«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Кредиттер. Аңыздар. Шындық" зерттеу жұмысы

Қазіргі таңдағы қаржылық дағдарысқа қарамастан, тұтынушылық несиелеу қарқынды дамиды, себебі, тұрғындар кірістерінің өсуі маңызды болып саналғандықтан несие әлі де қажетті заттарды алудың негізгі көзі болып саналады.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы

Абай жалпы орта білім беру мектебі






Зерттеу жұмысы:

Кредиттер. Аңыздар. Шындықтар


Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу

Секция: экономика



Жұмысты орындаған: Абай ЖОББ мектебінің

8-сынып оқушысы Дүйсембай Дильназ;

Жетекшісі: Абай ЖОББ мектебінің

математика пәні мұғалімі А.С.Ашенова;












Голубовка а. 2017 жыл

Мазмұны:


Кіріспе……………………...................................................................................................4

  1. Теориялық бөлім............................................................................................................5

1.1. Кредит дегеніміз не?.....................................................................................................5

1.2. Кредиттің келісім шарты…............……………………………………………........5

1.3. Кредиттің тарихы…………......................................................................................5-7

1.4. Кредиттің түрі….......................................................................................................8-9

1.5. Есептеу формулалары…..............…....................................................................10-11

1.6. Деректер мен статистика…............………………………………...….......…..11-13

1.7. Аңыздар мен шындық……….............…………………………….......………13-14

1.8. Кеңестер мен нұсқаулар………..........…………………………………….......14-15

2. Практикалық бөлім........................................................................................................16

2.1. Сауалнама....................................................................................................................16

2.2. Мониторинг құру.......................................................................................................16

3. Қорытынды…………….........……………………………………..........……………16

Қолданған әдебиеттер………………………………………………………...................17

Қолданбалар…………………............………………………………………….....…18-19













Аңдатпа

Әр адам өз өмірінде несие сөзін естісе де, оның түрлерін атап шығу оған қиынға соғады. Мен ата-анамнан, достарымнан кредит және кредит түрлерін қанша білетіндерін сұраған кезде, олар нақты санды айта алмайтындарына көзім жетті. Бір нәрсені нақты айта аламын, біз кредитті қорқынышпен аламыз.

Несие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз латынша «сенемін», кредитор деген « сенуші», «сенімгер» деген мағына береді. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарайтын формада: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Осы кредиттерді көрген кезде, оны кім ойлап тапты?, қандай аңыздар бар?, жалпы қандай шындықтан бар екенін біз ойламаппыз да.

Кредит қалай құрылады және оларды айналдырған аңыздар мен шындықтар қандай? Бұл сұрақ мені қатты қызықтырды. Мен Кредиттің пайда болу тарихын зерттеп, өз сауалнамамды жүргізіп көруге бел будым.

Берілген ғылыми жоба өздігінен танымдылыққа, оқушылардың қиялын, зейінін, қабылдауын, логикалық ойлауын жетілдіруге ықпал етеді.














Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазіргі таңдағы қаржылық дағдарысқа қарамастан, тұтынушылық несиелеу қарқынды дамиды, себебі, тұрғындар кірістерінің өсуі маңызды болып саналғандықтан несие әлі де қажетті заттарды алудың негізгі көзі болып саналады.

Мақсаты: кредит туралы ақпарат беру, барлық аңыздарды ашып, маңызды фактілерге тоқталып өту.

Міндеттері:

  1. Кредит туралы ақпараттарды жинау, аңыздар мен шындықтарға көз жеткізу .

  2. Ақашалай несиелеуді қанша мерзімге және қанша пайызда алу керектігінің тиімді әдістерін көрсетіп,қорытынды шығару.

  3. Мұғалімдермен сауалнама жүргізу.

Жобаның практикалық маңызы: Жобаның практикалық маңызы ретінде, кредит тақырыбын айналдырған аңыздар мен шындықтарды зерттеу.
Гипотеза: Кредит – ағымдағы тақырып, бірақ бәрі аяғына дейін түсінбейді. Кредиттеу жүйесі үнемі өзгеріп отырады және жақсаруда, сондықтан осы тақырыптың барлық көлемін қамту мүмкін емес, бірақ ең маңызды және қызықтысын сіздер бүгінде білетін боласыздар.













1. Теориялық бөлім

1.1. Кредит дегеніміз не?

Кредит  — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Ол кредиттік келісім бойынша жүзеге асады. Яғни, қарыз алушы банкпен немесе кредиттік ұйымнан белгілілі бір шартпен несие алады және бұл жерде келісім шарт негізінде қарыз алушының ақшаны қай пайызда алып және оны қандай пайызда қайтаратыны көрсетіледі. [1]


1.2. Кредиттің келісім шарты

Кредит туралы келісім келесі шарттарды белгілейді:

  • Қарыздың мақсаты;

  • Қарыздың жалпы соммасы және валютасы;

  • Қарыз мерзімі;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің түрі

  • Өтеу тәсілі;

  • Қарыздың өтеу әдісі;

  • Өтеу кезектілігі;

  • Тұрақсыздық айыбының мөлшері.


    1. Кредиттің тарихы

Кредитті зерттеу барысында танымәдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Кредит туралы ғылым әлі жас. Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.

Теорияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблеммалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

Экномикалық әдебиеттерде кредиттің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Кредиттің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.[2]

Натуралистік кредит теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак – Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары кредит мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни кредит заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда кредит объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Кредит капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер кредитті кредит капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Кредиттің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Кредит капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.

Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын кредиттің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын кредит нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар кредиттің рөлін өсірмей, кредит пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді.

Кредиттің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама-қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша кредитке экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Кредит ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады. [2]

Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен кредитті сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Кредит пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақылар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес кредиттер мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай кредит ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды. Олар кредиттің шегін, кредит ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.

1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс крдитің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы кредитпен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға кредит салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен кредит пайызын төмендетуге болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады.

Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және кредит нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның кредит капиталы нарығына да тән.

Егер Қазақстанның кредит нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді. [5]

Қазақстан да кредит теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша кредит реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.


    1. Кредиттің түрі

Кредит түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

  • макқатты қорларға;

  • банктерге;

  • қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

  • өнеркәсіп салаларына;

  • ауыл шаруашылығына;

  • саудаға;

  • дайындау ұйымдарына;

  • жабдықтау-сату ұйымдарына;

  • кооперативтерге;

  • жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

  • орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

  • негізгі қорларға жұмсалатын;

  • айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

1. Қамтамасыз етілген:

2. Сақтандырылған.

3. Қамтамасыз етілмеген:

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1. Стандартты кредит — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ кредиттер;

2. Кумәнді кредит — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз кредит — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған кредиттер.[4]

VI. Валютамен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен;

  • шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

Тұтыну кредиті — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Ипотекалық кредит—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Халыққа берілетін ипотекалық кредитті үш түрге бөлуге болады:

  1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;

  2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;

  3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

VIII. Кредиттеу объектісіне қарай:

  • меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

  • материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

  • сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

  • азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

  • ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

  • тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.[3]


    1. Есептеу формулалары

Кредиттің пайызын есептеудің бірнеше әдістері бар, олар:
Қарыздын бір бөлігін ай сайын өтеу;
Аннуитеттік төлем;
Мерзімді төлемдерді төлей отырып біржолғы несиені өтеу.
Қарыз алушының несие құны қандай екенін түсіну үшін бір мысалға үш есептеу берілген. Мысалдың негізгі параметрлері:
кредиттің соммасы – 1000 бірлік.(pV- қарыздың бастапқы құны немесе есептеу кезінде ағымдағы несие сомасы)

Кредиттің соммасы – 12 ай (n – ай саны)
кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме - 20 % “жылдық
Кредит бойынша ай сайынғы пайыздық мөлшерлеме – 1,67 (rate – айлық бойынша пайыздық көрсеткіш, 1/12 жылдық)

Қарыздың бір бөлігін пайызбен ай сайын өтеу. (1 әдіс)
Қарыздың бір бөлігін пайызбен ай сайын өтеу,
бұл алдын-ала келісілген ай сайын қайтаруды көздейтін қарызды есептеу әдісі, қарыздың бір бөлігі және пайыздарды ай сайын төлеу. Кредит бойынша келесі төлемнің сомасы келесі формула бойынша анықталады:

V = pV / n
Келесі пайыздық төлемнің құны келесі формула бойынша анықталады:
I = pV * rate
Қарыздың бір бөлігін ай сайын өтеу кестесі және кредит бойынша пайыздық есептеу:
Бұл жағдайда қарыз бойынша сыйақы есептеу банктердің пайыздық мөлшерлемесі 20% жылдық кредит бойынша кредит құны 108,34 шартты бірлікті құрайды, бұл жалпы соманың 10,8% ғана.

Аннуитеттік төлем ( 2 әдіс)
Аннуитеттік төлем, бұл қарыз бойынша сыйақы есептеу әдісі, ол қарызды ай сайынғы тең үлестермен өтеуді көздейдітін

(несие ставкасы өзгермеген жағдайда) төлем, пайыздарды төлеу және қарызды өтеу төлемі бар.

Қарызға аннуитет төлемінің сомасы келесі формула бойынша анықталады:
Pmt = pV * rate / [ 1 - (1 / (1 + rate) )n ]
Қарыздың бір бөлігін ай сайын өтеу кестесі және кредит бойынша сыйақыны есептеу келесідей:
Бұл әдіс сізге кредит бойынша ай сайын бірдей төлемдерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қарыз бойынша сыйақы есептеу банктердің пайыздық ставкасымен жылына 20% мөлшерінде несие бағасының 111,61 шартты бірлікті құрайды, бұл жалпы соманың 11,1% құрайды.
Осылайша, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме өзгерген жоқ, бірінші әдіс бойынша қарыздың сыйақысы 3,77 бірлікке артты. Клиентке осындай төлем ыңғайлы, бірақ есептеулерге ыңғайлы болу үшін төлеу керек. Бұл әдісті банктер өте белсенді қолданады. [8]


1.6. Деректер мен статистика

Адамзат қаржының барлық артықшылығын бағамдап, оның биржада алмасу құралдары екеніне көз жеткізіп , оны тез арада қолдана бастады. Барлық уақыттағы несие мен банктер туралы дәйектер мен деректерге сүйеніп көз жүгіртсек қаржы өз қажетінше біршама тарихы бай болып саналады.Ең қызықтылары мен сіздер қазір танысып өтесіздер .

  1. Әлемде ең бірінші кредиттер   Ассириияда, Вавилонда және Египетте пайда болған. Ғалымдар оған нақты дәлелдер тапқан, себебі б.э. VIII ғасырда алғашқы көпестер ақшаны пайыз бойынша қарызға беріп отырған.

  2. Сонымен қатар қолданыста арнайы банк билеттері болып отырған (құнды қағаздар ) ,hudu. деген атаумен болған.

  3. Ежелгі Грецияда кредиторлар өздеріне қарызы бар борышкерлердің жеріне hypothéke (ипотека) атты тақтайшалар іліп отырған . Ол егер кредит төленбеген жағдайда жер кредитордың мүлкіне өтеді дегенді білдірген .

  4. Вавилон патшасы Хаммурапи (1793 — 1750 жылдар б.д. дейінгі.), жарлығына сәйкес кредиті бар борышкерлер оны төлемеген жағдайда өз балаларын құлдыққа беруге міндетті болған.

  5. Ең бірінші кредиттеу туралы жарнама 1730 жылы жазылған , мұнда Кристофер Торнтон (жарнама хабарландыруды беруші) тұтынушыларға жихаздар сатып алуға ұсыныс білдіріп оны аптасына бір рет төлеп отыратындықтары туралы айтқан.

  6. Статистика мәліметтеріне сүйенсек әр банкте мемлекеттік меншікте болсын болмасын әлеуетті клиенттердің құпия тізімі болады, және ол тізімге енгендермен банктер жұмыс істеумеуге тырысыады. Бұл тізімге келесі мамандықтар кіреді: әскериадамдар, әр түрлі кәсіпкерлер, заңгерлер, жазушылар, жәрналистер, және де судьялар..

  7. Ал енді статистикаға сүйенсек.. Сауалнамаға сәйкес Қазақстан тұрғындарының 40% тұтынушылық несиелерден қатаң түрде бас тартады, 30% орынды бас тартады , 20% өте оң, 10% қатаң түрде оң көзқарастарын білдіреді екен.

  8. Экономистер бұның негізі себебін жылдық пайыздың жоғары болғандығымен байланыстырады., бірақ бұны кредит жүйесіні түсінбеушіліктерден болуы мүмкін екенін де жасырмайды.

  9. Қазақстандықтардың 40% несие алғандықтары және енді алғылары келмеитіндіктері туралы айтқан, бұл сауалнамаға қатысқан 10% басқаларының жауабы, және де қалған 50% ешқанашандай несие алмағандары және алуды жоспарламаитындықтары туралы айтқан.

  10. Қазақстандықтарға « сіз не үшін және қандай қажеттілікке несие аласыздар» деген сұраққа 40% несие алудың ешқандай мағынасы жоқ 30% автомобиль алуға 20% қажетті құралы жабдықтарға, электроникаға және тек 10% баспана алуға несие алатындарын айтқан.

  11. Келесі кестеде 2015-2016 жылға несие алуға өтініштердің динамикасы берілген . Бұл мәліметтерге сүйене отырып 2015 жылдың ақпан айы ипотекаға несие алуға өтініш көп түскен жыл екен, 2016 жылдың ақпан айымен салыстырсақ басқа несиелерге қарағанда ипотекаға несие алу өтініштері аз болған екен.

  12. Ипотека өзінің маңыздылығын жойған болуы керек. Ақшалай несиелер, несие карталары, және автокредиттер жыл бойы бір бірінен алшақтап кеткен жоқ.

13. Бірақ несие карталарының маңыздылығы төмендеген, автокредиттер бір жыл бұрынғы өз деңгейін сақтап қалған енді ол өткен жылға қарағанда , ең жоғары болып саналады.


1.7. Аңыздар мен шындық

«Несие бойынша қарыз – ол әрдайым жаман»

 Әрине , орынсыз алынған заттарға жоғары пайыздағы кредиттік карталарды қолдану ол әрине үлкен қарызға әкеп соғады. Ол бірақ одан қорқу керек екен дегенді білдірмейді.  [6]

Шындық: Шағын қарызыңыз болып бірақ сіз оны соңында жауып тастасаңыз ол сіздің кредиттік рейтингіңізді арттырады. Ол болашақта сіздің ірі қарыздар алуға болатындығын білдіреді. Ал банк көзімен қарғанда несие тарихы бүлінгеен несие алушыдан клиенттің бұрын несие алмағандығы күдікті болып саналады..

«Егер мен несиені төлемесем, мені түрмеге отырғызады!»

Адал емес коллекторлар қарыз алушыны қылмыстық жауапкершілікпен қорқытады. Бірақта несие сұрақтары азаматтық заңнамалар мен шешіледі 

Шындық: егер сіз несиеңізді төлей алмасаңыз сізден тек мүлікіңізді алып қоя алады, сонымен қатар жылжымайтын мүлікіңізді. Бірақта несиені жалған құжат бойынша рәсімдеу және қарыздан жалтару жағдайында қылмыстық кодек бойынша жауапкершіліке тартылдады.

«Егер несиені төлей алмасаң аяғына дейін банктен жасырын»

  Керсінше және барлық дәлдік: Сіз банкті өзіңіздің қаржы қиындықтарыңызбен тез арада құлаққағыс етіп қойсаңыз өзіңізге тиімді болатыны сөзсіз. [7]

Шындық: Банкке сізді тақырға отырғызуға емес, сізден қарызын алуға мүдделі. Ақшалай қиындықтардың шын екеніне көз жеткізгесін олар сізге жарнаны төлеуге арналған несие демалысын немесе қайта қаржыландыру жоспарын құрады.

  «Мен өзімді банкротқа ұшыраған деп жариялай аламын»

Шындық: Шынымен, қазіргі таңда жеке тұлғаларға банкрот деп жаряилауға рұқсат берген. Бірақ та, қарыз жауапкерщілігенен босатпайтын өте қиын және қымбат рәсімдеулер. Сот тұлғаны банкрот деп жариялағасын сіздің мүлкіңіз сатылымға қойылып , өткен жылардағы барлық мәмілердің күшін жояды. Қарыздарды бес жылдан артық емес мерзімге қайта құрылымдайды, бұл аралықта сіз жаңа несиелер ала алмайсыз.

«Несие бойынша ең төменгі төлемдерді төлеу жеткілікті»

 Шындық: Банк ең төменгі төлемдерді сіздің төлем қабілеттеріңізді растайтынын қарастырады. Енгізілген ақының көп бөлігі пайыздарды жабуға ал қалғаны сіздің қарызыңыздың орынын жабуға жұмасалады.

Сондықтан ең төменгі төлемақылар төлеу арқылы, сіз жиналып қалған пайыздарды төлеуге мәжбүр боласыз. Қарыз ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, ал артық төлемдер өте үлкен болады. Әрдайым мүмкіндік болса жоғарғы төлемдермен төлеп отырған тиімді болады. [8]


1.8. Кеңестер мен нұсқаулар

Клиент несие келісіміне қол қоюдың алдында мұқият оқып өтумен қатар ауызша келесі маңызды сұрақтарға жауап алу қажет:

  • Негізгі қарыздармен қоса төлемдердің нақты мөлшерін және пайызымен барлық комиссияларды;

  • Несиелеу келісімшартының мерзіміндегі пайыздық мөлшердің өзгеруі туралы ;

  • Барлық несиені мерзімінен бұрын жабуға. Кей кезде бұл мүмкіндіктер болады, бірақ ол қосымша комиссияларды қамтып соңында салымшының өзіне тиімсіз болады.

  • Барлық банктер сізді несиелеуден бұрын сіздің төлем қабілеттігіңізді ғана емес сонымен қатар несие қабілеттігіңізді де бағалайды. Бұдан кейін кез келген банк қызметкері ақының мөлешерін анықтап оның пайыздық мөлшерлемесімен несие төлеудің мерзімін анықтайды. Сондықтанда барлық қарыз алушыға бірдей несиелеу шарттары беріледі деп айтуға болмайды.
    Банкке төмен төлем тәртібі бар клиентке ақшаны сеніп беруге болмайтындығымен сіз келісетін шығарсыз. Сол себепті банкке өз басын қатерге тіге отырып ондай клиенттерге жоғарғы пайызда және қысқа мерзімде несиелер береді. Бұл нақты растайтын жұмысы жоқ қарыз алушыға қатысты себебі, оның кірістерін ресми расталмаған. Бұл жағдайда банкнесие рәсімдеуде тәуекелге барғандықтан ақысын жоғарлатады. [8]

  • Сізге несие ұсыныстарына, бұл жерде банк талаптарына сонымен қатар ең маңызды жоғарғы пайызды төлемдермен немесе несеиелеуден бас тарту сияқты рәсімдеулерді мұқият қарау қажет. Кредиторлардан пайыздық ақыны төмендету туралы ұсыныстар түсе алады, алайда ол қарыз алушы қосымша құжаттар ұсына алған жағдайда жүзеге асады.

ҚР азаматы ретінде растаитын құжаты болған жағадайда келесі құжаттарды ұсыну керек: 
Шетелге шыға алатын төлқұжат
Жүргізуші куәлігі
жеке банк картасы
орта арнаулы және жоғары білім туралы құжат .

Проценттік пайыз келесі тағы бір қосымша құжатты көрсеткен жағдайда төмендей алады.
Жұмыс берушінің қолымен бекітілген еңбек кітапшасыны көшірмесімен

Соңғы үш айдағы банк есебіндегі ақысы туралы анықтама

Банк формасы анықтамасы, 2ҚТКС (қаржылық тұлғаныың кірісне салық )

Көлігі тіркелегені туралы анықтама

Сақтандыру құжаттары
Өзіндік медициналық сақтандыру немесе шетелдік визасы бар төлқұжат



  1. Практикалық бөлім.

2.1. Сауалнама

1. Тұтынушылық несиелерге деген көзқарасыңыз?

  • Қатаң оң;

  • Өте оң;

  • Өте теріс;

  • Қатаң теріс

2. Сіз тұтынушылық несие алып көрдіңізбе?

  • Иә, тағы да алуды жоспарлаймын;

  • Иә, енді еш уақытта алмаймын;

  • Жоқ, жоспарламаймын да

3. Сіз несие алу мүмкіндігін не үшін алу ықтимал деп санайсыз?

  • Үй;

  • автокөлік

  • Тұрмыстық техника және электроника;

  • Ештеңеге емес.


2.2. Мониторинг құру. №3 қосымша


3.Қорытынды

Біздің зерттеу жұмысымыз арқылы несие туралы жаңа ақпараттармен таныстық. Аңыздар мен шындыққа көз жеткіздік. Әркім өзіне қызықты мәліметті алды деген ойдамыз. Ал біз несиенің жаңа емес, оның біршама ғасыр жасап келгендігі және жаңа экономикада кредиттеу әрдайым дамып жетіліп отыратына көз жеткіздік.

Сондықтан , аңыздар мен шындықтарға, дәйектердің рас екеніне көз жеткізе отырып, тұтынушы өзіне шұғыл арада қажетті затты алу үшін несие ала алатынына, және бұл оған тиімді, әрі қолжетімді болатына шүбәсіз сенемін.




Қолданған әдебиеттер:

    1. Қазақстан ұлттық энциклопедия, Б. Аяған 5 том К - Қ, «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы, 2003. 72 бет.

    2. «Капитал. Критика политический экономики» К. Маркс . Политиздат 1978 ж. 146 бет.

    3. «Русска-казахский экономический словарь делового человека» Алма-Ата: Научно-исслед.центр Ж.М. Аяпова, М. Жукибаев «Мураттас» МЧП «Толға», МГП «Демеу» 1992-220бет

    4. Іскер адамның орысша-қазақша (сөздігі) экономикалық сөздігі. Алма-Ата «Демеу» 1992 ж.

    5. Қазақ совет энциклопедиясы, Бас редакциясы М.Қ. Қаратаев. Көз-қосүйтас Алматы, 1975 жыл. 74 бет.

    6. «Қарыз күліп келіп, жылап кетеді» балаларға қаржы жайлы О. Гумирова Қаржы мәдениеті Алматы 2015, 4 кітап

    7. «Шашу оңай, жинау қиын» балаларға қаржы жайлы О. Гумирова Қаржы мәдениеті Алматы 2015, 2 кітап

    8. Интернет желісінен

1)https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D1%81%D0%B8%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%BC%D3%99%D0%BD%D1%96_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96

2)https://finance.rambler.ru/sovety/kredity/10-mifov-o-kredite/?updated=text

3)http://bankreferatov.kz/bussines/1522-nesie-oni-mn-men-izmetter.html








Қолданбалар

    1. Қосымша


    1. Қосымша





    1. Қосымша



Күнделік



Жұмыстың мазмұны

Зерттеу әдісі

Мерзімі

Жетекшінің қолы

Математикадан қосымша сабақта бірнеше жұмыстың тақырыбы ұсынылды.

Тақырып таңдау

Қыркүйек 2016


Кредиттер туралы мәліметтерді жинауға орталық кітапханаға барады

Материалдар іздеу

Қыркүйек


Газет, журналдардан кредит туралы шындықтарды оқиды

Тақырыпқа мәліметтер жинау

Қыркүйек Қазан


Кредит туралы аңыздарды жинайды

Тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау

Қараша


Интернет желісінен өзіне керекті материалдар жинайды

Тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау

Желтоқсан


Мектеп ұжымының арасында сауалнама жүргізеді

Жоспар құру


Қаңтар

2017


Кіріспе бөлімді бастап жазу


Ақпан


Мектеп кітапханасынан керекті кітаптарды алу

Тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау

Наурыз


Жинаған мағұлматтар мен бастаған кіріспе бөлімді жетекшіге көрсету


Сәуір


Демалыс кезінде пайдаланған әдебиеттерді жинақтап компьютерге салып жобаны жазу

Жобаға дайындық

Мамыр

Маусым


Жетекшіммен пікірлесе слайд құру


Тамыз


Жетекші екеуміз жұмысымызды бекітіп дайындау

2

Қыркүйек






Абай жалпы орта білім беру мектебінің

8 «А» сыныбының оқушысы Дүйсембай Дильназдың

«Кредиттер. Аңыздар. Шындық» атты зерттеу жұмысына

ПІКІР

Дүйсембай Дильназдың «Кредиттер. Аңыздар. Шындық» тақырыбында орындаған ғылыми жобасы мазмұнды,тақырыбы өзекті, тәрбиелік мәні зор және сауатты жазылған. Кредит тақырыбының мәнін, мағынасын аша білген. Аңыздар мен шындықтарды салыстыра білді. Өз жасына лайықты зерделі шолу жасап , мазмұнын жан – жақты қамтып , алдына мәселе қоя білген.

Қазіргі заманда кредит алу сауаттылығы, бұл тақырыпқа қатысты шындықтар білу, айтарлықтай аңыздарға қызығушылық ояту, оған құндылықпен қарау жоқтын қасы. Сондықтан Дильназдың алдына қойған мақсаты жас ұрпаққа кредит туралы ақпарат беру, барлық аңыздарды ашып, маңызды фактілерге тоқталып өту болса, мақсатына жетті деуге болады.

Жұмыстың жоспарына сәйкес барлық сұрақтардың мазмұны толық ашылған , және зерттеу жұмысы талапқа сай, өз деңгейінде орындалған.

Дильназдың еңбегі қызығушылық тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін.



Зерттеу жетекшісі: Математика пәні мұғалімі Ашенова А.С.



Мектеп директоры Байгазинова А.Е.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее