«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Денсаулығың өз қолыңда" ашық тәрбие сағаты

Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Не білдік?, Не үйрендік?
Сабақтың мақсаты:

Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, енді осы қонақтармен амандасып алайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біздер бүгін сабақта дидактикалық ойындар арқылы жыл бойы өткендерімізді қайталайтын боламыз.
Ойын шарты: Барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз.
Ал ендеше тұрмайық
Ойынымызды бастайық
Не үйрендік, не білдік
Соны ортаға салайық.

1. Ойын: «Есіңе түсір, жылдам айт»
- Адамға тіл не үшін керек?
-..........,...........,..........,.........

2. «Ойлан, тап» ойыны. (тіл дамыту пәні бойынша)
Жұмбақтар шешу:
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама,

Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты.

Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады.

3. «Сен білесің бе?» ойыны.
- Қандай ертегілерді білеміз?
Ертегілердің сюжетті суретін көрсету. Балалар қай ертегі екенін табу.

4. «Жалғастыр» ойыны.
Өлеңнің екі жолын оқу. Балалар жалғастыру керек.
Отан сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың
................................
..................................

Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
.....................................
...................................

Жиып – теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
.....................................
.....................................

Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп,
...................................
...................................

5. «Өз орныңды тап» ойыны. (Айналамен қоршаған орта, экология пәні бойынша)
Жыл мезгілдері ретімен өз орындарына тұрады.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Сұрақтар: Бір жылда неше мезгіл бар?
Әр мезгілде неше ай бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық ойланып.
- Балалар, біздер әріптерді, сөздерді оқуды, жазуды қай пәннен үйрендік?
-......................................
1. «Сөз ойла көп, ойла» ойыны.
а) Әріптерден, буындардан сөз құрату. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мысалы: а – дауысты, л – дауыссыз, а – дауысты
ә) кітап, әже, Айгүл, мектеп сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.
2. «Ой қозғау»
Қайталанып келген әріптерді алып тастау арқылы жасырынып тұрған сөзді табу.
СҚСАРСЛСЫСҒСАСШ ҚАРЛЫҒАШ
Сұрақ: Қарлығаш қандай құс? Осы туралы қандай ертегі білеміз?

3. «Кім біледі?» Ойыны.
а) Бала, машина, қуыршақ, балапан, балабақша сөздерін буынға бөлу.
ә) Сөзді қалай буынға бөлеміз?

4. «Ойнайық та, ойлайық» ойыны.
а) Әріп көрсетіледі. Балалар қолындағы түстің көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыс екенін мұғалімге көрсетеді.

5. «Адасқан сөздер» ойыны.
а) Тақтаға ілінген суреттердің астына кеспе әріптермен атарын жазады.
ә) Осы сөздерге сөйлем құрату.

Математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болған жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Досың солар табылатын қасыңнан.

Балалар, біз тура, кері санауды, қосу мен азайтуы, есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?

а) 0 - ден 10 - ға дейін тура санау.
ә) 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.

2. «Тез есепте» ойыны. Ауызша.
3+1; 2+2; 6+2; 7+3; 10 - 5; 6 - 3; 7 - 4; 8 - 5; 9 - 4; 9 - 2; 10 - 7; 8 – 3; 6 – 4; 5 – 3.

3. «Орныңды тап» ойыны.
а) ретімен орналастыру
10, 5, 3, 4, 1, 6, 9, 2, 7, 8, 0 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

4. «Кім көп біледі?» ойыны.
Бір аптада неше күн бар?
- Ретімен айтып беру.
5. Сергіту.
Топ - топ, топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса, Алтын күн!
Жаса, жаса, жарқын күн!

6. «Білгіш болсаң.....» ойыны. (балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту)
- Жұдырықта неше саусақ бар? (5)
- Анасының мысығы, иті, қызы бар Анасында неше бала бар? (1)
- Ағашта 4 құс отыр, оған тағы 2 құс келіп қосылды. Ағашты қанша құс отыр? (6)
- Қолыңда ұшты 4 қаз, қайтып қонды 2 қаз, ұшып кетті нешеуі? (4 - 2)

7. «Көршісін тап» ойыны.
3 - тің, 7 - нің, 9 - дың, 6 - ның, 10 - ның көршісін тап.

8. «Жоғалған сандар» ойыны.
Қалдырып кеткен сандарды тауып орнына қою.
0... 2... ... ... 6 ... 8 ... 10

9. «Құрамын тап» ойыны. (Гүлдің күлтесіне сандардың құрамын жазу)
8 - дің, 9 - дың, 10 - ның құрамын табу.

Қорытындылау.
Сабақ соңында «Бақытты балалық шақ» әнімен аяқтау.



































































Тақырыбы: «Күн тәртібі».

Мақсаты

Білімділігі - денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру;
Дамытушылығы - оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету;
Тәрбиелігі - оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету. Гигиеналық ережелер мен мінез-құлық мәдениетінен білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,сөзжұмбақ,жемістер,шар.

«Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе» В.Франклин

«Режим мен еңбек – денсаулық кепілі» И.П.Павлов.
Барысы: -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Ендеше «Денсаулық-зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне, осында. Дені сау адам әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтан да өз денсаулықтарыңа жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.Топқа бөлу,жемістер арқылы.

2.Ой толғаныс «Денсаулық»

Әр топ қорғау.

Оқушы:Денсаулық ол-күлуің 
Көңіл–күйің жадырай, 
Денсаулық ол–жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай.

Динара. Басты байлық-денсаулық

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Денсаулықты күту үшін балаларға күнделікті күн тәртібін сақтаудың маңызы зор.Сондықтан бүгінгі біздің тақырыбымыз « Күн тәртібі».

  • Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.

Күн тәртібі –бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте.

Күн тәртібі –бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу.

Күн тәртібі- тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру

1.Ұйқыдан тұру.Жаттығу жасау. Бір оңға,бір солға.

Пайдасы.Күнделікті ұйқыдан тұрған соң жаттығу жасау денсаулыққа пайдалы.Барлық ағзамыз шынығады.Көңіл-күйің көтеріңкі болады.Таңғы асқа тәбетің ашылады.

Дене қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең.

Таза болса- табиғат,

Аман болар –адамзат.

Жалқаулық-жаман ауру

Шынықсаң, шымыр боласың.

Нәтиже:Мен күнде ұйқыдан тұрған соң жаттығу жасаймын.Денем жеңілдеп,ұйқыдан тез арылам.Қан айналымын жақсарады.

2.Жуыну қимылдарын жасау.Тісті күтудің пайдасы.

Тісті күтуде ең бірінші тіс пастасын дұрыс таңдай білу керек.Мен мына пастаны қолданам. «Мятный».2 рет тазалау.тіс шайғышпен ,тұзбен шаю пайдалы.6-оқушы.Тісіңді жу, тазарт 
Маржандай болсын аппақ. 
Атқаратын қомақты 
Ауыз қуыс ісі бар: 
Ұсататын тамақты 
Отыз екі тісі бар. 

Ерасыл: 
Тіс болмаса, 
Асты қалай шайнарсың, Тазалап жүр тісіңді. 
Тісті күнде екі рет Кішкене де ыңғайлы, 
Тазартуды ойларсың. Тіс щеткасын пайдалан. 
әдет қыл бұл ісіңді: Тазалауға болмайды, 
Щеткасымен басқа адам.

3.Таңғы ас.Мәзірі.

1Ботқа.

2. Жеміс-жидектер,көкөністер.

3.Жұмыртқа.

4.Сүт.

Пайдасы.Таңғы ас ішкен асқазанға пайдалы.Ботқалардың құндылығы жоғары.Себебі онда дәрумендер,минералдар көп.

Егер таңғы ас ішпесем асқазаным,ішім ауырады.Әлсіз сезініп,жүре алмаймын.

Ас – адамның арқауы. Тамақты ішкің күнде сен, 
Деген сөз бар ежелден. Белгілі бір мезгілде. 
Бойға сіңіп, тарқауы, Таңертең, түс, түстен соң, 
Үшін керек ереже. Жатар алды кезінде.

4.Мектепке келу.Партада түзу.Омыртқа жотасы туралы айту.

Омыртқа жотасы-тұлғаның негізгі тірегі.

Омыртқа жотасы-тұлғаны алға,артқақарай қозғалту арқылы түрлі қимылдарға келтіреді.Қисаю себептерінің бірі-партада ,орындықта түзу отырмау.

Нәтиже: Біз партада түзу отырамыз.Себебі: өскенде сымбатты болғымыз келеді.

Жаттығу «Қара жорға».

5. Түскі ас мәзірі.

1.Ет,құс еті,балық.

2.Көкөністер,жемістер.

3.Картоп.

4.Сүт.

Пайдасы:Түскі аста орташа тамақтану керек.Көкөністер мен жемістер салаты, еттен не балықтан 1-ші және 2-ші ыстық тағамдар,шырындар ішкен жөн. Сүт тағамдарында, етте, балықта кездесетін дәрумендер адам ағзасына өте қажет. Сондықтан да үнемі құрамында ағзаларға қажет дәрумендері бар тамақтарды жеп жүргеніңіз абзал.

6.Сөзжұмбақ шешу. «Денсаулық,бақыт,байлық».

Оқушыларға жағдаяттар.

1-жағдаят.Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады»деді.Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз»деді.

-Сіздер не деп айтқан болар едіңіздер?

2-жағдаят. Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой.Отырып,дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп кейіді.Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» деп жүре тың дады.

.-Қалай ойлайсыз,Саматтың айтқаны дұрыс па? Сіз балаңызды қалай тамақтандырасыз?

3-жағдаят. Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды.Бірақ ол неден бастарын білмей,дал болды.Ойлана келіп,өзінің күн кестесін құрудан бастады. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

-Асыланның ойы дұрыс па? Сіз Асыланның анасы болсаңыз күн кестесін қалай құруға көмектесер едіңіз?

-Сөзжұмбақтар шешуін тыңдау.Денсаулығы мықты адам бақытқа ,байлыққа да кенеледі деп қорытындылау.

7.Үйге келу.Компьютердің пайдасы,зияны туралы айту.

Зияны:ұзақ уақыт отыру мойын,бастың,қолдың,иық бұлшық еттеріне күш түсіп,осыдан омыртқаға артық жүктеме сколиоз пайда болады.Көздің көрүін нашарлатады.Көзден 60-80см қашықтықта болу керек.

Пайдасы:1.Байланысқа кіру.

2.Кеңінен жайылу.

3.Қатысу.

4.Байланыс жеңілдігі.

5.Тасымалдау ісінің жеңілдігі.

Көз жаттығуын жасау.

8.Кешкі ас мәзірі.

1.Ботқа,нан,картоп.

2.Көкөністер,жемістер.

3.Айран.

Пайдасы:Кешкі ас жұғымды,жеңілді болу керек.Ұйықтар алдынан 2 сағат бұрын ішу керек.Кешкі серуенге шығу керек.Жатар алдында бөлмені желдету.

Гигиена туралы тақпақ.

Дос бол сабын, сумен сен, 
Жиі – жиі жуын сен: 
Таңертең де, кешке де, 
Жуын күндіз – түсте де, 
Жуын тамақ алдында, 
Жуын тамақ соңында, 
Жуын ұйықтар кезіңде, 
Жуын тұрған мезгілде.

Жаттығу «Қызыл өрік».

Қорытынды:Топтарға жемістер тарату.

Кетпей тұғын мәңгі естен

Осымен, біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - деген нақыл сөз бар. Айтқанымыздай, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!























Тақырыбы: « Президент-біздің көшбасшы»
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Дамытушылық: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта
Түрі: тәрбие сағаты
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .
Слайдтар бойынша түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.

Диас:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Жасмин:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Динара:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Диас:
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Астанаға саяхат
Астана-Отанымыздың жүрегі.
Астананың көркем жерлері туралы айту. Басқа елдің президенттерінің Астана туралы айтқан пікірлері
Астана күні. (Оқушылар пікірін тыңдау)
Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз.
БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА
Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Оқушылардың өлеңдерін тыңдау.
Мирас:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Есентемір:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Данияр:
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні
Сабина:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Асылжан:
Қазақстан – кешегі әз әуен,
Қазақстан – бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар,
Қазақстан – қастерлі қазағым

Тәрбиеші:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Үйге тапсырма «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильм тамашалау.





























Тәрбие сағатының тақырыбы: « Денсаулығың өз қолыңда»

Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ жоспары:

1. Денсаулық-зор байлық

2. «Құрастыршы адамды»

3. Дәрумендер пайдасы

4. Жұмбақ шешу

5. Не білдік? Не үйрендік?

6.Қорытынды.

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбер құру.

Кіріспе.

1.Денсаулық зор байлық

 -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. Жыл сайынғы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты.

Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Денсаулығың-өз қолыңда» деп аталады.

1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
 5.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
  Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
 Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Денсаулық- адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық- дұрыс тамақтану.
Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық- таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық- тазалық сақтау.
Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық- тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу.

Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.

Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

« Темекі құрамындағы зиянды заттар» Есентемір әңгімелейді
Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр түтін арқылы адам өкпесіне түседі.Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітейді.Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.
Қорытынды:
Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды. Сондықтан да темекіге жол жоқ!!!

Есірткі. Кенжебаев Диас
Есірткі- ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде.Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.
Есірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып, адам денсаулығына зияе келтіреді.

Ерасыл ішімдік туралы әңгімелейді.

Ішімдік - Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр ауруына ұшырайды.
Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!( Бәрі қосылып)

2. « Құрастыршы адамды».

Олай болса,балалар,тақтаға назар аударайық, не көріп тұрсыңдар? Дұрыс, адам бейнесі. Адамның денесінде неше мүше болады екен? (12 мүше).

Балалар,адамның дене мүшелеріне қатысты жаттығулар,түрлі ережелер болады екен,сіздерге біздің оқушылар сол ережелерді айтып, көрсетеді.

Шаштың құрылымы мен күтімі туралы Жасмин әңгімелейді.

Көз күтімі мен жаттығуларды Ерасыл айтып береді.

Мұрын және оны таза ұстау туралы Әли айтады.

Ауыз қуысын бізге Динара айтып береді.

Құлақ күту ережелерін К.Диас әңгімелейді.

Балалар, біздің арқамызда алақанның жылуын жақсы көреді екен. Бір-біріміздің арқамызға массаж жасап берейік!

Қолды жуу ережелерімен Мирас таныстырады.

Аяқ жуу мен күту ережелерін Диас Омаров айтып береді.

Адамның дене мүшелері бір бірінен сұрайды

Қай уақытта дем алатындары туралы

Сонда: Бас, аяқ, қол «ұйықтағанда»дейді.

Асқазан «тамақты қорытып болғанда» деп

Бәрі айтып болады.

Жүрек қана үндемейді.

Бәрі таң қалып:»Сен өмірге келгелі тоқтаусыз жұмыс істейсің. Қай уақытта дем аласың» деп.

Мен «ЖАҚСЫ ЖЫЛЫ, МЕЙІРІМДІ сөздерді естігенде дем аламын» депті.

Бір бірімізден жақсы сөздерді аямайық!

Жүрегіміз дем алсын.Келіңіз,бұл сөздерді бір-бірімізге жиі айтып тұрайық!

Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ

Қақпаға туралап
Теп допты сол аяқ

Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу, оңай-ақ.

Денені, беті – қолды, киіміңді әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.
Адам не үшін жуынады?

Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Әли
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай.
Асылжан

Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қиын сыннан қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Диас

Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.

Ал, балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А – Б, А – Б.

Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды .

1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

—         Қыс мезгілі.

—         Қыс айларын атаңдаршы?

—         Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

—         Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

—         Суық болады, қар жауады, боран соғады.

—         Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?

—         Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.

—         Балалар сендер қыс мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?

—         Көкөністерден, жеміс-жидектерден.

—         Жемістер қайда өседі?

—         Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.

—         Көкөністер қайда өседі?

—         Бақшада өседі.

—         Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.

—         Балалар мына суреттердегі  жемістерді атаңдаршы? /көрсету/

—         Ал енді көкөністерді атаңдар?

—         Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.

—         Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

3. « Дәрумендер пайдасы»
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету),( жемістерді иісіне қарай ажырата білу)
Сұрақтар.

1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Мысалы:«А» дәрумені:  қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .

Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді. «А» дәрумені. Ол асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда болады. Оны күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат береді.(Жасмин)
«В» дәрумені. Ол балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде болады. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. (Динара
«Д» дәрумені. Ол жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта болады. Оны қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектері мықты болып өседі. (Медет
«С» дәрумені. Ол орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта болады. Оны жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, сендерге өте қажет. Денсаулық мықты болып өсу үшін «С» витаминімен дос болыңдар. (Ерасыл) 

А - сы қажет көзіңе, 
В - сы қажет жүйкеге 
С - дан микроб безінер, 
Д - сүйекті нығайтар, (Есентемір) 
А - болады асқабақ, 
Өрік, айран, салатта, 
В - балық, картоп, асқабақ, 
Сиыр еті, жаңғақта, (Дәулет) 
С - апельсин, алмұртта, 
Д - балық майында, 
Е - қарақаттан табылар. (Бекболат)

Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп,қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.(Диас)

Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. (Данияр)

 Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.(Асылжан)

Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. (Сабина)

Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.(Диас Кенжебаев)

 Пияз және сарымсақ - инфекцияларды жояды.
Айран, сүзбе, ірімшік - тістің саулығы үшін пайдалы,

Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
Қауын - жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 

Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

4. Жұмбақтар шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)


2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)


3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)


4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)


5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)


Бәтеңкесін, полтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)


Көзінен жас кетпейді
Балалардан шетпейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)


Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)

4.Не білдік? Не үйрендік?

- Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?
Жүректен - жүрекке
Апайларға, кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.
-Деніңіз сау болсын!
-Күн сізбен бірге болсын!
-Жаныңыз сұлу болсын!
-Таза су сізге күш қуат берсін!

Қорытынды.

Балалар, Тәуелсіздігіміздің 26-жылдық мерекесі қарсаңында жақсы тілек айтып жіберейік.

Еліміздің болашағы, жарық жұлдыздары , білгір де алғыр, салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығын қадірлей білетін , Қазақстан болашағына үлес қоса алатын мықты азаматтар болып өсетіндеріне сенім білдіреміз. Сау- саламатта болайық!






Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырғандығы туралы мағұлмат беру
Дамытушылық - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
түсуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру бөлімі
1. Кіріспе сөз:
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі.
Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ
Тәрбиеші: Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты
Тәрбиеші : Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік.
Әзір титтей бойымыз
Әзір балаң ойымыз
Тек қуамыз ойын біз
Ұзарады бойымыз
Толысады ойымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз
10 – ға толған батырмыз
Кел, қанекей, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар
Барлығың ден қойыңдар
Атты баптап
Түсеміз біз көкпарға
Күш болмаса өзіңде
Қаларсың аунап көк шаңға
Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ер балалар көкпар ойынын ойнайды.
Бәйге міне басталды
Қосылдым менде шетінен
Озып шықсам егерде
Әжем сүйер бетімнен
Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Қалған оқушылар бәйге ойнына қатысады.
Ала алмасаң теңгені
Мазақ қылар көпшілік
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік
Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ теңге алу ойынын көрсетеді.
Кімнің көзі қырағы
Жамбы атуға шығады
Кім тигізсе жамбыға
Сол елінің ұланы
Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ жамбы атудан жарысқа түседі.
Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда
Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ойыншылар күреске шығады.
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық

Тәрбиеші: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.
Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. Осының бәрі сауатын ашады. Бұл ойынды үлкендер де балаларда айтады. Бұл ойын кішігірім сабақ, дәріс.
Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

Қорытынды сөз:

Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
















































Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты
















«Отбасы менің тірегім »

Тәрбие сағаты

8-сынып











Өткізген : Г. Кенесова







2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» .
Мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік:әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.
«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 8 сынып оқушысы Макуова Диана, Табынбый Арман.
Ұйымдастыру кезеңі: Бұл сайыс 8 сынып арасында өтеді. Ойын 4 турдан тұрады, әр турдың өзіндік шарттары бар. Іске сәт!
I тур
Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып
мақал - мәтел тауып айту.
1. Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
2. Бір ғажап бар тілі жоқ.
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)
3. Күміс қазықтың асы алтын. (Тіл мен сөз)
4. Жаңалықты үн - түнсіз таратады,
Барша жұртты бір өзіне қаратады. (Газет)
5. Үсті шарбақ,
Асты шарбақ,
Ортасында тұрар сарнап,
Жалғыз бармақ. (Тіс пен тіл)
6. Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең)
II тур
Шарты: Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғстыру.
1. Жалақ кісі тілден жазар,... (таз кісі қолынан жазар).
2....(Тіл – буынсыз), ой – түпсіз.
3....(Тіл – шекер), бала кетер, байлық бекер.
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...(қымбат сөз ауызға түсе бермейді).
6. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,...(тілімнен сүріндірме).
III тур
Шарты: М. Қашқари жинаған түркі мақал - мәтелдерінің мағынасын ашу.
Баланың ісі іс болмас,... (лақтың мүйізі сап болмас).
Кең тігілген тон тозбас,... (кеңесілген іс бұзылмас).
Бір - бірлеп мың болар,... (тама - тама көл болар).
Далада бөрі ұлыса,... (үйдегі иттің бауыры солқылдар).
Қас батыр өкініші жаңбырдай,... (білімі мірдің оғындай).
IV тур
Шарты: Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.
1. Анасын... арқалап барса да қарызын өтей алмайды.
2. Жақсы әке жаман балаға.. жыл азық.
3.... атасын білмеген жетесіз.
4.... рет өлшеп,... рет кес.
5. Қыздың... жаны бар.
6. Жігіттің... жұрты болады:
Ата жұрты – күншіл,
Ана – жұрты сыншыл.
Қорытынды: Еліміздің болашағы,үміт артар жігіттері болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз әрдайым ашық, еңселеріңіз биік болсын!

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.





















Тақырыбы: «Отбасым менің тірегім».
Мақсаты:

Білімділік:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

 Дамытушылық:Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

 Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

              Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы менің тірегім» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бастаймыз.
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Жұмбақ шешіп көреміз бе?
Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

Балалар, ата-аналарымыз туралы пікірлеріңзді тыңдап көрейікші:

Назгүл: Адам- жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады 
Бекзат: Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі. 
Арман:Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады. 
Маншүк:Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек. 
Ержан: Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. 
Ақжүніс:Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы. 
Аружан: Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді. 

«Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.


Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.
















Өткізген «Не үйрендік? Не білдік?» тәрбие сағатына талдау.



Өткізілген тәрбие сағатында оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, сөйлеу шеберлігін, тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Денсаулықтың достарына нелер жататыны, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет екенін, денсаулықтың қастары не екенін, салауатты өмір салтын сақтау,зиянды әдеттердің денсаулыққа кері әсері туралы ағзаға қажетті дәрумендер, жемістер, көкөністердің адам денсаулығына пайдасы жайлы кең көлемде түсінік беріліп, оқушылар өз білімдерін ортаға сала білді. Есентемір темекінің зияны туралы әңгімелесе, есірткі зияны туралы Диас баяндап берді,Ерасыл алькоголь зиянын ұғындырды. Сергіту сәті өткізіліп, жұмбақтар шешу кезеңінде Диас, Мирас, Дәулет алғырлық танытып, бірден шешуге ұмтылды.

Нәтижесінде: Салауатты өмір салты бойынша білімдері толықтырылып, Тәуелсіздік мерекесіне орай балалар құттықтау жолдап, бір-біріне тілектер айтты.






















Өткізген «Ұлттық ойын-халық мұрасы»

тәрбие сағатына сараптама.


Балаларға халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен –кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат берілді. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұны түсіндіріліп, жарыс түрінде өткізілді. Көкпар,қыз қуу, теңге алу,жамбы ату,күрес ойыны,бәйге ойыны сынды қазақтың көптеген ұлттық ойындары бос уақытын тиімді пайдалануға, салт-санасын біліп өсуге,тілді дамытуға көп жәрдемдесетіні жеткізілді.

Нәтижесінде: Балаларға ойын- адамның ой-өрісін дамытатынын, оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызының зор екенін түсінді.






















Өткізген «Туған жерім –Ақтөбем»

тәрбие сағатына сараптама.


Оқушыларға Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыра отырып, оқушылар бойына ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее