«Зимний фестиваль знаний 2025»

Кайталау сабақ "3 ке көбейту және болу"

Көбейту және бөлудің кестелік жағдайын және қалдықпен бөлу туралы білімдерін бекіту.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың түрі:    ашык сабак

 

Пәні:  математика         

Сыныбы:  3    

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.

Сабақтың мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы және  

                                      қалдықпен бөлу туралы  білімдерін бекіту.

Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын 

                     жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін 

                     арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын 

                      қалыптастыру

Тәрбиелік:Қысқы ойындар  арқылы балаларды ұйымшылдыққа, 

                    жылдамдыққа, өзбеттерімен жұмыстана білуге, шапшаң әрі 

                    қатесіз есептей білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Көрнекіліктер:  слайдтар, қысқы ойындар, дидактикалық үлестірмелер, фигуралар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру, күнделікті өмірмен.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып тазалығына қарау

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

б) П с и х о л о г и я л ы қ     д а й ы н д ы қ .

   Математика керек әр күнге,    Математика қажет өмірде

   Математиканы оқимыз            Миымызға тоқимыз

-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

Математика- ғалымдар патшасы деген екен Абай атамыз.Яғни,математиканы білсек  барлығын да біледіекенбіз.

II. Актуализация(Үй тапсырмасын тексеру)

1) №7 мысал.Фигураның боялған бөлігінің ауданын есептеу.

Жауабы: S=(12 смх 5см)-(4см х 2см+5см х 2см)=60 см²-18 см² =42см²

2. Тірек білімдерін белсендіру.

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)

ІІІ. Жаңа сабақ.

 -Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Ақпанның 21-і.     Сынып жұмысы.

1) Математика-ермек емес балалық,

    Математика-көрегендік, даналық.  

Математика-құрметтеуге лайық,

Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!-дей келе бүгінгі қайталау сабағымызды бастаймыз.

-Балалар, біз сіздермен бірнеше қазақтың ұлттық ойын түрлері  туралы білеміз. Қане еске түсіріп жіберейікші: ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т.б. 

-Бұл ойындар жылдың қай мезгілінде ойналады? (Оқушылар жауабы)  

-Ал қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады?  (Оқушылар жауабы)  

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз.   Артынан мақалдар оқимыз.

-Сабақты бастамас бұрын, осы қысқы ойындарға қатысты  қандай  сайыс жүріп жатыр? (Оқушылар жауабы)  

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ресейдің Сочи қаласында ХХІІ қысқы ойындардың олимпиадасы өтіп жатыр. Оған 88 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстаннан да спорттың 10 түрі бойынша 52 спортшы бақтарын сынауда. Әзірше олимпиаданың 14-ші күнінің  нәтижесі бойынша 1 қола медальмен Қазақстан 25-ші орында тұр. Қола медальді мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен  қоржынға салды. Қалған күнде шорт-трекшілер финалдық бәсекеге түседі, солардан үміт күтеміз. 

-Слайдпен жұмыс.                                                                                

— Қыста ойналатын қандай балалар ойындарын білесіңдер? (Оқушылар жауабы)

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

1 тапсырма. Аққала соғу.№1 мысал. Өздік жұмыс.

Бөлінгіш

23

19

57

80

45

Бөлгіш

5

4

7

9

6

Бөліндінің мәні

4

4

8

8

7

Қалдық

3

3

1

8

3

 

Мақал: Спорт-жігер, спорт-бірлік.

2 тапсырма. Коньки тебу. №2 мысал. Күрделі теңдеуді  шешу. Тақтамен жұмыс.

Хх3=100-73  104+х=700-443  ух5=283+167   у:8=120:60  ах4=200-164  30ха=500-230 Хх3=27         104+х =257        ух5=450            у:8=2           ах4=36           30ха=270         х=27:3           х=257-104          у=450:5            у=2х8           а=36:4            а=270:30

х=9               х=153                 у=90                   у=16            а=9                 а=9

Мақал: Шынықсаң-шымыр боласың.

3 тапсырма.Шаңғы тебу. №3 есеп.Топшама беру арқылы шығарту.

                А) 150:(24:8)     ә) 12+12х3       б) 12+12:3

Мақал: Дене қимылы-дәрісіз ем, шыныға жүріп дертті жең.

Сергіту жаттығуы.

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

 Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? (айналады)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма?

(бас бармақтарын көрсетеді)

 

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Амалды орындап көріңдер

4 тапсырма. Хоккей ойыны. Өздік жұмыс. №4. Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.

А) 401г+31г+112г=544г     507г+53г+309г=869г      225г+140г+47г=412г         

     84г+199г+122г=405г

 ә)89+36+130=255    49+781+7=837     245+69+155=469   501+69+312=882     

    499+32+145=676     291+145+19=455

 

Қане тәртіп сақтайық       Тез есептеп аттайық

Алға қадам басқанда        Батылдықпен аттайық

5 тапсырма. Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. №5 Ізденіске жетелейтін тапсырма. Суретпен жұмыс.

 

 

 

                           8м                                                                      5см

 

                                                                                                5 м

          9 м                                                                 8 м

-барлық линолеумның ауданы   72 м²/40 м²

-қиып алынатын бөліктің ауданы   2 м²/9 м²

-пайдалы ауданы   70 м²/ 31 м²

6 тапсырма. Шанамен сырғанау. № 6. Көбейтінділерді санның квадратын алмастыр,өрнектердің мәндерін есептеп шығар.

4х4=4²=16              8х8=8²=64                  10х10=10²=100        3х3=3²=9  

30х30=30²=900      20х20=20²=400          5х5=5²=25                6х6=6²=36

7. «Кім жылдам» ойыны 

Екі қатарға лездік 5 сұрақтан қойылады.

               1 қатар

1. 5ондықты 3есе арттыр

2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан

3. 6ондықтан 2 есе артық сан

4. 1дм-де неше см бар?

5. 30 бен 50-дің қосындысы

              2 қатар

1. 3 ондықты 2 есе арттыр

2.  93-тің алдында келетін сан

3. 1 сағатта неше минут бар?

4. 90 мен 40-тың қосындысы?

5. 7 ондықты  2 есе арттыр

 8. Логикалық тапсырмалар

1.1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?

2. Бір  сағатта  неше  минут  бар?

3.Бір  аптада  неше  күн  бар?

4.Бір  жылда  неше  ай  бар?

 5.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

V. Үйге тапсырма: 80бет, №7мысал

VІ… Білімді бағалау.

Екі қатароқушыларын  бағалау.Спортпен үнемі шұғылданып жүрейік.

VІІ.Сабақ қорытындысы:

                         -  Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету).

— Бүгінгі матема тика сабағында нені үйрендік?

— Өткен тақырыптарды қайталадық.

— ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.

— Есептер шығардық.

— Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.

-Ия, балалар, олай болса математика бізге керек деп мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:

 

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым соған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан.

 

 -С а б а қ      а яқ т а л д ы.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее