«Зимний фестиваль знаний 2025»

Конспект к уроку "Абайдың өлеңі"

«ҚАРАША, ЖЕЛТОҚСАН МЕН СОЛ БІР-ЕКІ АЙ.»

Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды.

Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайын абайланған, өмір сүру, тірлік кешу, жан бағу – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін, реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.

Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен көрінеді. Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отын таба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп отырған байғұс әйел – осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі

Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы, энциклопедиясы

Сабақтың барысы:Сәлемдесу.Кезекшімен сұхбаттасу

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

«ҚАРАША, ЖЕЛТОҚСАН МЕН СОЛ БІР-ЕКІ АЙ...»

Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды.

Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайын абайланған, өмір сүру, тірлік кешу, жан бағу – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін, реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.

Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен көрінеді. Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отын таба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп отырған байғұс әйел – осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады.

Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар: маздап жанған от болмағандықтан, қақтана алмай азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққа кедей баласы, ептеп кәрі қой сойған, айналасын киіз тұтқан жылы үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап-қара қый - осының күллісі ескілік өмір салттың қанық бояулы бөлшектері.

Көшпелі ауылдың таптық айырмасын ашық айтқан, біржақта байлық, бір жақта жоқшылық барлығын өмірді өз суретімен дәл көрсетіп берген үлкен реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар, тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі сыздап тұр. Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартып ал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімге шақырады.

Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Туынды қарақалпақ, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.


III. Ойтолғаныс сатысы

Тест 5 сұрақ(ауызша )

1.Қай жылы Абай өлеңді жазды?

2. Пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы не туралы?

3.Кімнің мінезі іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен нақты көрінеді?

4.Өмір қалай бейнеленген ?

5.Неге ол шақырады?

Ақын өлеңін оқу және талдау. Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай


Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай —

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.

Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,

Ықтырмамен күзеуде отырар бай.


Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.


Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,

Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.

Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,

Бір жағынан қысқанда о да азынап.


Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

0 да қылған кедейге үлкен сыйы.


Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.



Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып,

Бала шықса асынан үзіп-жұлып,

Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,

Үйген жүктің күн жағын орын қылып.


Әкесі мен шешесі баланы андыр,

О да өзіндей ит болсын, азғыр-азғыр.

Асын жөндеп іше алмай қысылады,

Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.


Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,

Андыстырған екеуін құдайым-ай!


Алса да аяншақтау кедей сорлы,

Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.

Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,

Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.


Өлеңнен түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесін толтыру.

Ішіне: Табиғат лирикасы

Сыртына: Көңіл-күй лирикасы


Сабақты қорыту. Бағалау.Үйге тапсырма: «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңін жаттау,






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее