«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Қаршыға Ахмедияровтың кәсіби орындаушылық шеберлігі негізінде оқушының қабілетін арттыру"

Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті,бейімділігі баса назарда болуы керек.Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту,музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты,музыка түрлерінің шығу тарихы,музыка түрлері дамыған елдерде,музыка әр саласындағы белгілі композиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі композиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа,музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру.

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Қаршыға Ахмедияровтың кәсіби орындаушылық шеберлігі негізінде оқушының қабілетін арттыру.

Қойшыбаева Бақытгүл Судияқызы

Дамбы өнер мектебінің жоғары санатты домбыра –тенор пәнінің оқытушысы

Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті,бейімділігі баса назарда болуы керек.Дегенмен де оқушыларды бейімдеу , қабілетін дамыту ,музыкаға деген қызығушылығын арттыру , жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты,музыка түрлерінің шығу тарихы,музыка түрлері дамыған елдерде ,музыка әр саласындағы белгілі композиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі композиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа ,музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру.Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа әлем елдеріндегі атақты композиторлар және күйшілер шығармаларына , мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет.Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып,өздеріде,сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға жұмыстанады.Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Оқушы белсенділігін арттырып ,білім сапасын көтеру мақсатында мен өз шығармашылық жұмысымды қазақ халқының атақты күй құдіреттері Махамбет ,Құрманғазы ,Дәулеткерей ,Тәттімбет ,Дина , Абыл , Есіл , Мәмен, Түркеш мұраларын зерттеуші солардың ізін жалғастырушы, өз туған топырағымыз,күй отаны – Атырауда дүние есігін ашқан ақберен күйші Қаршыға Ахмедияровтың есімімен байланыстырып отырмын.

Ондағы мақсатым -Қ.Ахмедияровтың шығармашылығын,кәсіби шеберлігін зерттеу арқылы күйші- сазгердің әдіс-тәсілдері негізінде оқушының орындаушылық қабілетін арттыру.

Қ.Ахмедияровтың орындаушылық шеберлігін оқушыға меңгерту үшін ең алдымен күйші-сазгер шығармашылығына зерттеу жасауды мақсат еттім.Онда Қ.Ахмедияровтың өмір деректеріне,білім жолындағы ізденістеріне шығармашылығына шолу жасадым.Сол арқылы мынадай тоқтамға келдім.

Қаршыға Ахмедияров








ЗЕРТТЕУШІ

КҮЙШІ

ҰСТАЗ

САЗГЕР


Атақты күйші-сазгерді жаратылыс болмысының өзі табиғаттың ерекше тартуындай.Қаршыға Ахмедиярұлы-қазақтың аса бағалы рухани қазынасы саналатын құдіретті күй өнерінің асқан жүйрік дүлдүлдерінің бірі.Ол 1946 жылы Исатай,Махамбет, Құрманғазы,Дина,Шернияз батырлар мен ақындардың,жыршы жыраулардың біртуар бірегей күйшілердің Отаны болған Атырау өңірінің Махамбет ауданы,Таңдай ауылында дүниеге келді.Сегіз қырлы, бір сырлы әке тәрбиесінің,үлкен ағасы Қырғидың,мектеп мұғалімі Х.Ризуанов,Қ.Мұхтаров,Ш.Шәріпов және Н.Үлкенбаевтардың домбыраға баулу мектебінен өтті.Ол Таңдай орта мектебінен дәріс алды.

1964 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын бітірді.1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факултетін,1986-88 жылдарда Мәскеу қаласында жоғары дирижерлік курста оқыды.1967-1994 жылдарда қазақтың халық аспаптар оркестрінде домбырашы,кейіннен концертмейстер,жеке домбырашы және дирижер қызметін атқарды,әрі көркемдік кеңестің мүшесі болды.1974 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысты.1994 жылдан профессор,1996 жылдан домбыра кафедрасының меңгерушісі болып қызмет жасады.Бала күннен құлағына құйып,көкірегіне тоқып өскен күй мұра оны талант шыңына жетелеумен келеді.Қаршыға күйшілік өнер топырақтан дарып,ана сүтімен берілген.Қаршыға Ахмедияров аса дарынды күйші ретінде елге танылып,халықтың шексіз ықыласына бөленді.Оның орындаушылық шеберлігіне шетелдік көптеген елдер тәнті болды.Мысалы:Жапония,АҚШ,Франция,Куба,Швеция,Италия,Финляндия,Үндістан,Швейцария,Норвегия,Польша,Венгрия,Чехия,Португалия,Йемен,Англия және де басқа елдердің көрермендері оның өнеріне жоғары баға берді.

Қаршыға – зерттеуші, жеткізуші. Қ.Ахмедияров ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көп мән берді.Оның саз өнеріне қосқан ғылыми үлесіне тоқталатын болсам,оның жинақтауымен 1982 жылы махамбет «Шашақты найза-шалқар күй» жинағы , 1994 жылы «Атырау» күйлер жинағы,1995 жылы Құрманғазы «Сарыарқа» күйлер жинағы ,1996 жылы Дәулеткерей «Жігер» күйлер жинағы,1997 жылы Дина «Әсем қоңыр» күйлер жинағы,1999 жылы «Шынар» күйлер жинағы,2000 жылы «Табыну» күйлер

жинағы,2002 жылы «Күйші Қали» күйлер жинақтары жарық көрді.Қ.Ахмедиярұлы жан-жақты ірі музыкант,қайталанбас дара талант иесі. Оның өзі күйіттеген музыка өнері саласындағы бүгінге жеткен жетістіктері - кім –кімге де үлгі-өнеге,келер жас ұрпақтарға арналған асыл мұра.Айтар болсақ 1981 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың иегері,1992 жылы Қазақстанның халық әртісі,1993 жылы профессор ғылыми жоғары атағына ие , 2000 жылы Парасат орденінің атақтарына ие болды.Ол мұндай бел-белестерінің бедерлі биліктеріне оқыған-тоқыған,көрген түйген өнегесінің арқасында жетті.

Қаршыға – сазгер

Атақты күйші туа біткен дарындылығымен артына өз туындыларын да қалдыра білді.Сонымен оны «сазгер» деп атауға құқылымыз.Күйші сазгердің төл туындыларын 2 топқа бөліп қарастырамыз.Ол тақырыбы мен стиль жағынан 50-ден аса күй шығарды.Оның біріншісінде тарихпен тілдесіп,ата-баба аруағына сыйынады,ақындар мен әнші-күйшілерге табынады.

Мысалы: «Ақ мешіт», «Ақын қиса», «Бапас Ақжелең», «Ұран күй»,ноғай күйлері.Сазгер күйлерінің екіншісі қазіргі заманға арналған.оның тақырып аясы сан-салалы келеді.Мысалы:Салтанатты жағдайға «Ана мейірімі»,қоршаған ортасына «Жетісу», «Иманқұл», «Бейжін қызы», «Арпалыс»,шәкіртіне «Балапан», танымал әріптестеріне,үзеңгілес достарына да арнады.Атақты ақын Ф.Оңғарсыноваға «Қыз ғұмыр»,композитор Е.Рахмадиевке «Ерке би»,Атырау облысының әкімі И.Тасмағанбетовке «Жалғызым», «Табыну», «Имаш-Байжұма»,ұстазы Қ.Мұхитовқа «Ұстаз», жақын сүйікті адамдарына «Қайран әке», «Ақ қайың», «Сағыныш», замандастарына «Ғазиза», «Би», «Нұрғиса», «Қуаныш», «Шамғон Ақжелең», өткеннің өз тұлғаларына «Абай толғау», «Құрманғазы», «Ақжелең», сырлы сезімді суреттейтін «Жаңа жыл», «Осака», «Шабыт», қоғамдық өркениетке, туған жеріне «Алтын ұя», «Құрдастар», «Нарын», «Ақ жайық», «Атырау», «Атамекен» т.б. күйлері бар.

Қаршыға – ұстаз

Асқан шебер орындаушы, ғылыми зерттеуші,тағылымы ғибратнаманың иесі танымдылығымен қатар ол ұлағатты ұстаз.Бүгінде оның тәлімін алған шәкірттері әр түрлі сайыстарда,өнер өресінің бар саласында еңбек етуде. Олар: халықаралық Құрманғазы, республикалық Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Шабыт сайыстарының жүлдегерлері Мұрат Каримуллин,Ғалым Ахмедияров,Сания Ерғалиева,Баян Игілік,Салтанат Құдайбергенова,Айнагүл Тіналиева,Алдияр Шағдатов,Ахан Озғанбай,Ақбота Тұрымбетова,Қарлығаш Оспанова т.б. шәкірттері бар

Қ.Ахмедияров еңбегін оқушыға теориялық негізде түсіндіре отырып,оқыту процесінде оның орындаушылық шеберлігіндегі әдіс тәсілдерді,қағыс түрлерін меңгертуге жұмыстандым.Сол сабағымды төмендегіше өткіздім.


Ашық сабақ


Оқушының аты-жөні: Рахымжан Гүлназ 4 сынып


Тақырыбы: Қ.Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін оқушыға үйрету.


Мақсаты: а) Қ.Ахмедияровтың кәсіби шеберлігі негізінде

оқушының орындаушылық қабілетін қалыптастыру.

ә) Қ.Ахмедияров күйлерінің орындау техникасы

арқылы оқушының шеберлігін жетілдіру.

б) Оқушыға жерлес күйші шығармашылығы арқылы

эстетикалық тәрбие беру, өз туған жеріне,оның белгілі

тұлғаларына құрметпен қарайтын тұлға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Баяндау,түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап,тыңдату,жаттығу

Көрнекіліктер: Қ.Ахмедияровтың фотосуреттері,оқулықтар,слайдтар.

Қ.Ахмедияров күйлеріне арналған үнтаспа, дискілер.

Пайдаланған әдебиеттер: «Домбыра үйрету әдістері» К.Сахарбаева

«Домбыра үйрену мектебі» А.Жайымов

«Шынар» Қ.Ахмедияров

«Күй Қаршыға»

Ғаламтор жүйесі.


Сабақтың жүру барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып журналы,оқушының жеке жоспары, керекті кітап құралдар, аспаптың бұрауын келтіру.Отырыс және сабаққа қатысты көрнекіліктер.

б) «Ми» мажор гаммасын арпеджиосымен оқушының техникасын арттыруға, яғни оң қол, сол қолды жаттықтыру үшін бердім.Бұл гамманы әр түрлі ырғақта, штрихта екпінде түрлі аппликатурамен ойнаттым.

ІІ. Өткен сабақты қайталау кезеңі.

М.Қойшыбаев «Қызыл құм» шығарманы аяғына дейін жаттап келу.Ондағы кездесетін тремоло, пиццикато,триоль (nvv) қағыстарын әдемілеп алу.Он алтылық, нүктелі ноталарды санап,ырғағын,темпісін,динамикалық белгілерін сақтап, фортепианоның сүйемелдеуінде өз дәрежесінде ойнау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары (интерактивті тақтада) №2 слайд

1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

2. Қ.Ахмедияровтың шығармашылығына зерттеу жасау.

3. Күйшінің орындау техникасына шолу.

4. Күйді тыңдату,талдау,үйрету.

Орындау техникасының ерекшеліктер.

Бабалар дәстүрлі жолын ұстанған ұрпағының ірі,білімдар өкілі –

Қаршыға Ахмедиярұлының шығармашылық тақырыбы,ауқымы сан алуан тақырыптық,ладтық,мазмұндық,құрылымдық,ырғақтық,орындаушылық ерекшеліктері көңіл аударарлық.Қаршыға күйлерінде құбылту,дыбысты қаныққанды бояумен әсерлеу,оң қолды өте күрделі техникалық қағыстарға бейімдеу басым.Сонымен қатар оның әрбір күйі мазмұнының тереңдігімен .музыка тілінің көркемдігімен қағыс әдіс тәсілдерінің өте күрделігімен ерекшеленеді. Қаршыға Ахмедиярұлының орындаушылық шеберлігінің сыры естілмей тұрған әуенді таба білуінде.Оң қол қағыстарында нотаға түспейтін көптеген сиқырлы сырларда бар.Олар «жаппай қағыс», «кезек қағыс», «шертпе қағыс», «шұбыртпа немесе сүйретпе қағыс »болып келеді.Оның күйлерінде төкпе және шертпе қағыстарды кезектестіре пайдаланады.Күй желісінде әр буынға қайта оралып өзгертіп,құлпыртып ойнау,домбыра шертуде сан қырлы тәсілдерді алуан шеберлікпен пайдалана білу Қаршыға стиліне тән нәрсе.Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні екі қолдың жымдасқан үндестігінде ,ойыңның жүректі серпіген сел сезіміңнің саусақ арқылы пернеге тіл бітіріп домбыраны сөйлетуінде.Осындай күйлерінің бірі «Жібек жетісу»күйі.

Бұл күйді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жібек Әмірханованың жібектей мінезіне риза болып, Жетісуға Жібектің жібектей мінезін қосып «Жібек Жетісу» деп атаған екен. Мен оқушыға бұл күйді бастап түсіндірмес бұрын Қаршыға Ахмедияровтың өзінің орындауында диск арқылы тыңдаттым.Әрі қарай күйдегі қағыстарды ,техникалық қиындықтарды түсіндірдім,ойнап көрсеттім. Күйдің тақырыбы сазды,Жетісу әнінің үйірімді мақамы ырғағымен туындаған ,құлаққа жағымды,ұяң әсем күй.Бұл күйді бірнеше буындарға бөлдім.Бас буын, негізгі буын,орта буын,кіші саға ,үлкен саға.Бас буында әр түрлі ұағыстағы оналтылық ноталар,екі төмен қағыстағы сегіздік ноталар көп кездеседі.Оналтылық триоль нотаға ауысып,сегіздік ноталар әр түрлі қағыста ойналады.Негізгі буында бас буындағыдай оналтылық пен сегіздік ноталар кездеседі.үшінші төртінші жолындағы ноталар алма кезек қағыста он алтылық нота болып ойналады.Кіші сағамен үлкен саға бірдей ырғақта орындалады.Көбіне кездесетіні әр түрлі қағыстағы сегіздік ноталар. Арасында триоль қағыстағы ноталар және бір нотаны әр саусақпен алу қағыстары кездеседі .Үлкен сағадан кейін негізгі буындағы ноталармен бас буындағы ноталар ойналады. Әуені ырғағы жеңіл құлаққа жатық жеңіл жатталады.Күйді талдай отырып ,орындау техникасын ,динамикалық белгілерін,ноталардың ұзақтығын аппликатуралық ерекшеліктерін қағыстарды игеру жолдарын,ырғағы мен әуенін бұзбай дыбыс сапасын таза алу әдістерін үйретіп ,түсіндірдім.

Сабағымды Венн диаграмасы бойынша қортындыладым.Оқушының осы кезге дейін өтілген Құрманғазы күйшілік мектебі мен Қаршыға күйшілік мектебін салыстырдым.Өтілген сабақ бойынша сұрақтар дайындадым.



Батыс өңірінде туған,төкпе күй өкілдері күйші,композитор,ұстаз.

Құрманғазы қазақтың күй өнерінің негізін қалаушы.Халқымыздың бастан өткен қайғы-қасіретін,мұң зарын күйлеріне арқау еткен, мол мұра қалдырған.


Қ.Ахмедияров қазақтың күй өнерін жалғастырушы жаңа заманға сай дәстүрлі күй мектебінің бар саласын жалғастырған үлкен мектеп.









1.Қаршыға қай мектептің өкілі?

2.Қаршығаның қандай күйлері бар?

3.«Алтын ұя» күйін қалай шығарған?

4.Қаршыға күйлерінің ерекшеліктері қандай?

Сабақты қортындылау.

Осы сұрақтарды қоя отырып ,оқушының жауаптарын толықтырдым.

Қаршығаның әрбір күйі мән мазмұнының тереңдігімен ,музыка тілінің көркемдігімен,қағыс әдіс –тәсілдерінің өте күрделігімен ерекшеленеді. Сонымен ,Қаршыға дәстүрлі күй өнерін жалғастырушы ,қазақ музыкасында ерекше орын алатын дәстүр қалыптастырған ,кейінгі ұрпақ үшін мол мұра қалдырған сазгер.

Үйге тапсырма.

«Алтын ұя»күйін жай орындау арқылы ,бөлім бөлімге бөліп ойнау.Ондағы кездесетін триоль қағыстарына жаттығу.

Оқушыны бағала


«Ізденіспен ұшталған тәжірибе – нәтижелі жеміс кепілі»

Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатырған талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді,ізденімпаз,барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын,сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын бәсекеге сай құзіретті тұлға қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.

Қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік еңбегі,көтерілген белесі. Оқушының өзіне тән ерекшелігін жете зерттеп біліп алған соң,әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне орай іріктеп,талдап қолданамыз.Тиімділерін одан әрі жетілдіреміз. Оқушыларға халықтық өнер түрлерін үйрете отырып,оларды қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастыра отырып дамыту – ұрпақ тәрбиелеудегі мақсатымның басты міндеті және оны күнделікті оқыту тәжірибемде қолдауын тауып келе жатқан ұлттық үлгідегі сабақтастық деп білемін.Сонымен қатар өз шеберлігімді шыңдау жолында мектеп ішілік шараларға,селолық,қалалық мерекелік концерттерге қатысып,белсенділік көрсетіп отырамын.Сондай-ақ оқушыларды әртүрлі қалалық,облыстық сайыстарға қатыстырып келемін.

Мен Атырау балалар саз мектебінде 23 жылдан бері жұмыс жасап келемін.Бұл жылдар ішінде оқушыларым бірнеше сайыстарға қатынасып,жүлделі орындарға ие болды.Қазіргі таңда Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясын бітіріп саз мектептерінде еңбек етіп жүрген шәкірттерім бар.Мысалға айтар болсам : Нұржанова Айнұр, Жеңісова Айымгүл Әлімбатыр Жасұлан,Сұлтанғалиев Мұхтар және де Жақсылық Айгүл,Рахымжан Гүлназ сынды болашағынан үміт күттіретін оқушыларым да бар.

Бүгінгі ойымды қорыта келе ұлттық сана,ұлтты сүю,қадірлеу бабаларымыз аманат етіп кеткен дәстүрден,өмірден бастау алатыныын ұмытпағанымыз абзал.Толғаулы сырлы өнеріміздің көсегесін көгертіп,кейінгі ұрпаққа жалғастыру – мерейлі парызымыз.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее