«Зимний фестиваль знаний 2025»

Конспект урока по естествознанию на тему "Өсімдіктердің қандай түрлері болады?"

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 1 сыныптың жаратылыстану пәнінен "Өсімдіктердің қандай түрлері болады?"тақырыбына құрылған сабақ жоспары.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім

Тірі табиғат

Мектеп: «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаманбаланова Шугыла Жомартовна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің қандай түрлері болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.3. жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады;

Көптеген оқушылар: Жабайы және мәдени өсімдіктердің айырмашылығын атайды, салыстырады;

Кейбір оқушылар: Жабайы және мәдени өсімдіктердің пайдасын, қалай күту керектігін біледі.

Бағалау критерийлері

- Жабайы және мәдени өсімдіктерді атайды және ажыратады;

- Өсімдіктерді жабайы және мәдени өсімдіктерге топтайды.

Тілдік мақсаттар

- мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылықтарын атай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

ағаш, бұта, шөп; жабайы өсімдік, мәдени өсімдік;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыңдар?

- Осы өсімдіктердің қайсысын білесіңдер?

- Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?

- Суретте көрсетілген өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

- Сіздің ойыңызша, бұл өсімдіктер жабайы ма, әлде мәдени ме?

- Өз мектебіңнің айналасында қандай өсімдіктер өседі?

- Мәдени өсімдіктер қалай пайда болды?

Құндылықтарды қалыптастыру

- еңбек және шығармашылық

- өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Видеоны көрсету арқылы жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратуға, олардың айырмашылығын білуге дағдыланады.

Бастапқы білім

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін біледі, сондай-ақ оларды күту және өсіру жолдарын біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

2. (Т) Топқа бөлу.

Оқушыларды шеңберге жинап, әртүрлі өсімдіктердің суреті бейнеленген пазл бөліктерін құрастыру арқылы топтарға топтастырады. Пазлдағы суреттер арқылы топтасқан топтар мұғалім жасырған жұмбақтарды шешу арқылы, өз топтарының атауын айтады. Мұғалім бағыттаушы сұрақтарды қою арқылы топ атауына сәйкес оқушылардың білімін анықтайды.

- Бұл қандай өсімдік? Ол қайда өседі?

- Оның ерекшелігі неде?

- Бұл өсімдіктердің ұқсастығы неде?

- Айырмашылығы ше?

Оқушылардың жауаптарын толықтыру










Өсімдіктердің қима суреттері

Сабақтың ортасы






















































Саралауға арналған тапсырма














Саралауға арналған тапсырма

3. «Жабайы және мәдени өсімдіктер» туралы бейнежазба

көрсету.

4. (МК) Мұғалімнің түсіндірмесі

Өсімдік үш түрлі қарапайым топқа бөлінеді. Мысалы: ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктер. Ағаш –бір ғана сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Ағаштың жуан сүрегі дің деп аталады. Ал бұта дегеніміз- бірнеше сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Бұталарда дің болмайды. Бұталардың биіктігі ағаштарға қарағанда аласа. Шөптесін өсімдіктер дегеніміз - сүректенбеген жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін өсімдіктердің жер үсті бөлігі құрап қалады.

Өсімдіктер жабайы және мәдени болып екіге бөлінеді. Адам өсіретін өсімдіктер мәдени өсімдіктер деп аталады. Адам мәдени өсімдіктерге күтім жасайды. Олар адамға өзінің жемісін береді. Мәдени өсімдіктерге жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер жатады.

Адам күтім жасамайтын өсімдіктер жабайы өсімдіктер деп аталады. Олар далада, шалғында, орманда өседі.

5. (Т) Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген тапсырмаларды оқушылар әркім өз тобында орындайды. Оқулықта берілген 1, 2 сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Бау-бақшада, орманда, шалғында өсетін өсімдіктердің атын атайды, оларды қандай топтарға бөлуге болатынын, олардың бір-бірінен айырмашылығын атайды, өздерінің білетінін әңгімелейді. Өз мектебінің айналасында өсетін бірнеше өсімдіктерді атайды.

  • Осы өсімдіктердің қайсысың білесің? Оларды ата.

  • Суреттегі өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?

  • Мына суретте осы өсімдік топтары бар ма?

  • Суретте көрсетілген өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

(ҚБ) «Үш шапалақ» арқылы топтық өзара бағалау.

6. (Ұ) «Дұрыс-бұрыс» ойыны.

Оқушыларға сөйлемдер оқылады. Олар дұрыс немесе бұрыс екенін сигналдық карточкамен көрсетеді.

  • Мәдени өсімдіктерге күтім қажет емес. (бұрыс)

  • Мәдени өсімдіктерді адам өсірмейді. (бұрыс)

  • Жабайы өсімдіктер өз бетінше өседі. (дұрыс)

  • Қияр және алма –бұл мәдени өсімдіктер.(дұрыс)

(ҚБ) «Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы бағалау.

-дұрыс -бұрыс

7. (Ж) «Ойлан-жұптас» ойыны.

Оқушылар жұптасып өсімдіктің қай топқа жататынын тауып, суреттерді дұрыс атауымен сәйкестендіреді.

(ҚБ) Смайлик арқылы жұптық бағалау.

8. (Д) Дәптермен жұмыс.

Тапсырма. Мәдени және жабайы өсімдіктер.

Өсімдіктер мен олардың атауларын бір-бірімен байланыстырып қосады. Тек қана мәдени өсімдіктерді бояйды.

Орамжапырақ, емен жаңғағы, алма, картоп, сәбіз, бақбақ, пияз, қызылша.

Дескриптор:

- Өсімдіктердің суретін анықтап қарайды;

- Жабайы және мәдени өсімдіктерді атауымен сәйкестендіреді;

- Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады.

(ҚБ) Жұлдызша арқылы өзін-өзі бағалау.

Бейнежазба http s:/razumeykin. ru/

Жабайы және мәдени өсімдіктердің суреттері, қосымша дерек көздер, интернет ресурстары













Жаратылыстану

оқулығы

12-13 бет






















Сигналдық карточкалар








Дәптерде

3-жұмыс парағы















Дәптерде

4-жұмыс парағы


Сабақтың соңы

9. (Ұ) Бүкіл сынып болып, жергілікті 10 өсімдіктің тізімін не кестесін құрастыру; суреттерді пайдаланып, өсімдіктерді атау.

(Мұғалім оқушылардың айтқан өсімдіктерінің атауын тақтаға жазып отырады. Оқушылар суреттер бойынша топтастырады.)

10. Рефлексия:

Оқушылар сабақты түсіну және берілген тапсырмаларды орындау деңгейлеріне байланысты табыс ағашына тиісті алмаларды орналастырады.

«Табыс ағашы» арқылы сабақты қорытындылау.

- Қызыл алма – Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң;

- Сары алма – Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң;

- Жасыл алма – Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса.

Тақта, кесте, маркер





Алма ағашының суреті, қызыл, жасыл, сары түсті алма қима қағаздары



































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее