«Зимний фестиваль знаний 2025»

Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артынан өшпес мұра қалдырған ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың бірі- Бұхар жырау Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары


Оқушының аты – жөні: Зухарнаева Камила 7 «А»

Мұғалімнің ата – жөні: Батталова Алия Омиржановна

Облысы: Қарағанды

Қала:Балқаш

Мектептің атауы: «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясы»


«Екпіні зор, рухы биік, айрықша көркем Бұқар толғаулары төрт ғасырлық тарихы бар жыраулар поэзиясының серек шыңы ғана емес, түйінді ұйытқысы болды». М.Мағауин

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артынан өшпес мұра қалдырған ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың бірі- Бұхар жырау Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.
Бұхар жырау- қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Жыраудың поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние, таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс. Жырау шығармалары жеткізер дүние жеке адамның көріп-біліп, көкірекке түйгенінен әлдеқайда кең жатыр, оның шығармалары- тұтас халықтың сезім-күйі, ой-өрісі, тарихы мен тағдыры.
Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақпаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің,- деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт  етер»,- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді.Адамды игілікке баулитын тәрбиелік мәні зор нақылдары бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтпаған. Олар халық жадында берік сақталып, осы күнде де кеңінен қолданылып жүр.

Мысалы:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиын жоқ 
-деген жыр жолдарын бүгінде жиі естиміз.
Қариясы кімнің бар болса-
Жазулы тұрған хат болар.
-деген афоризмі де қолданыста жүр.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас
-деген афоризм осы күнде өз орнында қолданылуда десем де болады. Жыраудың:
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,
Күндердің күні болғанда 
Кімдер де кімнің белі бүгілмес

-деген нақылдары бүгінгі күнде өз ата-аналарынан бас тартып, қариялар үйіне көш түзеген жастарымызға дәл тауып айтылған ақыл.
Бұхар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін адамгершілік мәселесін көтерген нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.Бұқар жырау мұрасының маңыздылығы, жыр-толғауларының қымбаттығы, асылдығы –оның орта ғасырлық қазақ жыраулық поэзиясының ең бір асыл үлгілерін соңына өлмес мирас еткендігі.Өз заманының ғана емес, бірнеше заманның куәсі бола отырып, жасы жүзден аса өмірден өтіп, еліміздің қиын-қыстау кездегі жағдайын, батырларымыздың образын, хандарымыздың тұлғасын сомдай отырып, артына өшпес мұра қалдырды.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее