таныстырып өту.

2-ж. Сайысымыздың шарттары:

I. Таныстыру.

II. Дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.

III. Үй тапсырмасы. (қол өнер қалай жасалатыны туралы түсіндіреді және ас мәзірі дайындалуын айтады)

IV. Оюмен жұмыс. (сол жерде ойып түсіндіріп береді)

V. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

VI. Өнерлерін көрсету.

VII. Сән үлгісі. (анасы мен қызы көрсетеді әжесі 2-3түрлі бата айтады)

1-ж. Сайыскерлер келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға деп кезекті таныстыруға береміз.

2-ж «Біреу білмегенді, біреу білер» дегендей салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жол берейік.

1-ж. Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата- баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан,-деп кезекті ою оюға береміз

Ән: «Анашым»

1-ж. Шебер болсақ, тіл байып,

Шешендіктер бір ғайып.

Мақал-мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық,-деп кезекті мақал-мәтел сайысына берейік.


2-ж. Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында,-деп кезекті өнер сайысына берейік.


1-ж. «Латын биі» Төлеген Манас, Арыстанғалиева Ляйлят


2-ж. Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі сәнін,-дей келе анасы мен қызы сән үлгілерін көрсетеді әжесі бата айтады.


1-ж. Ән: «Мен қазақтың қызымын» Жамбулова Аружан


2-ж. Ән: « Апатайым, анашым» Мыңбаева Айжан


1-ж. Осы сайысты қорытындылау үшін сөзді қазылар алқасына береміз.


2-ж. Жеткізбес шегі айтылар саған тілектің,

Сен жүрген жерге келеді менің гүл еккім.

Үйдің де сәні, түздің де сәні өзіңсің,

Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.


1-ж. Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен сайысымызды аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа дей отырып назарларыңызға рахмет айтамыз.







































Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы



Тақырыбы: Абайды оқы, тәлім ал (Абай оқулары)

Мақсаты: 1.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,

шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін мәнерлеп

айтқызу. Сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру.

2. Көркем сөйлеуге,өз бетімен іздене білуге,

шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

3. Абайдың қазақ қоғамында алатын орнын

ұғындыру,ақын шығармаларына деген

сүйіспеншіліктерін ояту.

Көрнекілігі: ақынның суреті, кітаптары, Абай өмірінен жасалған

топшамалар, нақыл сөздер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру

Кіріспе

\

Абай кім?


Ақын Сазгер

Философ

Лирик

Аудармашы Дана Дара

Абай – дана, Абай – дара қазақта, Дана дейтін себебіміз, ол ел – жұртының болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттерінің бәрін санап,атап көрсетіп,содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік,бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау жанжал елдің сиқын бұзатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірік пен мал жиып байыған молдасымақтарды, би болыстарды өлеңмен қатты шенеген.

Ал дара деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу,түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында Абайдың болуы. Сондықтан ол кітапты теріс оқыған молдаларды сынаған. Білімі таяз қаржы – молдалар Абаймен кездесуге де қорыққан.

Ақылды Абай жастарлы оқу- білімге, өнерге шақырған. Енді ақынның өмірі туралы жүргізушілер жалғастырады.

1-ж: Абай 1845 жылы жылан жылында дүниеге келген,1904 жылы ұлу жылында 60 жасында дүниеден озған. Негізгі хатқа түскен аты Ибрһим болса да, әжесі Зеренің қойған нәзік Абай деген есімімен атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

2-ж: Абайдың атасы Өскенбай дала халқының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған адам. Шешесі Ұлжан, әжесі Зере.

1-ж: Абай 10-12жас аралығында мұсылманша оқып хат таныған. Ал 12-жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14жасында үш ай орыстың «Приходская» школында орысша сабақ оқиды.

2-ж: 20 жасында Абай от тілді шешен халық өмірімен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. 14 жасында сықық өлеңдер шығарады. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Ммхаэлис болды.Олар Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой еңбектерін оқыған.

1-ж: Жасынынан зерек бала атанған Абайды сазгер, ретінде қарастырсақ, 30-дан астам ән, 3 күй шығарған екен. Күйлері «Май түні», «Абайдың желдірмесі».«Таржорға» деп аталады.

2-ж: Абай әндері сол замандағы қазақ әндерімен сәл өзгешелеу. Оған себеп, Абай орыс әндерін көп тыңдап әсер алған жаңашыл жан еді.Ендігі кезекті Абай өлеңдеріне берейік.

Даярлық сыныбы « Қыс»

«Білімдіден шыққан сөз»

«Жазғытұры»

1-сынып «Әсемпаз болма әрнеге» Бақытов. А

«Ғылым таппай мақтанба» Арыстанғалиева. Л

«Жасымда ғылым бар деп...» Нәсіпкерей. А

2-сынып «Қараша, желтоқсанмен» Серік.А

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» Жанат. Е

«Жаз» 3-сынып «Көлеңке басын ұзартып» Баян. А

«Жүрегім, нені сезесің» Сүндетова. А

«Ойға түстім, толғандым» Садыров. Е

4-сынып «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Мұхтарова. А

«Сәулең болса кеудеңде» Бисенова. А

«Адамның кейбір кездері» Уразгалиев.М

1-ж. Абайдың қандай мысал-өлеңдерін білесіңдер?

Оларды кімдерден аударған?

Абай-шебер аудармашы. Парсы және араб тілінен көп шығармаларды қазақ тіліне аударған. Соңғы кезеңдерінде орыс тілінен көп шығармаларды аударды. Қазір біз «Бақа мен өгіз» мысалын тамашалайық.

1-сынып «Шегіртке мен құмырсқа»

2-сынып «Қарға мен түлкі»

3-сынып «Қарға мен бүркіт»

4-сынып «Қарға мен түлкі»

2:Абай ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл дана адам.

Ол адамгершілігі биік, әділетті жан. Бұл жылғы зерттеулерден туған тұжырым. Абай артына қалдырған мол мұраны қайта- қайта оқу арқылы жаңа қырынан танииыз. Оның жазған қара сөздерінің берері мол тағылым. Қазір біразын тыңдап көрейік.

«Бірінші» қара сөзі Оралбай.О 1-сынып

«Төртінші» қара сөзі Сансызбай. Т

«Он тоғызыншы» қара сөзі Қоблан. Д

«Отыз бірінші» қара сөзі Сатқали. Е 2-сынып

«Бесінші» қара сөзі Жасмұқанбетов. А

«Үшінші» қара сөзі Асқаров. Н

«Отыз жетінші» қара сөзі Амиров. А 3-сынып

«Он төртінші» қара сөзі Сағатова. Ж

«Жиырма үшінші» қара сөзі Меңдібеков. А

«Қырық төртінші» қара сөзі Нағымова. М 4-сынып

«Отыз екінші» қара сөзі Мыңбаева. А

«Он бесінші» қара сөзі Оразғалиев. Ж

1-ж: Абайдың табиғат лирикасының өзі де бір төбе. Олар: «Жаз», «Қыс», «Күз»,

«Көктем». Жылдың тқрт мезгілі туралы осы өлеңдерінде малды ауылдың тыныс-тіршілігі, сол кездегі қоғамдық қарым-қатынасты аса бір асқан шыншыл шеберлікпен суреттеген. Ақынның табиғат жырларынан уақыттың жылы не суық емес, өзі өмір сүрген заман айшықтары көрініс береді.




Шығармашылық жұмыс.

Қыс тобы. Ұйқастарды пайдаланып, қыс мезгіліне бір шумақ өлең құрастыру.

.............................. даламыз,

.............................. баламыз.

.............................. шанамыз,

.............................. боламыз.

Күз тобы. Жыл мезгідеріне байланысты мақал-мәтелдер айту.

Жаз тобы. «Жаз» тақырыбына эссе жазу.

Көктем тобы. «Көктем» тақырыбына сурет салу.

«Кім жылдам?» ойыны. (сұрақтарға жылдам жауап беру керек)

1. Абай кім? (Қазақтың бас ақыны)

2. Абай қай жылы дүниеге келген? (1845-1904жыл)

3 .Абайдың әкесінің аты кім? (Құнанбай)

4. Абайдың әжесінің ата кім? (Зере)

5. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)

6. «Абай жолы» романын кім жазды? (М.Әуезов)

7. Абайдың шын аты? (Ибраһим)

8. Абай қай жерде дүниеге келген? (Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында)

9. Абайдың әндері. (Көзімнің қарасы, Желсіз түнде жарық –ай, Айттым саған қаламқас, Сегіз аяқ)

10. Абайдың бес асыл іс? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

11. Абайдың қанша қара сөздері бар? (45 қара сөздері бар)

12 .Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды? (Абайдың

13. Абай жастарды қандай өлеңдері мен оқуға, білімге шақырған?

(Ғылым таппай мақтанба, Әсемпаз болма әрнеге)

14. Абай неше жасында Семейдегі Ахмет риза медресесіне түседі? (12жасында)

15. Абайды дүние жүзіне танытқан кім? (Мұхтар Әуезов)

1-ж: Абай артында қалдырған мол мұрасын оқып, тану тағылым алу, өзгеге жеткізу сіздердің біздің сөздерінен оқып талдадық.

2-ж: Қазақ халқы Абай арқылы суретіндегі сипатын көп жақтан көре алды. Сондықтан Абайды өз заманының айнасы деп айта аламыз. Бүгінгі «Абайды оқы да тәлім ал» атты Абай оқуларына арналған сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтаймыз.

Абай атам-тұлға абызым,

Абай атам-менің Темірқазағым.

Көкірегінде кемелікке кенелтік,

Жүрегіме түсіреді жарығын.

Қараңғылық түнектерін түруге,

Ұмытылдырды ол өркениет, білімге.

Мен әлемге қазақпын деп мақтанып,

Жыр толғаймын ұлы Абай тілінде.

Аманаттарын ақыл-ойдың дестесін,

Өрнектеген көркем сөздің кестесін.

Жер бетіне қазақ барда білемін,

Ұлы Абайдың есімінің өшпесін.

Тылсымына тартып Абай әлемі

Тәнті етеді даналықтың мәйегі.

Ұлы Абайдың жазған жаһт жырларын –

Алда тұрар ғасырларға сәлемі!


Абайдың өміріне арналған тотамаларға тоқталу.

Оқушыларды мадақтау.




Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы


Тақырыбы: «Ал, ,қане балақай!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін шыңдай отырып, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру

2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3: Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
Түрі: сайыс
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Ал,қане балақай!» атты 7 мамыр Сарбаздар күніне орай өткізгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа сыныптан 5 оқушыда 5 топ қатысады.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады
1. Таныстыру
2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)

3. «Омпы ойны» (асықты көздеп ату)
4. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден)
5. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)

6. Спорттық сайыс (шелекке доп лақтыру)
1 - жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білі шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына

2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер
Бір - біріңе еріңдер
Біліміңді тексеріп
Бәйгеге қатысып көріңдер
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие – тәлім табар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысым
ызды бастаймыз.
Ойынымызға өз бақтарын сынай келген 5тобымызды таныстыра кететін болсақ
1 - топ «Теңізшілер»
2 - топ «Парыз»
3 - топ «Қырандар»

4 – топ: «Тұлпар»

5 – топ: «Сарбаздар»

Әр бөлім тапсырмасы сол бөлімге келгенде нақты түсіндіріліп отырады. Ескерте кететін жағдай әр топ өз сұрақтарына өздері жауап беруі керек. Басқа топтың жауаптары қабылданбайды. Егер сол топта тапсырма орындалып жатқанда, басқа топ жауап берсе, сол топтың ұпайы кемітіледі.

Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады
1 – топ.

Топ аты: «Теңізшілер»

Топ ұраны: Бұл шақта,бұл шақта,

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та,

Ел қорғауға әзірміз.

2 – топ.

Топ аты: «Парыз»

Топ ұраны: Туған елді сүю- парыз,

Сүю үшін білу- парыз.

Қасиетін ұғу-парыз,

Күзетінде тұру-парыз.

Сайысқа кеп түсу-парыз,

Жеңіс алу бізге-парыз.

3 – топ.

Топ аты: «Қырандар»

Топ ұраны: Алға, тек алға!
Жеңіске қарай самға.

Біз қыранбыз, қыранбыз
Білімге біз құмармыз

Болашағы қазақтың.
Мықты ұлы, боламыз!

4 – топ.
Топ аты: «Тұлпар»

Топ ұраны: Мыңнан жүйрік оза шауып,

Бас бәйгені аламыз.

Алғыр, жүйрік, білімпаз,

«Тұлпар» тобы боламыз.

Таныстыру: Туған жердің құшағында,

Бірге өскен достармыз.

3-сыныптың ұландары

Сегіз қырлы,бір сырлы,

Ағы мен көздің қарасы,

Сыныптың жігіт сұлтаны.

Қорғап келген намысын,

Өнерге қарсы аттанған

Дәулет, Танат, Абылайхан, Нұртас, Дәурен

біздер боламыз.


5 – топ.

Топ аты: «Сарбаздар»

Топ ұраны: Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске!

Таныстыру: Талай сынды келеміз бағындырып,

Талай жұртты келеміз таңғалдырып.

Сыныптың атынан келіп тұрмыз,

Ақтаймыз деп қыздардың үміттерін.

Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бстаймыз.


Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі.

1 топ 1. Білім күні (1 қыркүйек)
2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
3. 8 наурыз қандай мейрам? (аналар)
4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін неше
минут қажет?
6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

2 топ 1. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2. Ұя салмайтын құс (көкек)
3. Қазақтың билерін ата
4. Қазақстан туының авторы? Ш. Ниязбеков
5.
Өсімдіктер тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
6. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?

3 - топ
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.Ту, Елтаңба, Әнұран.
2. Қазақстан Республикасының әнұран авторлары Н. Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов.
3. Қазақтың ұлттық ақшасы? теңге
4. Наурыз мерекесі қашан тойланады? 22 наурызда тойланады.
5. Абылайдың шын аты? Әбілмансұр
6. Бір сыйлықты орау үшін 8см жылтыр қағаз керек, 3 сыйлыққа қанша см керек?

4-топ

1.Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2. Түбір дегеніміз не?
3. ҚР - ның Ата заңы қай күні аталып өтеді? (30 тамыз)
4. Ер жігіттің бес қаруын ата. (мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)

5. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам (наурызкөже)

6. Жеті қазынаға нелер жатады?

5-топ

1. Ұлы Отан соғысының батырларынан кімдерді білесіңдер?

2. Әбілхан Қастеев кім?

3. 103 нөмірлі қандай машина?

4. Үстеу дегеніміз не?

5. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?

6. Киіз үйге жарық қайдан түседі?


Үшінші бөлім бойынша « Омпы ойыны».
Шарты: Шеңбердің ортасындағы сызыққа әр командалардың ойыншылары өз асықтарын тігеді, төрт асықтын ортасына бір асықты омпысынан тігеді ,барлық ойыншы асықтарды атып омпыға тигізгенге 5 ұпай беріледі, басқа асыққа 1 ұпай беріледі. Бастаушы орнына келгенші жалғасады


Төртінші бөлім бойынша «Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар
1 - топ:

1.Есектің неше мүйізі бар?

2.Аспанда екі күн сәулесін шашып тұр ма?

2-топ:

1. Тормен су тасуға бола ма?

2. 33 қаңтар деген не?

3-топ:

1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)


4-топ:

1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
2. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
5-топ:
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)


Бесінші бөлім: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы»

1-топ:      1.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

2. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

3. Отан – (оттан да ыстық. )

4. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

5. Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)

6.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

7.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)


2-топ:

Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

Піл көтермегенді, (тіл көтереді.)

3.Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала – сорлы бала.)

4.Татулық – табылмас … (бақыт).

5.Бірлік болмай … (тірлік болмас).

 6.Жері байдың - …. (елі бай).

7.Көз қорқақ, …. (қол батыр).

4-топ:

1.Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)

2. Ел іші (алтын бесік)

3. Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.

4.Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.

5.Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.                       

6. Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)

5-топ:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала – ата – анасын мақтатар  (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4. Әдептілік, ар - ұят,(Адамдықтың белгісі.)

5. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

 6.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

7.Бас кеспек болса да, (Тіл кеспек жоқ.)

 

  Алтыншы бөлім спорттық сайыс «Шелекке доп салу»

Шарты: әр топ мүшелері шелекке доп салса 5 ұпай алады.

    

    - Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее