«Зимний фестиваль знаний 2025»

Әдебиет пәнінен " Халқына адал бол" 4 сынып

әдебиет пәнінен сабақ жоспары. Өте қызықты сабақ.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Халқына адал бол

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Сабақтың мақсаты:халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру. 

Міндеттері:- оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу;  сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет:  «Ой қозғау»,  «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қазақ халқы аталы сөзді, шешендікті аса жоғары бағалаған халық. Небір бітімсіз дау- жанжалдың шешімін екі-ақ ауыз сөзбен айтып тындыру, ойлы да озбыр, отты сөздерді суырып салып айту- қазақ тарихында көп болған. 
Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі. 
Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды. 
Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Сөз туралы бөлтірік шешен: 
Сөзден тәттә нәрсе жоқ, 
Сөзден ащы нәрсе жоқ. 
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды. 
Шешендер- «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. 
Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған. 
Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған. 
Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан. 
Би- халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. 
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке, 
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді. 
Бірі күн, бірі туған айдай болып, 
аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз. 
Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды.
Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған. 

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс

Кітаппен жұмыс. Төле бидің төрелігін оқып, мағынасын ашу. 
Көрініс: Үш би. 
Толғауларын оқытып, берілген тақырып бойынша мағынасын ашу. 
Үнтаспадан толғауларын тыңдату. 

Үйге тапсырма

Билер туралы мәліметтер жинақтау,оқулытағы тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее