«Зимний фестиваль знаний 2025»

Дүниетану. Ауа. Ауаның қасиеті

Дүниетану пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

3 сынып

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның қасиеті.

Сабақтың мақсаты: Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету. 
2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім-біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту. 
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу. 
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: «Иә, жоқ» ойыны, «Почта жәшігі» ойыны, «Көрінбейтін сиқыршы», «ЖИГСО», «Ассоциация», «Ойлан, жұптас, бөліс!», «Болжау», «Су тамшылары» әдістері

Дерек көздер: Интербелсенді тақта, электронды оқулық, жұмыс дәптері, «Дүниетану» оқулығы.

Түйінді идеялар: Сабақ барысында оқушылар жұптасып, топтасып жұмыс жасауға, тәжірибе жасап, пікірлерін айтып дәлелдей алуға үйренеді, өзгенің пікірін сыйлап, құрметтеуге дағдыланып, ортақ шешім қабылдауға қалыптасады.


Кезеңдер


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекеті


Бағалау

Дереккөздер мен қолданыла

тын ресурстар

Ұйымдас

тыру кезеңі
































































Ізденуші

лік – ұйымдас

тырушы



































Психологиялық дайындық

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды ортаға күннің шуағына тұрғызып, өлең жолдарын айтқызу.










Оқушыларды күннің шуағындағы боялған түстердің көмегімен сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу.

Оқушыларға топ аттарын өздері құрастырып алуын сұраймын.


Үй тапсырмасын сұрау.

Денелер, заттар, табиғаттағы құбылыстар тақырыбы бойынша топтарға тапсырма таратамын


«Иә, жоқ» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Әр оқушыға сұрақтар қоямын, жауабына не иә, не жоқ деп қысқаша ғана жауап береді.




































Тұсаукесер. Негізгі бөлім.

Қызығушылықты ояту. (әңгімені оқи отырып «Болжау» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу) 
«Көрінбейтін сиқыршы » 
- Балалар, жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда, басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені қоршап тұрады. Сенімен үнемі бірге жүреді.

- Ол не деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар.

- Ауа туралы не білесіңдер? «Ойлан, жұптас, бөліс!» Әр оқушыға ауа туралы білетіндерін еске түсіріп, жұбымен талқылау ұсынылады.

Ассоциация құру.

Әр топтан сұраймын, толықтырамын

Электронды оқулықты пайдаланып жаңа тақырыпты түсіндіру


Оқулықпен жұмыс: «ЖИГСО» әдісі.

Топтарға тапсырма беремін, бақылаймын.

Оқулықтағы«Ауа және оның қасиеті» деген мәтінді 3 абзацқа бөліп, топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 3-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-ші нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с.Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.


«Почта жәшігі» ойыны.

Әр топқа 3 почта жәшігін беремін. Топтағы оқушылаға сол почта жәшігіне оқыған мәтін бойынша 2 сұрақтан жазып, қарсы топтарға беруін ұсынамын. Өздеріне келген почта жәшігіндегі сұрақтарды оқып, оларға жауап беру тапсырылады.


Топтық жұмыс.

Топтарға тапсырмалар таратып, оның орындалысын бақылаймын, түсіндіремін, бағыт-бағдар беремін.


Тәжірибе жасау
Оқушыларға тәжірибе жасауға керекті заттарды таратып беремін, түсіндіремін, бақылаймын





Электронды оқулықтан ауаның қасиетін көрсетіп, оқушылардың ойларын толықтырып өтемін.



Оқушылар сәлемдеседі, ортадағы күннің шуағына тұрып ұстаздармен амандасады.

Күннің көзі ашылсын, 
Көкке шуақ шашылсын
 
Құтты қонақ келіпті
 
Төрімізге еніпті
 
Ал, қанекей бәріміз
 
Сәлем дейік үлкенге
 
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
 


Табиғат сыры көп екен, 
Меңгеруді қалайды.
 
Осының бәрін білдірген,
 
Дүниетану сабағы - деген өлең жолдарын хормен айтып, күннің шуғының астындағы түстерге байланысты топтарға бөлінеді.


Әр өздерінің топ атын құрастырады.



1 топ- Денелер

2 топ- Заттар

3 топ- Табиғаттағы құбылыстар жайында білетіндерін постерге жазып қорғайды.


Топтағы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене деп аталады. Иә

2. Денелер табиғи және жасанды болады. Иә

3. Күн, ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс – табиғи денелер. Иә

4. Адам табиғаттың бір бөлігі. Иә

5. Тірі денелердің жиынтығы өлі табиғат деп аталады. Жоқ

6. Тірі денелер тірі табиғатты құрайды. Иә

7. Өлі денелер қоректенеді, өніп-өседі, тыныс алады, көбейеді. Жоқ

8. Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыруға болмайды. Жоқ

9. Ауа, құм, бұлт, тас өлі табиғатқа жатпайды. Жоқ

10. Адам қолымен жасалған денелер өлі денелерге жатады. Иә

11. Денелер заттан тұрады. Иә

12. Үй, машина, кітап, орындық – табиғи денелер. Жоқ

13. Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады. Иә

14. Құбылыстардың бәрі бірдей. Жоқ

15. Тірі дененің құрамын бірден білуге болады. Жоқ

16. Жазда қар жауады. Жоқ

17. Әр мезгілдің өзіне тән құбылыстары болады. Иә

18. Бұршақ, жаңбыр, боран құбылыстар емес. Жоқ

19. Жануар өлі табиғат. Жоқ.

20. Құстар тірі табиғатқа жатады. Иә

21. Адам, құстар, жануарлар – жасанды денелер. Жоқ

22. Өсімдік – тірі табиғат. Иә

23. Доп денеге жатады. Иә

24. Ауа тірі табиғат. Жоқ


Мұғалімнің әңгімесін тыңдайды. Жауабын табады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.















Әр оқушы ауа туралы білетіндерін еске түсіріп, жұбымен талқылайды.



Ауа туралы білімдерін постерге жазып қорғайды.


Электронды оқулықтағы бейнебаянды көреді, тыңдайды.



1 топ – Ауаның тағы бір деген жолдан бастап тіршілік ете алмайды деген жерге дейін.

2 топ – Адамға тыныстану деген жолдан бастап қондырғылар орнатылады деген жерге дейін.

3 топ – Сондықтан айналаны деген жолдан бастап бөліп шығарады деген жерге дейін оқып шығады.

Әр топтан бір оқушыдан шығып келесі топтарға барып оқығандарын түсіндіреді.









Бұл тәсіл бойынша балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып почта жәшігіне салып келесі топқа береді





1 топ- Адам, жануарлар, өсімдіктер үшін лас ауаның зияны.

2 топ- Ауаның ғарышта, биік тауда, теңіз түбінде де қажеттілігін анықтау.

3 топ- Тәжірибе жасау.

1 тәжірибе: Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, қайтадан өз орнына келеді. Неліктен?

2 тәжірибе: Шарды үрлеу. Ауаның пішінін салыстыру.

3 тәжірибе: Қолғапты ки. Не сездің? Түсіндір.

Оқушылар дәлелдейді. 
















Жарай

сыңдар!





«Шапа

лақ» әдісі



Смайлик







































Әр түрлі түстерге боялған күннің шуақтары






Интербелсенді тақта










Плакат, маркер













































Интербелсенді тақта
















Плакат, маркер.





Электронды оқулық



оқулық




















Почта жәшігі, қалам, қағаз








Плакат, маркер; ғарыш, теңіз, тау, адам, жануарлар, өсімдіктердің, зауыттардың суреттері;

Доп, шарлар, қолғап.



Электронды оқулық


Рефлек

сивті-түзетуші

Қорытынды

«Су тамшылары» әдісі

Оқушыларға бүгінгі жаңа сабақта есінде қалған сөздерді су тамшыларын жазуды ұсынамын.


Рефлексия. Әр оқушыға кесте таратып беремін, түсіндіремін.

Кесте

+

алғаным

-

түсінбегенім

Қызықты

Не қызықты болды?






Үйге тапсырма: 48-49 беттер оқу, мазмұндау.


Бағалау: сабаққа жақсы қатысып, белсенділік танытқан оқушыларды бағалау



Әр оқушы су тамшыларына естеріне қалған сөздерді жазады.




Оқушылар кестені толтырады.

Сабақтан алған әсерлерін жазу







Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазады.























Смайликтер арқылы




Су тамшылары, көлдің суреті




Кестелер, қалам







Күнделік


Смайликтер









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее