«Зимний фестиваль знаний 2025»

Бөлімнің жиынтық бағалауы: Отбасындағы дәстүр мен мерекелер

Суммативное оцение по предмету "Казахский язык и литература" в 5 классе в школе с неказахским языком обучения.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки


«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқушының аты-жөні:_______________________________________

Сыныбы: ________________________________________________

Күні, айы:________________________________________________


1-тапсырма.


Мәтінді мұқият тыңдап, дұрыс ақпаратты белгiлеңiз.


1. Асан - менiң ағам

2. Yміт - менiң анам

З. Әсел – менiң сiңілiм

4. Айдос - менiң iнiм

5. Өмiрбек – менiң атам

6. Аружан - оның әпкесi

7. Мақпал - оның анасы


2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.


Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.

Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.

Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.

Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.


Ақпараттар

+ дұрыс

- бұрыс

Мақсаттың әкесі әбден қартайды.



Ұлы мен келіні атасына тамақты бөлмесіне апарып берді.



Қарт ыдысты сындырып алды.



Мақсат темірмен ойнап отырды.



Ұлы мен келіні атасына қамқорлық жасайтын болды.




3-тапсырма

Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз (әр жұпқа 2 минут беріледі).


  1. Менің отбасым (отбасы мүшелері).

  2. Отбасының дәстүрлері (қазақ халқының дәстүрлері, мерекелер).

  3. Отбасының мерекелері (туған күн, жаңа жыл, жеңіс күні)

«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушының аты-жөні:




Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын белгілейді

Мәтінге сай ақпараттарды анықтауда қиналады

Мәтінге сай бірінші, екінші, үшінші ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді

Мәтінге сай ақпараттарды анықтайды

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтайды

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қиналады

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қателіктер жібереді

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтайды

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда, сұрақтарға жауап беруде, диалогке қатысуда қиналады

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда, сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. Шағын диалогке қатысу белсенділігі орташа

Тақырыпқа қатысты сұрақтарды қояды, сұрақтарға сай лайықты жауап береді, шағын диалогке еркін қатысады



«________» балл «_________» пайыз баға: «_________»






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее