«Зимний фестиваль знаний 2025»

БжС технологиясы Сабақтың тақырыбы: 2 санына көбейту және бөлу

БжС технологиясы ашық сабақ 2-сынып. Математика сабағынан балаларды бағалауға тиімді тәсіл. Сыныптағы барлық оқушы бағаланып шығады және өз ойларын жеткізіп, дәлелдеуге үйренеді.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сыныбы: 2 «Ә» Пәні: Математика Күні: 20.04.2017ж
Сабақтың тақырыбы: 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Көбейту,бөлу амалдары жайлы білімдерін тиянақтау. 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру, жұп және тақ сандарды ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділікті, ұжымда жұмыс істеу қабілетін, өзін және сыныптастарын бағалай білу біліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кесте суреттер
Сабақтың технологиясы: БжС технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин)
1. Амандасу
Қазақтың жері кең-байтақ,
Биік-биік таулары бар.
Терең-терең көлдері бар,
Көп-көп балықтары бар,
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Оқушылардың жеке құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Математикалық диктант (5мин)
-1-сыныптан бері қандай амалдармен таныспыз?
- Енді қандай амалдармен танысып жатырмыз?
-Көбейтудің компоненттерін ата?
-Бөлудің компоненттерін ата?
- 2*3 нешеге тең?
-5*2 нешеге тең?
-2*4 нешеге тең?
ІІІ. Жаңа сабақ.α- қызыл түс,β-жасыл түс ,γ- көк түс топтарына бөлеміз.
Жаңа сабақты түсіндіру.
2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру.Қоянның суретін беру арқылы әр секірген сайын екі бірліктен қосып отыру.
2*2=2+2 2*3=2+2+2 2*4=2+2+2+2 2*5=2+2+2+2+2 2*6=2+2+2+2+2+2 екенін түсіндіру.
Амалдар төрттігін құрастыру. 9*2=18 2*9=18 18:2=9 18:9=2
1-есеп
Есептердің шешуін жаз.
ТКШ
а) Бір қорапта 6 қарындаш бар.Осындай 2 қорапта қанша қарындаш бар?
1 қ-6 қ Ш: 6*2=12
2 қ-? қ Ж: Осындай 2 қорапта 12 қарындаш бар.
ә) 6 о-12 д Ш: 12:6=2
1 о -? д Ж:Әр оқушы 2 дәптерден алды.
2-есеп 20-ға дейінгі жұп және тақ сандарды жаз. АКШ
2,4,6,8,10,12,14,16,18,20. 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19.

3-есеп ЖКШ Жылдамдыққа өрнектің мәндерін тап. (10 мин)
6*2=12 5*1=5 12:2=6 9*2=18 4*2=8 10:2=5 5*2=10 8*2=16
8:2=4 9*1=9 7*2=14 18:2=9 2*2=4 14:2=7 2:2=1 6:2=3

Топтық жұмысты қорытындылау. α= ? β= ? γ=? топтарының ұпайын анықтап, сапа шығару. (3 мин)
Үй тапсырмасы: 193- бет 4,5-есеп
Бағалау. Оқушыларды алдында жиналған смайликтері арқылы бағалау.

Қорытынды:

БжС технологиясы ұнай ма?

Несімен ұнайды?

Несімен ұнамайды?































Астрахан №1 орта мектебі










Сабақтың тақырыбы:














Орындаған: Имантаева А.К 2 «Ә»сынып
Тексерген: Оқу ісінің меңгерушісі: Ахыт Е




2016-2017 оқу жылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее